Көбейтіндіні санға бөлу. Есептерді шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

94 сабақ. Тақырыбы: Көбейтіндіні санға бөлу. Есептерді шығару

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырханова

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде: (ab)c=a(bc);

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Қосынды мен көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу ережесін білу

Оқушылардың көпшілігі:

Көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c)=ab+ac;a(b–c)=ab–ac;қосындыны санға бөлуді(а+в):с көрсетуді және қолдануды біледі.

Оқушылардың кейбірі:

Өз бетімен тиімді тәсілдерді табу және олардың теориялық негізін түсіндіруді біледі.

Бағалау критерийлері

Кестеден тыс жағдайлардағы көбейту мен бөлудің

ауызша есептеу алгоритмін түсіндіре алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Амалдың қасиеті

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Көбейтудің қандай қасиеттерін білесің?

Құндылықтар

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейтіндіні санға бөлу

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.

Кіріспе тапсырма.

«Нысана»

(Ұ.Ж) «Нысана» ойыны ойнау арқылы көбейту кестесін есімізге түсіреміз.Нысанаға мәні тоғыз болатын өрнектің жебесі ғана тиеді.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»т.с.с

Суретті жұмбақ

(Ұ.Ж.) Суретті жұмбақ. Оқушылар суретті жұмбақтың шешуін табады.

  • - Көбейтіндіні санға қалай бөлуге болады? (Оқушы пікірін тындау)
  • -Бүгінгі сабақта не туралы айтамыз деп ойлайсыңдар?

Слайд №2

Слайд №3

Слайд №4,5

Сабақтың ортасы

(Т.Ж.) Есепті шығарып көр. Әрбір топқа әртүрлі тапсырма беру. Оқушылар алдымен есепті түсініп оқиды.Оқушылар қажет болған жағдайда есептің сызбаларын сызып, қандай амалдар қолдану керектігін талдайды. Ортақ шешімге келіп, ламинатталған парақтарға қысқаша шартын немесе сызбасын, шешуін, жауабын жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, келесі топқа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Дайын жауап арқылы оқушылар тексеріп, бағалайды.Оқушылар бұл тапсырмаларды арқылы көбейтіндіні санға бөлуге байланысты есесптерді шығаруды үйренеді.

Тапсырма:

1-топ

5 жәшікте 40 кг-нан кепкен алма бар. Барлық кепкен алманы 10 қалтаға тең бөліп салынды. Әр қалтаға неше килограмм кепкен алма салынған?

2-топ

4 себеттің әрқайсысына 3 кг-нан қарақат салынған. Қарқатты 2 қорапқа бөліп салды. Әр қорапта қанша килограмм қарақат бар?

3- топ

8 қапта 40 кг-нан пияз бар. Барлық пиязды 20 жәшікке бөліп салды. Әр жәшікте неше килограмм пияз салынған?

«Смайлик» арқылы бағалау

(ЖЖ) Жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Есептерді екі тәсілмен шығарады. Есепті шығарған соң, бірнеше жұпқа өз шешімдерін тақтаға жазып көрсетеді. Екінші тапсырманы өз бетінше орындау.

Тапсырма: Есепті екі тәсілмен шығар.

4 қорапта 30 кг қант бар. Барлық қант 15 қалтаға бөліп салынды. Барлық қантты салу үшін қанша қалта қажет болды?

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Есеп құрастыр

(Т.Ж) Оқушыларға өрнек жазылған тапсырма беру. Оқушылар өрнек бойынша есеп құрастырады. Құрастырған есептерінің қысқаша шартын немесе сызбасын ламинатталған параққа жазады. Есепті шығарады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз есептерін ұсынады. Топтар бір –бірін жауаптарын салыстыра отырып тексереді.

Тапсырма:

Өрнек бойынша есеп құрастыр және шығар.

(60·2):3

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Амалдарды орында

(Ө.Ж) Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушыларға мысалды өз бетінше шығаруды. Тапсырманы орындаған соң оқушылар дәптерлерін бір-бірімен ауыстырады. Дайын жауап арқылы өзара тексеру жүргізеді.

Тапсырма:

15·3+42:3 18·2+12·5

75:5·3+44 84:21·5-63:21

«Смайлик» арқылы бағалау

Ақиқат немесе жалған

(Ұ.Ж.) Оқушыларға есепті оқып беру. Ал оқушылар оның ақиқат не жалған екендігін анықтайды. Өздерінің таңдауларын олар «А» - «ақиқат» - ақиқат бекіту, «Ж» - «жалған» - жалған бекіту таратпа қағаздары арқылы көрсетеді.

Тапсырма:

А) 3 бірдей қорапта 10 кг-нан мандарин бар. Дүкенші барлық мандаринді 2 сөреге қойды. Әр сөреде 15 кг мандарин бар. (А)

Ә) Бір жүйектен 13 қияр, ал екінші жүйектен 27 қияр жинады. Оның жартысын тұздады. Қанша 27 қияр қалды. (Ж)

Б) Асан 3кг қызанақ , ал Сәуле одан 3 есе артық қызанақ жинады. Қызанақтың жарысын әжесіне апарып берді. Балаларда 6 кг қызанақ қалды. (А)

В)Автобуста 15 жолаушылар келе жатты. Аялдамада

5 адам түсіп, 9 адам мінді. Енді автобуста 19 адам болды. (А)

Г) Үйректің салмағы 5 кг, ал тауықтың салмағы одан

3 кг кем. Үйрек пен тауықтың салмағын бірге алғанда

8 кг болады. (Ж)

«Отшашу» әдісі арқылы бағалау

Ламинатталған парақ, маркер

Слайд №6,7

Слайд №8,9

Слайд №10

Слайд №11

Слайд №12,13

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Еркін микрофон» әдісі

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

- Көбейтудің қандай қасиеттерін білесің?

Слайд№14



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу