Көбейтудің үлестірімділік қасиеті. Бау-бақ құрылысы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
70-сабақ. Көбейтудің үлестірімділік қасиеті
Тақырыбы: Бау-бақ құрылысы
Оқу мақсаттары
3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану
Күтілетін нәтижелер
Барлық оқушылар үшін:
Қосындыны санға көбейту ережесін білу.
Бірқатар оқушылар үшін:
Қосындыны санға көбейту ережесін ауызша есептеуде қолдану.
Кейбір оқушылар үшін:
Қосындыны санға көбейту ережесін тиімді есептеу үшін қолдану.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Ауызша көбейту орындауда қосындыны санға көбейту ережесін түсіндіру
Пәндік лексика және терминология:
Өрнек, қосындыны санға көбейту
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
Қосындыны санға қалай көбейтуге болады?
Бұл қасиеттерді тиімді есептеу үшін қалай қолдануға болады?
Жазу:
Өрнектерді жазу.
Көбейту мен бөлудің ауызша тәсілдері
Ынталандыру.
"Шындық па, әлде жалған ба?"әдісі
Парта үстінде жеміс-жидек суреттеріне жазылған,мәні табылған өрнектерді орналастырыңыз..Және 2 себет қойыңыз.Біреуі "Шындық", екіншісі "Жалған"
Оқушылар өрнектерді тексеріп, мәні дұрыс болса,"Шындық"себетіне, дұрыс емес болса, "Жалған" себетіне салады.
24:4+6=12 65-8+14=71 100-54:9=94
32:8+28=32 45:5∙6=54 48:8∙8=48
400+42:6=407 700-64:8=692 72:8+92=101
Бау-бақ туралы ролик көрсетіңіз.
Белсендіру.
Белсендіру.
«Математикалық волейбол» әдісі.Оқушылар жұптасып отырады.Бір-біріне өрнек ұсынады,өрнектің мәнін тауып, жұбына келесі өрнекті ұсынады
40·8, 240:6, 320:8, 500:100, 4·10,
40 + 480, 540: 6, 40 · 7, 650: 10, 400 : 8, 420 : 6, 720 : 90.
Отшашу арқылы бағалаңыз.
Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
25 пен 5 санының қосындысын 2 есе арттыр. 40 пен 8 санының қосындысын 4-ке кеміту
Жаңаны ашу.
Қиындықтардың орны мен себебін анықтау.
Гүлбақтағы гүлзар санын әртүрлі нұсқамен санау үшін көбейтудің қандай қасиетін пайдалануға болады?-деп сұраңыз.
Берілген тапсырмада санау тәсілдерін салыстыру және жазу керек. Қосындыны санға көбейтудің 2 тәсілін табу керек.
Қиындықтан шығу жобасын құру.
Оқушылар тапсырманы екі тәсілмен жазады және олардың әрқайсысын карточкаға жазуды таңдайды.
Қосындыны тауып, оны санға көбейту | Әр қосылғышты осы санға көбейтіп, алынған көбейтіндіні қосу керек. |
. (а+в)∙с=а∙с+в∙с
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті
Бармақ арқылы бағалау
Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.
(Т.) №2 тапсырма
Тәжірибелік жұмыс.
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу жолын үйретіңіз.
–Тікбұрыштың ұзындығын а деп, ал енін b деп белгілеуді тапсырыңыз. Ауданды қалай есептеуге болады? Периметрін қалай есептеу керек?
Р = а + b + a + + b
= a + a + b + b = a · 2 + b · 2 = (a + b) · 2.
Көбейту мен қосу амалдарын қолдана отырып, тікбұрыштың периметрін әртүрлі жолмен есептеуді үйретіңіз. Мысалы, егер қабырғаларының ұзындығы – 5 см және 3 см болса.
Топтар есептеп, өз тапсырмаларын көрсетеді.
– Әрқайсысының тәсілі әртүрлі болып шығады. Кім бір тәсілмен, кім екі, үш?
Талқылау нәтижесімен ортақ жазба енгізіледі.
Р=5+3+5+3=16см
P=2∙5+2∙3=16см
P=(5+3)∙2=16см
"Бағдаршам" арқылы бағалаңыз
Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.
Жасыл түс- "Түсіндім"
Сары түс-"Сұрағым бар"
Қызыл түс- Түсінбедім
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Тапсырма орындауды ұсыныңыз: тікбұрыштың кестеде көрсетілген периметрі мен ауданын, ұзындығы мен енін есептеуді айтыңыз..
Ұзындығы Ені Периметрі Ауданы
.
Үлгі бойынша тексеріп, смайликтер арқылы бағалаңыз.
Жаңаны қолдану.
№ 6 тапсырманы орындауды ұсыныңыз.
Тіктөртбұрыштың периметрі-20см, ал ұзындығы-6см. Тіктөртбұрыштың енін табудың жолдарын түсіндіріңіз Формуланы ұсыныңыз..
Р=20см
ВС=6см
АВ=?см
в=Р:2-а
Мен:
Қосындыны санға көбейту ережесін қолданып, әртүрлі тәсілдермен есептеймін;
Қосындыны санға көбейту ережесіне негіздеп, сандардың көбейту алгоритмін біртаңбалы санға қолданамын.Сабақ соңында кері байланыс алыңыз.
Рефлексия.
Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;
«Мен … өзімді мақтан етемін»;
«Әсіресе маған ұнағаны …»;
«Бүгін … менің қолымнан келді»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?