Санды өрнектерді салыстыру. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№104 сабақ. Тақырыбы: Санды өрнектерді салыстыру

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.2.1.5 үш амалдан артық әріпті, санды өрнектерді салыстыру

Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; таратпа қағаздар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар

Арифметикалық амалдармен байланысқан сандар – санды өрнектер деп аталады. Санды өрнектерді салыстыру – әр өрнектің мәнін табады және оларды салыстырады.

Мысалы, 100 – 9 · 6 және 64 : 8 + 52. Есептеп, нәтижесін аламыз: 46 < 60

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе тапсырма

Жасырынған сөзді тап

(Ұ.Ж) Сабақты ұжымдық жұмыстан бастаңыз. Оқушыларға жасырынған сөзді табу үшін алдыңғы меңгерген білімдері мен амалдарды қайталауға берілген мысалдарды шығаруды ұсыныңыз. Жасырынған сөзді табу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

Жауабы:

370

180

56

68

76

с

а

н

д

ы

27

5

56

11

69

14

11

5

68

95

ө

р

н

е

к

т

е

р

д

і

370

180

65

76

370

14

76

5

33

с

а

л

ы

с

т

ы

р

у

-Санды өрнек дегеніміз не?

-Арифметикалық амалдармен байланысқан сандарды санды өрнектер деп атаймыз.

-Санды өрнектерді қалай салыстырамыз?

- Әр өрнектің мәнін табу және салыстыру.

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың», «Жақсы», «Өте жақсы» т.с.с

Сәйкестендір

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.Оқушылар жауаптары бірдей өрнектерді сәйкестендіреді. Жұптар арасында дәптерлерін ауыстырады және өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

64:8+(3·20) (7+56)+45:9

(19-24:6) +72: 12 30:6+4·4

42-56:7·4 (72:9+36)-34

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Сыңарын тап

(Т.Ж) Әрбір топқа өрнек жазылған қолғаптар таратып беріңіз. Топта қолғаптың сыңарын тауып, өрнектерді салыстырады. Әр топтан жұмысты тексеру үшін бір сарапшы таңдап алу. Тапсырманы орындап болған соң, сарапшы басқа топтың жұмысын тексереді.

Жауабы:

55:1+497·0=1 19:19-0·86=1

36+4-7·5=75 50-(21+9):5=44

48-40:8+6=51 24: (12:3)+4·7=34

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Ойлан- жұптас- бөліс

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Тапсырманы алдымен жеке орындайды. Сосын жұпқа бірігіп, дұрыс жауабын таңдайды. Жұптар өздерінің жаңа шешімімен сыныппен бөліседі. Теңдік тура болатындай мысалдардағы түсіп қалған арифметикалық амалдарды жазуды сұраңыз.

Жауабы:

24 : 3=96 :12 76 - 19= 19·3

85-17= 17·4 100: 20=75 : 15

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Өрнек құрастыр және салыстыр

(Ө.Ж) Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Дайын жауап арқылы өзін –өзі тексеріп, бағалауды ұсыныңыз.

Жауабы:57, 71,

«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Мәре

(Т.Ж) Әр топқа жануарлар суретін таратып беріңіз. Әр жануарда жазылған өрнектердің мәнін табуды ұсыныңыз. Нәтижесінде қай жануардың мәреге бірінші болып жеткенін табады. Оқушылар есептеп болған соң жауабында ең аз шыққан жануарды жоғары көтерулерін сұраңыз. Егер дұрыс есептесе, барлық топта да бір жануар көтереді.

Жауабы:

66+84:14:3=69 лама

7·7-4·5+4·(44-37)=1 бұғы

9·(11-9):3+8·4=38 зебра

27:9·8:6+5·5=29 елік

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Кім жылдам?

(Ө.Ж) Бұл тапсырманы жарыс түрінде ұйымдастырыңыз. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, тақтаға орындайды. Кім жылдам әрі қатесіз орындаса, сол топ жеңіске жетеді.

Жауабы:<;<

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Рефлексия

Сабақ соңында «Желкенді қайық» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.

-Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя;

-Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя;

-Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу