Уақыт өлшем бірліктері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 2С: Уақыт

Күні:2 тоқсан

Сынып: 3

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақыт өлшем бірліктері

Оқу мақсаттары

3.1.3.2 Уақытты өлшеуде секунд өлшем бірлігін пайдалану

3.1.3.5 сағаттардың әртүрлі түрі бойынша уақытты анықтау: сағаттар, минуттар, секундтар

3.1.3.3 **уақыт мәнін салыстыру: секунд, мин, сағат, тәулік, жыл, ғасыр және шама мәндерімен арифметикалық әрекетті орындау

3.1.3.4 уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіру: олардың арасындағы ара салмағы негізінде секунд, мин, сағат, тәулік, жыл, ғасыр

Сабақ мақсаттары

Уақытты өлшеуде секунд өлшем бірлігін пайдалану.Сағаттардың әртүрлі түрі бойынша уақытты анықтау.Уақыт мәнін салыстыру және шама мәндерімен арифметикалық әрекетті орындау. Уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіру

Бағалау критерийлері

  • Уақытты өлшеуде секунд өлшем бірлігін пайдаланады;
  • Сағаттардың әртүрлі түрі бойынша уақытты анықтайды;
  • Уақыт мәнін салыстырады;
  • Шама мәндерімен арифметикалық әрекетті орындайды;
  • Уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіреді;

 Тілдік мақсаттар

Уақыт, сағат, минут, тәулік, апта, ай, жыл, т.б. уақыт өлшем бірліктері

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, қазақ тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

2 - сыныпта табиғат туралы өтілген білімдерін қайталау

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

5 минут

1 минут

I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:Қоңырау үні соғылды,

Сабағымыз басталды.

Оқушылар тізіліп,

Қатар-қатар тік тұрды.

  • Балалар, қазір қандай сабақ?

/Математика сабағы/

ІІ.Қызығушылықты ояту”

Сөзжұмбақ.

Мақсаты: өткен білімдерін қайта жаңғырту, сабақтың тақырыбын анықтау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерімен танысу.

презентация

Слайд

Сабақ ортасы

1 минут

4 минут

1 минут

10 минут

3 минут

5 минут

5 минут

(Ұ) Проблемалық сұрақ.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту.

- Өмірде нені өлшеуге болады?

/Ұзындықты,салмақты, уақытты. Ұзындықты сызғышпен, метражбен өлшейміз/.

- Ал уақытты қалай өлшеуге болады?

- Сабақтың ұзақтығын қалай өлшейміз?

- Дем алу ұзақтығы мен 1 сабақтың ұзақтығын әр түрлі уақыт өлшем бірліктерімен өлшенеді ме немесе екеуін де бір бірлікпен өлшейміз бе?

/Дем алуына уақыттың көп бөлігі кетпейді, бір сабақ 45 минутқа созылады/.

- Ендеше дем шығару, кез келген іс-әрекетті қандай уақыт бірлігімен өлшейміз?

(Ұ)Уақыттың ең кіші өлшемі секундпен таныстыру.

Мақсаты: сағаттың әр түрі бойынша, уақыт өлшем бірліктерін анықтау.

Оқушыларға 3 түрлі сағат көрсету. Кұммен, минут, секунд, шкаласын көрсететін сағат түрімен және электронды сағат түрлерін көрсету. Осы үш сағаттың қайсысы секундты көрсете алатындығы анықталады.

(Б) «Сен білесің бе?»

  • 1 минутта не істей аламыз? (оқимыз, киінеміз,жүгіреміз, ән айтамыз, сурет саламыз, т.б)
  • Ал 1 секундта не істеп үлгере аламыз?

/1-2 қадам жасай аламыз, ғарыш кемелерінің дыбыстық жылдамдығы 1 секунд/

(Ұ, Ө) «Сандарды сөйлетемін!»

Мақсаты: белсенді әдістер арқылы сыни ойлауға дағдыландыру.

«Кубизм» стратегиясы бойынша /экранда кубиктің қырына сай сұрақтар шығып отырады. Сұрақтарға жауап бере отырып мына сандарды сөйлету.

 365     12     4     7     24    60

1.қыры:  «Ойлан,тап.» Бір жылда неше күн бар?  қаңтар, ақпан, желтоқсан айларында неше күн бар?2.қыры:  «Сен білесің бе?» Бір жылда неше ай бар ? Бәйшешек қай кезде гүлдейді?3.қыры: «Тез,ойла» «Қ»  әрпінен басталатын ай аттарын айт.Бір жылда неше мезгіл бар?4.қыры: «Әрі оқу, әрі ойын»  Сөздердің аудармасын тап.   Дүйсенбі- .., тоңазытқыш-… Бір аптада неше күн бар?     5.қыры:  «Қызықты грамматика»  қай әріп жоқ  ?Са…ат, уа…ыт, қа…тар,  /қ,ң, ғ/  Бір тәулікте неше сағат бар?

6.қыры «Өзіңді тексер»  /жыл мезгілі, қыс, көктем, құстар, қар ериді. 1 сағатта неше минут,1 минутта неше секунд бар?   / ы,ы,ұ,а/

(Ж/Ж) «Кім жылдам?»

Мақсаты: уақыт өлшем бірліктерін арифметикалық амалдар қолдана отырып, шығару.

Тақтаға есеп шығарылады. Әрбір жұптың жанында секундамер тұрады. Әрбір оқушы есепті шығару жылдамдығын анықтап, жылдамдықтарын анықтайды.

Фотоаппарат 32 суретті 2 секундта тусірді. Ол 10 секундта неше сурет түсіре алады?

32суретті – 2 с

10с - ? сурет

Ш: 32/2*10=160

Ж: 10 секундта 160 сурет түсіре алады

/Тапсырма бойынша әрбір жұп өздеріне кері байланыс жасайды.

«Меніңше, біздің есеп шығару жылдамдығымыз...... бұл тапсырмадан .........мен үйрендім» сөйлемін толықтырады./

(Ж) Сағатта осы уақытты көрсетіңіз.

Мақсаты: Уақытты анықтай білуге үйрену.

Осы жаттығуды жұппен орындауды ұсыныңыз: бір оқушы сағат уақыты үлгісіне көрсетеді, ал екіншісі сағаттар мен минуттар санын жазады/анықтайды. Және керісінше: бір оқушы уақытты атап өтеді, ал екіншісі сағат үлгісін көрсету керек.

«Спектакль 18.00-де басталады. Театрға дейін автобуспен 40 минут жүріп бару керек. Сағатта үйден шығу сағатын, театрға келу уақытын, спектакль басталатын уақытты көрсетіңіз», «Жұмыртқа 5 минут қайнатылады. Қазір 7 сағат 40 минут. Жұмыртқаның пісуі үшін, пешті сағат нешеде өшіру керек?»

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды.

(Қ) Салыстыр.

Мақсаты: уақыт өлшем бірліктерін түрлендіру, салыстыру.

1сағ.20мин.*120мин1тәул.5сағ.*29сағ.3ғасыр.*100жыл.1жыл 2ай.*365 күн

/Тақтаға дұрыс нұсқасы шығарылады, жұппен дәптерлерін алмаса отырып, «+», «-» әдісі бойынша тексереді, кері байланыс жасалады/.

слайд

Сағаттар

Кубик

Слайд

Сағат

секундомер

слайд

қима қағаздар

Слайд

Карточкалар

Сабақтың соңы

2 минут

Маған сабақта ............қызықты /қызықсыз болды

Сабақтан ..............................................үйрендім

Алда уақытта ...............................білгім келеді

слайд

Дифференциация – оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар беру.

Оқушылардың ауа жайлы білімдері бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

«Ойлан,тап.» 

Бір жылда неше күн бар? 

қаңтар, ақпан, желтоқсан айларында

неше күн бар?

 «Сен білесің бе?»

 Бір жылда неше ай бар ?

Бәйшешек қай кезде гүлдейді?

«Тез,ойла» «Қ»  

әрпінен басталатын

ай аттарын айт.Бір жылда неше мезгіл бар?

«Әрі оқу, әрі ойын» 

Сөздердің аудармасын тап.  

Дүйсенбі- .., тоңазытқыш-… Бір аптада

неше күн бар?     

«Қызықты грамматика»  

қай әріп жоқ  ?Са…ат, уа…ыт, қа…тар, 

Бір тәулікте неше сағат бар?

«Өзіңді тексер» 

/жыл мезгілі, қыс, көктем, құстар, қар ериді.

1 сағатта неше минут,1 минутта

неше секунд бар?  

«Ойлан,тап.» 

«Сен білесің бе?» 

«Тез,ойла»

«Әрі оқу, әрі ойын»  

    «Қызықты грамматика» 

 «Өзіңді тексер» 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу