Алгебралық өрнектерді түрлендіру. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қысқаша көбейту формулалары | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Алгебралық өрнектерді түрлендіру | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.1.20 көпмүшелерге амалдар қолдану арқылы және қысқаша көбейту формулалары көмегімен алгебралық өрнектерді түрлендіреді; | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушы: -қысқаша көбейту формулаларын біледі; -формулалар көмегімен алгебралық өрнектерді түрлендіре алады; -формулалар көмегімен теңдеулерді шеше алады. | ||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы:
Тепе-теңдікті дәлелдеу үшін формулалар қолданады | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу қадамдарының тәртібі мен негізгі элементтерін анықтайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Көбейткіш, көбейткіштерге жіктеу, ортақ көбейткіш, ең үлкен көбейткіш. Құруға/жазылымға қажетті тіркестер: Қанша мүше немесе топ барын шешу; Мүшелерден ортақ көбейткіштер қанша барын анықтау; Қайсысы ең үлкен екенін шешу; Екі өрнектің квадраттары мен кубтарының айырымы/қосындысы; екі өрнектің айырымы мен қосындысының квадраттары және кубтары; | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және барлық жастағы адамдардың әл ауқатын жақсарту және сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсаттарына сәйкес тұрақты дамуды қамтамасыз етуді жоспарлаймын.Оқушылар топтық және жұптық жұмыс барысында бір-бірін тыңдап, құрметпен қарап, топтық жұмыстың нәтижесі үшін жауапкершілік танытады. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика (жеке жұмыс кезінде қолданыс табады) | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Презентациялармен жұмыс жасау. | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | алгебралық өрнектерді; айнымалының мүмкін мәндерін; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және үлестірімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдауды; қысқартылатын бөлшектерді; ұқсас қосылғыштарды біріктіруді біледі. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут Сабақтың ортасы | Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару. Оқушыларды алдыңғы сабақта жазылған жеке жұмыста күміс қақпаға және алтын қақпаға жеткен жетістіктері бойынша екі топқа бірігеді. Бағалау парағын тарату. Сабақтың мақсаты мен тақырыпты таныстыру. Топтық жұмыс. «Сәйкестендіру» Алдарыңызда өрнектер жазылған екі топта карточкалар бар. Бірінші топтағы карточкада ықшамдалатын өрнегі бар карточка, ал екінші алдарыңыздағы карточкаларда оған сәйкесінше ықшамдалған өрнек жазылған. Карточкалар алмастырылып өрнек жазылған беті төмен қарай жауылып орналастырылған. Оқушылар: Күміс қақпа - 9 карточка Алтын қақпа - 9 карточка суырады. Әр топқа есептің жауаптары жасырылған карточкалар таратылады, сол жауаптың ішінен сәйкес жауапты іздеп тауып, жабыстырады. Дескриптор. Оқушы: -тиімді қысқаша көбейту формулаларын қолданады; -ұқсас мүшелерді біріктіре алады; -сәйкес жауапты тауып, жабыстырады. Бағалау: Қорытынды таблицаның төменгі жағындағы бағалау парағына дескриптор бойынша жалпы есепті бағалайды. Жұптық жұмыс. Оқушылар топ ішінде жұпқа бөлінеді. Теңбе теңдікті дәлелдеңіз. Дескриптор. Оқушы: -сәйкес қысқаша көбейту формуласын қолдана алады; -жақшаларды ашады; -ұқсас мүшелерді біріктіре алады; Бағалау: Топ ішіндегі жұптар дәптер алмастырып, тақтадағы дайын жауаппен дескриптор бойынша тексереді. Жеке жұмыс. «Ұзақ уақыт бақылау нәтижесінде ежелгі гректер таңсәрідегі және кешкі көріністеріне қарап белгілі ғаламшарлардың біреуін екі түрлі жарық көзі деп санаған». Қай ғаламшар туралы айтылған?» 1. _______________ [1] 2. __________ [1] 3. ____________ [1] 4. _________ [2]
Дескриптор. Оқушы: -тиімді қысқаша көбейту формулаларын қолданады; -топтау тәсілін қолдана алады; -ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара алады; -сәйкес жауапты табады. Бағалау: Тақтадағы марк схема бойынша өз жұмыстарын тексереді. Топтық бағалау парағына енгізу. Жауабы: Венера. Қосымша есеп. (ерте аяқтаған оқушылар үшін) | Презентация Слайд 1 Презентация Қосымша 1 Слайд 2 Қосымша 2 Слайд 3 Слайд 4 Қосымша 3 Слайд 6 База SAТ Слайд 7 Қосымша 4 Қосымша 5 | |||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақтың мақсатын қайта еске түсіреді, оушыларға бағалау парағы бойынша кері байланыс береді. Рефлексия. Оқушылар дәптерлеріне жеке орындап оқиды. Синквейн әдісі немесе «Бес жолды өлең». Француз тілінде «Сing» – бес дегенді білдіреді. Өтілген тақырыпты түйіндеп, қысқа мағынада ойды жеткізу. «Бес жолды өлең» жаздыру математиканың басқа пәндермен байланысын ашып, оқушының шығармашылық деңгейін дамытады. 1.1 зат есім. 2.2 сын есім. 3.3 етістік. 4.1 сөйлем. 5.1 синоним. Үй жұмысы: №463,467,471 (жаңа кітапта: №481,485,489) | Презентация Слайд 8 Шыныбеков Алгебра оқулығы | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Қорытынды бағалау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?