Қосындыны санға көбейту. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

1-бөлім. Кестеден тыс көбейту және бөлу

84- сабақ. Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту

Оқу мақсаты: 3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудаи қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

3.1.2.3 көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану

Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, смайликтер, жауап парақтары, маркерлер

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Қосындыны санға көбейтуде тиімді тәсілдер қолданылады. Қосындыны санға көбейту үшін

  • Жақша ішіндегі қосыныдының мәнін тауып, алынған мәнді санға көбейту
  • Әр қосылғышты жеке-жеке берілген санға көбейтіп көбейтінділердің мәндерін қосамыз.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Т.Ж. Белсендіру. Сабақты топта «Сәйкестендір» ойынын жүргізумен бастаңыз. Топқа ыдыс пен оның ауызына сәйкес өрнектер және жауаптары жазылған парақшаларды тастаңыз. Балалар өрнек мәнін тауып ыдыс пен ыдыс ауызының қақпағын сәйкестендіру керек . Өрнек мәнін қалай тапқандығын сұрау арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашыңыз. Өрнектің мәнін қалай тапқан тиімді екендігін сұраңыз. Сонда қосындыны санға көбейтудің тиімді тәсілін таңдау керек деген қорытынды жасаңыз.

Алғашқы түсініктерін бекіту мақсатында тапсырмалармен жұмыс жасаңыз.

Тапсырмалармен жұмыс.

Суретте қанша шаршы бар бар? Бұл сабақта оқушыларға өрнек тірек ретінде және қосындыны санға екі тәсілмен көбейтуді сурет арқылы түсіндіруді ұсыныңыз. Топтарға қосындыны санға көбейтуге бір өрнек құрастырып және оны ламинатталған параққа жазуды ұсыныңыз. Спикерлер құрастырылған өрнекті оқиды және тәсілдің неге тиімді екенін дәлелдейді. Әр топ келесі топтың жұмысын бағалайды. Егер топ қателессе, оны түзетуге мүмкіндік беріңіз.

Қосындыны санға көбейтудің тәсілдері:

  • Жақша ішіндегі қосыныдының мәнін тауып, алынған мәнді санға көбейту
  • Әр қосылғышты жеке-жеке берілген санға көбейтіп көбейтінділердің мәндерін қосамыз.

Ж.Ж. Тиімді тәсілді таңда. Тапсырманы жұппен орындауды тапсырыңыз. Тапсырманы тек қана жылдам емес, онымен қатар дұрыс және ұқыпты орындау керектігін естеріне салыңыз. Бірнеше оқушының жауаптарын тыңдаңыз, қалғандары өзін-өзі тексеру кезінде шапалақтайды. Балалардың қосындыны санға көбейтудің ережесін жаттап алу керектігін естеріне түсіріңіз.

(46+24)*7

(37+13)*9

(300+4)*3

(20+7)*7

(12+18)*3

(14+36)*5

Тапсырманы орындауда кейбір өрнек мәндерін бірден табу мүмкін еместігін тек тиімді, қолайлы тәсілді таңдау керектігін ескертіңіз.

Ж.Ж. Кестені толтыр. Фигураның ауданы мен периметрін табу үшін оқушыларға тіктөртбұрыш моделін жасауға тапсырыңыз. Бақылып қиындық туған жағдайда қолдау көрсетіңіз. Периметр табуда жазылған өрнекті оқып бүгінгі тақырыппен байланысын сұраңыз.

Ұзындығы

Ені

Ауданы

Периметрі

?

3 см

24 см2

?

8 см

5 см

?

?

6 см

?

12 см2

?

24см2:3см=8см (ұзындығы)

(8см+3 см)*2=22см(периметрі)

8 см*5см=40 см2

(8см+5см)*2=26см

12см2:6см=2см

(6см+2см)*2=16

Т.Ж. «Ойлан, тап» есепті нұсқа бойынша шығаруға болатындығын ескертіңіз. Оқушылар есепті шығарып болған соң өзара тексеру мақсатында дәптерлерін ауыстырады. Бұл әрекет есептің мазмұны мен шығарылу барысын түсінуге мүмкіндік береді. Есепті шығарып болған соң қалаулары бойынша болған оқушыларға кері есеп құрастыруға тапсырыңыз.

Қысқаша шартының жазылуы:

1 күнде-90 және 30

6 күнде-? бұйым

Жауабы: (90+30)*6=90*6+30*6=540+180=720

5 сақина-25 г

50г-? Сақина

Жауабы: 25:5=5 (1 сақинаға кететін алтын)

50:5=10

Ж.Ж. «Байланысын тап» Бұл тапсырма алдыңғы тапсырмалардың жалғасы, Оқушылардың қосындыны санға көбейту тәсілдері туралы дағдыларын бекітуге бағытталған. Не үшін байланыстырғанын сұраңыз, қорытынды жасатыңыз.

(6+3)*9 3*8+4*8

(7+2)*6 5*7+3*7

(5+3)*7 6*9+3*9

(2+8)*3 7*4+3*4

(3+4)*8 7*6+2*6

(7+3)*4 2*3+8*3

Қалыптастырушы бағалау . Кеспеқағаздағы тапсырманы ұсыныңыз. Өрнектерді жаз және олардың мәнін есепте:

3 және 6 сандарының қосындысын 7 есе арттыр.

12 және 8 сандарының қосындысын 5 есе арттыр.

Қосындыны көбейтіндіге айналдыр және есепте:

13∙3+7∙3

29∙5 + 11∙5

Жұмыс аяқталған соң, сынып болып тексеруді жүргізіңіз.

Кері байланыс. «Белгілер» әдісі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу