Салу есептері. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Тарау 7.4A: Шеңбер. Геометриялық салулар

Мектеп: Алматы қ ФМБ НЗМ

Күні :

Мұғалімнің аты-жөні:

Cынып: 7

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Салу есептері

Cабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта меңгерілетін сабақ мақсаттары

7.3.2.16

берілген бұрышқа тең бұрыш салу, бұрыштың биссектрисасын салу, кесіндіні қақ бөлу;

7.3.2.17

кесіндінің орта перпендикулярын және берілген түзуге перпендикуляр түзу салу;

7.3.2.18

берілген элементтері бойынша үшбұрыш салу;

Сабақ мақсаттары

  • Ойлау қабілетін дамыту, синтез және бағалау қабілеттерін дамыту ;
  • Еңбекке баулу, топта жұмыс жасауды білу

Бағалау критерийі

  • Сызғыш пен циркульді қолданып салу есептерін шығару

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

- нүктелердің геометриялық орны;

- шеңбердің центрі, радиусы, диаметрі;

- хорда;

- шеңбердің доғасы, оның бұрыштық шамасы;

- жартышеңбер;

- қиюшы;

- шеңберге жанама, жанасу нүктесі;

- центрлік бұрыш, центрлік бұрыштың градустық шамасы;

- жанасқан (қиылысатын) шеңберлер;

- түзу және шеңбердің өзара орналасуы;

- үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер, шеңберге іштей сызылған үшбұрыш;

- үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер;

- центрлес шеңберлер;

- кесіндіні қақ бөлу;

- берілген бұрышқа тең бұрыш;

- салу есептерін шешу кезеңдері;

- салу есептерін талдау, дәлелдеу, зерттеу;

- ізделінді фигура.

Пайдалы фразалар

- нүкте шеңбердің ... (бойында, ішінде, сыртында ) жатыр;

- шеңбер доғасының бұрыштық шамасы ... тең;

- түзу және шеңбердің ортақ нүктелері ... (бар, жоқ);

- шеңбер үшбұрышқа іштей сызылған деп аталады, ...;

- шеңбер үшбұрышқа сырттай сызылған деп аталады, ...;

- берілген үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер центрі ...;

- үшбұрыштың биссектрисаларының қиылысу нүктесі ... шеңбердің центрі;

- үшбұрыштың орта перпендикулярларының қиылысу нүктесі ... шеңбердің центрі;

- центрлік бұрыштың шамасы ... анықталады;

- егер шеңберің екі центрлік бұрыштары тең болса, онда ...;

- егер шеңбердің диаметрі хорданы тең екі бөлікке бөлсе, онда ...;

- егер шеңбердің диаметрі хордаға перпендикуляр болса, онда ...;

- шеңберге жанама жүргізу үшін ... керек;

- егер шеңбердің центрінен түзуге дейінгі арақашықтық шеңбердің радиусынан ... (үлкен, кіші) болса, онда ...;

- ... салу үшін ... (циркул, сызғыш) көмегімен орындауға болады;

- центрлік бұрыш ... доғасына тіреледі;

- центрлік бұрыш ... доғасына керіледі.

Құндылықтарды қалыптастыру

  • әлемдік білім саласында бәсекеге қабілетті терең академиялық білім
  • еңбекке баулу және топта жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру

Пән аралық байланыстар

Сызу

ИКТ пайдалану дағдысы

Интерактивті тақтада жұмыс жасай білу

Алдын ала білу керек

шеңбер , перпендикуляр түзулер, бұрыштың биссектрисасы

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру сәті:

Оқушылармен сәлемдесу.

Жаттығу.

Сабақтың ортасы

3 минут

10 минут

10 минут

15 минут

Өткен тақырыпты қайталау

 Циркульдің көмегімен жасалатын іс-әрекеттер

  • Центрі кез-келген нүктедегі кез-келген радиуста шеңбер сызу.
  • Центрі кез-келген нүктедегі радиусы берілген кесіндіге тең шеңбер сызу.

Сызғыштың көмегімен келесі әрекеттерді істеуге болады.

  • Кез-келген кесіндіні жүргізу.
  • Берілген нүкте арқылы түзу жүргізу.
  • Кез-келген екі нүкте арқылы түзу жүргізу.

Есептер (амалдар) бірінші деңгей бойынша :

Есеп 1. Бұрышқа тең бұрыш салу.

Есеп 2. Бұрыштың биссектрисасын салу.

Есеп 3. Перпендикуляр түзулерду салу.

Есеп 4. Кесіндіні қақ ортасынан бөлу.

«Салу есептері» атты презентацияны тамашалау. Көру кезінде оқушылар дәптерлеріне сәйкес салуларды орындап отырады. Мұғалім қажет болған жағдайда бағыт-бағдар беріп тұрады.

Бекіту: ұжымдық жұмыс, тақтамен жұмыс.

  • түзуі және оның бойында жатпайтын нүктесі, кесіндісі берілген. болатындай осы түзудің бойынан нүктесін салыңыз. Есептің шешімі әрқашан болады ма?
  • Шеңбер және оның бойында жатпайтын нүктесі, кесіндісі берілген. Шеңбердің бойынан болатындай түзуінің бойынан нүктесін салыңыз. Есептің шешімі әрқашан болады ма?
  • доғал бұрышы берілген. және өзара тең доғал бұрыштар болатындай сәулесін салыңдар.

Тексеру жұмыс: жеке жұмыс

  • доғал бұрышы және сәулесі берілген. болатындай бұрышын салыңыз.
  • Қосымша тапсырмалар (қосымша 2)

Бірін-бірі тексеру – бағалау парағы

Бағалау критерийі

«+» н/е «-»

Есептің анализі

Салу

Дәлелдеу

Зерттеу

Бағалау

http://festival.1september.ru/articles/617861/

http://schoolcollection.edu.ru/catalog/rubr/7ae22b150a0101b201b443d515241aec/54840/

Қосымша 2.docx

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау. Кері байланыс.

Үй тапсырмасы:

  • cүйір бұрышы және сәулесі берілген. болатындай бұрышын салыңыз.
  • үшбұрышы берілген. Үшбұрыштың:

а) биссектрисасын салыңыз;

б) медианасын салыңыз;

в) биіктігін салыңыз.

7. Сызғыш пен циркульдің көмегімен: а) -қа тең; б) -қа тең бұрыш салыңыз.

  • Берілген кесіндіні сызғыш пен циркульдің көмегімен тең төрт бөлікке бөліңіз.

Дифференциациялауқабілеті жоғары оқушылармен жұмыс жасауды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың тақырыпты меңгеруін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дарынды оқушыларға қосымша 2 –дегі жоғары деңгейдегі тапсырмалар беріледі; басқа оқушыларға көмек көрсету ұсынылады.

Дәптермен жұмыс, оқушылардың бір-бірі бағалауы , ауызша сұрақтар қою, қосымша тапсырмалар беріп көру.

Аудиторияның жақсы жарықтануы; сыныптағы температураны реттеу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаттары айқын болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті ма?

Жоқ болса, неге?

Сабақтағы дифференциалдық дұрыс болды ма?

Сабақтың барлық кезеңдері уақытымен жүрді ма?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма?

Жалпы баға беру

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақтың өтуі және меңгерілуі жайлы)?

1:

2:

Сабақтың жақсаруына не септігін тигізер еді? (сабақтың өтуі және меңгерілуі жайлы)?

1:

2:

Сабақ кезінде сыныпта қандай жетістікті немесе қиындықты жекелеген оқушылардан байқадым? Алдағы сабақтарда неге көніл аудару керекпін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу