Теңдеулерді шешуді бекіту. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№102 сабақ. Тақырыбы: Теңдеулерді шешуді бекіту

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.2.2.2.көбейту мен бөлуге берілген құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6; х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.

Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; таратпа қағаздар, фасоль салынған қапшықты

Сабақта қолданылатын деректі материалдар

Бұл сабақта күрделі теңдеулерді шешуді бекіту керек. Мұндай теңдеуді шешу үшін амалдардың орындалу ретін анықтап, соңғы амалды табу керек, соңғы амалды оң жаққа қарама-қарсы таңбамен ауыстырсақ, оң жақта санды өрнек шығады. Оны қарапайым теңдеуге айналдырғанға дейін қайталаймыз. Содан соң теңдеудің түбірін тауып,

тексереміз.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе тапсырма

Сұрақты ұстап ал!

(Ұ.Ж) Сабақты «Сұрақты ұстап ал!» әдісі арқылы белгісіз компоненттерді табуға арналғантсұрақтар қоюдан бастаңыз. Оқушыларға сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырыңыз. Бұл сұрау оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Оқушылар жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беріңіз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы топпен де шешуге де болады. Фасольды қапшықты әрбір топқа кезек –кезек лақтыру. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда топ 3 ұпай алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа топқа 2 ұпайға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 ұпайға дейін төмендейтіңдігін ескертіңіз.Төмендегідей сұрақтар қойып көріңіз. (мұғалімнің дайындаған сұрағына қарай)

Мысалы:

1.Белгісіз бірінші қосылғышты қалай табамыз?

2.Бөлінгішті табу үшін не істейміз?

3.Белгісіз көбейткішті қалай табамыз?

4.Бөлгішті табу үшін не істейміз?

5.Екінші қосылғышты қалай табамыз?

6.Азайғышты қалай табамыз?

7.Азайтқышты табу үшін не істейміз?

8.Әріпті өрнектің мәнін қалай табуға болады?

9. Санды өрнектің әріпті өрнектен қандай айырмашылығы бар?

10.Қосудың компоненттерін ата.

11.Көбейтудің компоненттерін ата.

12. Егер теңдеу күрделендірілген болса, не істеу қажет? т.с.с

Ұпай саны бойынша бағалау жүргізуді ұйымдастырыңыз

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

1

2

3

4

5

Жалпы ұпай саны

Қай қабатта тұрады?

(Т.Ж) Әрі қарай оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар теңдік, теңсіздік, әріпті өрнек, теңдеуді ажырата алу дағдысын пысықтайды. Оқушылар теңдік, теңсіздік, әріпті өрнек, теңдеуді өз қабатына орналастыру керек. Топта тапсырманы орындап болған соң, оқушыларға тақтаға шығып, қорғауды ұсыныңыз. Топтар бір –бірін тексеріп, бағалау жүргізеді.

Жауабы:

Теңдік: 38+y=y+38; 70•1=70+0

Теңсіздік: х+6 <20; 45:r>3; b+4>c

Әріпті өрнек: (а+12):2; 34-a+4

Теңдеу: х+26=40•2; (x-12•3)+5=30

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Есепті теңдеу құру арқылы шығар

(Т.Ж)Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға есепті топта оқып, талдауды ұсыныңыз. Алдымен есептің не туралы екенін біліп алады. Не белгілі, не белгісіз екенін анықтайды. Сұрақты оқиды. Ламинатталған параққа теңдеу құру арқылы шығару жолын жазады, теңдеудің түбірін табады. Топтарға бір- бірінің жұмыстарын ауыстыруды ұсыныңыз. Тексеріп, бағалайды. Қате кеткен жағдайда кері байлансы беру арқылы қайта түсіндіруді жүргізіңіз.

Жауабы:90 тг

«Смайлик» арқылы бағалау

Кестені толтыр

(Т.Ж) Оқушыларға тапсырма жазылған кесте таратып беріңіз.Оқушыларға топта кезектесіп шығаруды ұйымдастырыңыз. Тапсырманы шығарып болған соң топтар бір- бірімен тапсырмаларын ауыстырып, дайын жауап арқылы тексереді. Бұл тапсырма арқылы күрделі теңдеуді шешу дағдысын пысықтайды.

Жауабы:

x

6

153

7

3

56:x=2·4

+

4·x=9+15

+

(x·4+6):9=2

+

(x-3):5=30

+

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Салыстыр

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.Тапсырманы алдымен жеке орындайды, сосын жұбымен дәптерін ауыстырып бірін –бірі тексереді. Бұл тапсырманы орындау арқылы өрнектерді салыстыруды қайталайды.

Жауабы:

45 • а = а • 45

с: 1 = с• 1

у : 8 > у: 16

(13+ у) • 2 > 13+ у • 2

70 : х < 90 : х

(с + х) : 5 = с : 5 + х : 5

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Ойлан, тап

(Ж.Ж) Оқушыларға тапсырманы жеке орындауды сұраңыз. Орындап болған соң дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеріп, бағалауды ұйымдастырыңыз. Бұл тапсырма арқылы оқушының өз бетінше жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

Жауабы:

а) х =2 ә) y =2

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Рефлексия

Сабақ соңында «Тазалық» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.

-Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданға салу (жазу).

-Бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салу (жазу).

-Бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салу (жазу).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу