Бекіту сабақ. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№103 сабақ. Тақырыбы: Бекіту сабақ

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.2.2.2. көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын қарапайым теңдеулерді; құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6; х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.

Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; таратпа қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар

Бұл сабақта күрделі теңдеулерді шешуді бекіту керек. Мұндай теңдеуді шешу үшін амалдардың орындалу ретін анықтап, соңғы амалды табу керек, соңғы амалды оң жаққа қарама-қарсы амалмен ауыстырсақ, оң жақта ықшамдауға болатын санды өрнек шығады. Оны қарапайым теңдеуге айналдырғанға дейін қайталаймыз. Содан соң теңдеудің түбірін тауып, тексереміз.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе тапсырма

“ Ыстық орындық”

(Ұ.Ж) Сабақты «Ыстық орындық» ойыны арқылы бастастаңыз. Теңдеу туралы білімдерімізді қайталау үшін, қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. Оқушылар кезектесіп ыстық орындыққа отырып қойылған сұрақтарға ауызша жауап береді.

Мысалы:

  • Азайғыш 76, айырманың мәні 51- ге тең, Азайтқыштың мәнін тап.(25)
  • Қосылғыштың мәні 68, бірінші қосылғыш белгісіз, екінші қосылғыш 28. Белгісіз қосылғышты тап.(40)
  • Белгісіз санға 9-ды бөлгенде, 9 шықты. Белгісіз санды тап.(81)
  • Қаздың массасы 4 кг, ал үйректің массасы х кг кем. Үйректің массасы қанша кг?(4-х)
  • Жылқы 3 шелек су ішті, бұл түйе ішкен шелек судан х кем. Түйе қанша шелек су ішті? (3+х)
  • Иттің 4 аяқпен тұрғандағы массасы 4кг болса, 2 аяқпен тұрғандағы массасы қанша?(4кг)
  • Бір шелек су 8 литр болса, 3 шелек су қанша литр болады? (24)

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың», «Тағы да жаттық», «Ақылдым сол», т.с.с

Теңдеуді шеш

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар теңдеуді алдымен жеке орындайды. Теңдеуді орындамас бұрын амалдардың орындалу ретін тауып алады. Сосын кері амал орындау арқыл теңдеудің түбірін табады. Жұбымен дәптерін ауыстырады. Бір – бірінің тапсырмасын дайын жауап арқылы тексеріп, бағалайды. Бұл тапсырма арқылы теңдеуді шешу дағдысын бекітеді.

Жауабы:

1-жұп

х=9

2-жұп

х=45

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізңіз

(Т.Ж)Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз

Тапсырманы орындамас бұрын оқушылардан аудан туралы не білетіндерін сұраңыз. Оқушылар тапсырманы топта талқылайды. Берілген фигураның ауданын табады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қорғайды. Бұл тапсырма арқылы оқушылар фигураның ауданын табуды пысықтайды.

Жауабы:36см²

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Заңдылықты тауып, қатарды жалғастыр

(Ж.Ж) Оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Оқушылар сандардың арасындағы заңдылықты анықтап , жазады. Дайын жауап арқылы өзін –өзі тексеріп, бағалау жүргізіңіз. Бұл тапсырма арқылы сандар арасындағы заңдылықты пысықтайды.

Жауабы:325,131,57,50

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

«Броундық қозғалыс»

(Т.Ж) Топтық жұмысты «Броундық қозғалыс» әдісі арқылы жалғастырыңыз. Сынып ішіне есепке байланысты мәліметтер мен ақпараттарды жазып, әр жерге іліп қойыңыз. Оқушы-лар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген есеп бойынша ақпарат жинайды. Уақыт беріледі. Уақыт біткен кезде топтар өз орындарына барады.Жинаған мәліметтерін ортаға салып, талқылап, ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, түсіндіріп береді.Бұл тапсырма арқылы есепті теңдеу құру арқылы шығаруды пысықтайды.

Жауабы: 105кг

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Қалдықпен бөлу

(Ж.Ж) Оқушыларға бұл тапсырманы жеке орындауды ұсыныңыз. Қалдықпен бөлудің формуласын пайдаланып мысалды шығарады. Жұбымен дәптерлерін алмастырады. Бір –бірінің жұмысын тексереді.

Жауабы:1)52, 2)8, 3)4, 4)

а = b ∙ c+ r формуласын пайдаланып, өрнектің мәнін тап:

  • а, мұндағы b =6, c=8, r=4
  • b, мұндағы a =26, c=3, r=2
  • c, мұндағы a =33, b=8, r=1
  • b, мұндағы a=75, c=9, r=3

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Рефлексия

Сабақ соңында «Бес саусақ» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу