Қалдықпен бөлу алгоритмі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№96 сабақ. Тақырыбы: Қалдықпен бөлу алгоритмі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Қалдықпен бөлудің алгоритмін үйренеді;

Оқушылардың көпшілігі:

Есепті тексеруді орындау үшін не істеу керек екенін түсіндіре алады.

Оқушылардың кейбірі:

Оқушылар натурал санға бөлгенде, үнемі қалдық бөлгіштен кем

болатынын дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері

Қалдықпен бөлудің алгоритмін түсіндіре алады;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: қалдықпен бөлу алгоритмі, қалдық, қалдық бөлгіштен аз.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Заттарды қалай ортасынан тең бөлуге болады?

Оларды тең ортасынан бөле алдың ба?

Қанша зат қалды?

Оны неге тең бөле алмадың?

Бөлген кезде қандай қалдық қалуы керек?

Құндылықтар

Адамгершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Қалдықпен бөлу

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындақ

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу

Кіріспе тапсырма.

.Ж) Әрбір топқа қалдықпен бөлуге арналған тапсырма таратып беру. Тапсырманы орындаған соң, оқушылар қалдықпен бөлуді орындаудың әр қадамын параққа жазып, алгоритм құрастырады.

Тапсырма: Суретін сал және мысалды жаз.

А) Алқапта 13 көбелек ұшып жүр. Әр гүлге 3 көбелектен қонды. Неше гүлге көбелек қонды және қанша көбелек артылып қалды?

 Ә)Тәрелкеде 11 алма бар. Оны 4 қалтаға бөліп салды. Әр қалтада неше алма бар және неше алма артылып қалды?

Сөздік бағалау жүргізу «Жақсы», «Жарайсың» т.с.с

-Әрбір қалдықпен бөлуге арналған есепті шығару үшін, суретті қолданбай, қалай есеп шығаруға болады?

-Қалай ойлайсыңдар бізге не көмектеседі? (Алгоритм)

*Қалдықпен бөлудің алгоритмі:

Мысалы: 11 : 5

1. 5-ке бөлінетін 11-ге дейінгі ең үлкен санды табамыз. Ол - 10 саны.

2. 10-ды 5-ке бөлсек, бөлінді 2-ге тең болады.

3. 11-ден 10-ды азайтсақ, 1 қалдық қалады.

4. Тексереміз, қалдық бөлгіштен кем болуы керек.

Слайд №2

Слайд №3,4

Слайд №5,6,7

Сабақтың ортасы

Бөлуді орында

.Ж)Жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар қалдықпен бөлудің алгоритмін қолданып мысалды шығарады және тексереді. Тапсырма орындалған соң, бірнеше жұп мысалдардың шешуін тақтада көрсетеді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар қалдықпен бөлу алгоритмін пайдаланып есеп шығарып дағдысын қалыптастырады.

Тапсырма:

*Қалдықпен бөлуді тексеруді былай талдаймыз: алдымен қалдықты бөлгішпен салыстырамыз, содан соң бөліндіні бөлгішке көбейтіп, оған қалдықты қоссақ, бөлінгіш шығады. Мысалы:

48 : 7 = 6 (6 қалдық)

1. 6 ‹ 7

2. 6 ∙ 7 + 6 = 48

3. 48 = 48

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Қалдықпен бөлу

(Ж.Ж) Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, кейбір жұптар қалай орындағаның тақтаға түсіндіріп береді.Жұптар арасында өзара тексеру жүргізу.

Тапсырма:

3:5= 7:8= 7:12= 4:9=

«Смайлик» арқылы бағалау

Мысалы: 3-те 5 саны бір рет те бола алмайды. Демек, бөлінді 0-ге тең және 3 қалдық қалады, яғни 3:5=0(қалдық 3) Тексеру: 5·0+3=3

*Есіңе сақта!

3 : 5 = 0 (3 қалдық)

Тексеру: 5 ∙ 0 + 3 = 3

Сәйкестендір

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар суретке сәйкес келетін мысалды табады және сәйкестендіреді Бұл тапсырма арқыла оқушылардың қалдықпен бөлу дағдысын қалыптастырады.

Тапсырма:

7 : 3 = 2 (қалд.1) 5 : 2 = 2 (қалд.1) 7 : 2 = 3 (қалд.1)

10: 3 = 3 (қалд.1) 10 : 4 = 2 (қалд.2) 8 : 3 = 2 (қалд.2)

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Шығарып көр.

(Т.Ж) Тапсырманы топтық жұмыс арқылы жалғастыру. Оқушылар есепті оқиды, талдайды, шығарады. Ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қорғайды. Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді.

Тапсырма:

А) Сынып кітапханасында 210 кітап бар. Сыныптағы әрбір оқушы 2 кітаптан оқуға алды. Егер сыныпта 26 оқушы болса, қанша кітап қалды?

Ә) Мұғалім сыныпқа 100 дәптер әкелді.22 дәптерді шкафқа салды да, қалған дәптерлерді 26 оқушыға бөліп берді. Әрбір оқушы неше дәптерден алды?

Б)Айжан 56 сәбізді 6 көжекке тең бөліп берді. Әр көжекке неше сәбізден тиді және неше сәбіз артылып қалды?

«Смайлик» арқылы бағалау

Мысалды орында

(Ж.Ж) Оқушылар мысалдардың ішінен қалдықпен бөлуге берілгенің табады және шығарады. Тексереді.

Тапсырма:

72:3= 42:3= 40:9= 32:7 = 70:8=

Сөздік бағалау жүргізу «Жақсы», «Жарайсың» т.с.с.

Ойлан, тап

(Ж.Ж)Оқушыларға бөлгіші- 7, қалдығы 3 болатын 4 мысалды жұпта құрасытуға тапсырма беру.Тапсырманы орындаған соң, жұптар арасында өзара тексеру жүргізу.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Слайд №8,9

Слайд №10

Таратпа қағаздар.

Слайд№11

Слайд

№ 13,14

Слайд №15

Слайд№16

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Білім ағашы»

-Мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл – күйім көтеріңкі.

-Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

Түрлі түсті стикерлер

Слайд №17



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу