Күрделі теңдеулерді шешу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу № 101 сабақ. Тақырыбы: Күрделі теңдеулерді шешу | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | ||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.2.2.көбейту мен бөлуге берілген құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6; х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу. | ||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||
Бағалау критерийлері | Құрылымы күрделірек теңдеулерді шешуді түсіндіріп бере алады. | ||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||
Құндылықтар | Жұппен және топпен жұмыс үстінде ұйымшылдыққа, өзара көмек беруге дағдыландыру. | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Тапқырлыққа арналған тапсырмада логикамен байланысады. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі. | ||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындық Ойға толсын санамыз, Бестік болсын бағамыз. Баласындай бір үйдің, Тату болсын арамыз. Кіріспе тапсырма. Сәйкестендір (Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.Оқушылар тапсырманы жұбымен кезектесе отырып, теңдеуді шешеді. Содан соң теңдеу мен оның түбірін тауып сәйкестендіреді. Дайын жауап арқылы жұптар арасында тексеру жүргізу. Тапсырма: а)(18+а):3=14 а=30 ә)(16+а):4=9 а=72 б)(а+60):6=15 а=20 100-(а:24)=97 а=24 «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу Теңдеуді құр және шешуін тап (Т.Ж) Әрбір топқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар алдымен жұптасып теңдеуді құрады және шығарады. Содан кейін топта талқылап, ортақ шешімге келеді. Дұрыс теңдеуді таңдайды да, ламинатталған параққа жазады. Топтан бір оқушы шығып, теңдеуді құру мен түбірін табу жолдарын түсіндіреді. Басқа топтар салыстыра отырып, тексереді. 1-топ 29 бен а-ның қосындысын 7-ге бөлгенде 8-ге тең. 2-топ (а+42):8=9 а мен 42-нің қосындысын 8-ге бөлсе 9 шығады. 3-топ (76-а)·8=400 76 мен а-ның айырмасын 8-ге көбейтсе 400-ге тең. 4-топ 21:(а-11)=3 21-ге а мен 11-дің айырмасын бөлгенде мәні 3-ке тең. «Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізу | Слайд №2 Слайд №3,4 Слайд №5,6,7 | |||||||
Сабақтың ортасы | Әріпті өрнекті салыстыр (Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар әріпті өрнекті салыстырады. Саралау үшін жекелеген оқушыларға өз бетінше салыстыруларды құруды тапсыру. Тапсырма орындаған соң жұптар бір –бірінің жұмысын тексереді. Содан кейін өрнекті құрастырған жекелеген оқушылардың жұмысын тексеру, бағалау. Тапсырма: 25·b* b·52 28:c*c:4 x:12* x·6 50:y*4·y «Смайлик» арқылы бағалау жүргізу Конверттегі сұрақ (Ұ.Ж) Әрбір оқушыға арнап конвертке мысалдар жазып салу. Конвертті оқушыларға таратып 2 минут уақыт беру. Оқушылар кезектесіп стикерде өз атын, мысалдың жауабын жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқу (аттарын атамастан). Сынып оқушылары жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды. Мысалдар: 300 ∙ 2 60 : 3 13 ∙ 3 68 : 2 72 : 12 2 ∙ 500 600 : 60 2 ∙ 86 70:1 386:2 132·3 800:8 6·38 20·20 900:100 15·4 200·4 40:40 60:5 33·3 Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Керемет», «Өте жақсы» т.с.с Теңдеу арқылы шеш (Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар есепті оқиды. Содан соң периметрдің формуласын еске түсіреді. Периметрдің формуласын пайдалана отырып, белгісіз қабырғасы b қалай табатындығын білеміз. Оқушылар белгісіз қабырғасын теңдеу құру арқылы табуды. Теңдеуді құрады, шығарады, түбірін табады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар периметр туралы алған білімдерін пысықтайды. Тапсырма: Тіктөртбұрыштың периметрі 80м, ал ұзындығы 24м Тіктөртбұрыштың енін тап. P=(a+b)·2 80=(24+b)·2 (24+b)·2=80 24+b=80:2 24+b=40 b=40-24 b=16 Жауабы: тіктөртбұрыштың ені 16 м. «Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу Елші (Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, шығарған есепті түсіндіреді және жинақтайды, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қорғайды. Қалған оқушылар салыстыра отырып тексереді. Тапсырма: Дүкенде түске дейін әрқайсысында 3кг –нан 3 жәшік пияз сатты, ал түстен кейін 54кг сатылды. Барлығы неше килограмм пияз сатылды? «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу Ойлан,тап (Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар жұбымен теңдеудің шешеді, түбірін табады. Жұптар сағат тілінің бағыты бойынша дәптерлерін ауыстырады. Дайын жауап арқылы бір –бірінің жұмысын салыстыра отырып тексереді.Қателескен оқушыларға жеке жұмыс жүргізу. Тапсырма: a)(t·3+5):4=8 ә) (2+x:7)·8=72 «Смайлик» арқылы бағалау жүргізу | Слайд №8,9 Слайд№10 Слайд №11,12 Слайд №13,14 Слайд№15 | |||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия «Алма ағашы» Оқушыларға екі түсті “алма” беру. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – Мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. | Слайд№16 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?