Тіктөртбұрыштың ауданын табу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: Аудан. Шамалар №58 сабақ. Тақырыбы: Тіктөртбұрыштың ауданын табу | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.3.1 заттың беткі ауданын өлшеуге арналған өлшем-дер мен құралдарды таңдап алуды; 3.3.1.3 тіктөртбұрыштың ауданын табатын формуланы S=a·b қорытып алуды және қолдануды; аудан өлшем бірліктерін: см2, дм2, м2, га салыстыруды және амалдар орындауды; 3.1.3.2 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын алфавиті-нің бас әріптерімен белгілеуді, оларды белгіленуі бойынша оқуды үйренеді | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -ауданы болатын нысандарды атап және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алып, палеткамен өлшей алады; - тіктөртбұрыштың S=a·b формуласын қолдана алады; - тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формулаларын қалай құрастыруға және қолдануға болатынын түсіндіре алады. | ||||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Ынтымақтастық | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | ||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды. | ||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Аудан туралы тұрмыстық түсінік | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Жоспарлан-ған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Психологиялық дайындық Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. Оқушыларды топқа бірігу Алдын-ала дайындалған пазлдарды құрастыру арқылы топқа бірігу 1-топ Шаршылар 2-топ Тіктөртбұрыштар 3-топ Үшбұрыштар 4-топ Дөңгелектер Әр топ өз тобының атауына сәйкес фигураның қасиеттерін атайды. Мысалы, шаршы жазық фигура. Оның 4 қабырғасы, 4 төбесі, 4 бұрышы бар. Барлық қабырғалары тең. Бұрыштары тік. Ой ширату (Ұ.Ж) «Артығын тап» ойыны
-Конус артық, себебі ол кеңістік фигурасына жатады. -Тіктөртбұрыш артық, себебі ол жазық фигура. -Шаршы артық, себебі оның ауданы бар. Сөздік бағалау жүргізу «Керемет», «Тамаша», «Ақылдым сол» т.с.с. Венн диаграммасы (Ұ.Ж) Оқушыларға үшбұрыш пен шаршыны таратып беру. Олар Венн диаграммасы арқылы екі фигураны салыстырады. Ұқсастығы мен айырмашылығын айтады. - Ұқсастығы неде? - Айырмашылығы неде? - Қай фигураның ауданы үлкен? - Оны қалай таптық? Фигураларды беттестіру арқылы аудандарын салыстыруға болады. Үшбұрыш шаршының бетіне сыйып тұр. Демек, шаршының ауданы үлкен деген қорытынды жасалады. «Смайлик» арқылы бағалау жүргізу | Слайд №2 Геометрия лық фигуралар Слайд №3 Слайд №4,5 Слайд №6,7 | |||||||||||||||||||||
(Ұ.Ж) Оқушыларға тіктөртбұрыш пен шаршы таратып беру. Олардың ауданын қалай табуға болатындығын сұрау. - Екі фигураның ауданын қалай салыстырамыз?
Бұл тапсырма арқылы оқушылар өлшем арқылы салыстырып, тіктөртбұрыштың ауданы үлкен деген қорытынды жасайды. Сөздік бағалау жүргізу «Керемет», «Тамаша», «Ақылдым сол» т.с.с. (Ұ.Ж) Оқушыларға алдын - ала дайындалған тіктөрт-бұрыш таратып беру. Оқушылар тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің өлшемдерін алады. Сол сандарды әріптермен ауыстыру арқылы ауданның формуласын шығаруға болады.Тіктөртбұрыштың ауданын формула арқылы табуға болатындығы мысалдар арқылы көрсетіледі. Тапсырма:
Сөздік бағалау жүргізу «Керемет», «Тамаша», «Ақылдым сол» т.с.с. 2) S = a · b арқылы дөңгелектің, тік емес төртбұрыштың ауданын табуға бола ма? - Жоқ. Бұл фигуралардың ауданын палетка арқылы табамыз. Өйткені, олардың қарама-қарсы қабырғалары тең емес, бұрыштары тік емес. Тапсырма: Берілген фигуралардың ауданын палетканың көмегімен табу Бұл жерде: S- аудан а -бүтін шаршылар b - жарты шаршылар S≈a+b∶2 «Смайлик» арқылы бағалау жүргізу Шаршы (Т.Ж) Оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратып беру. Оқушылар топтасып берілген фигуралардың ауданын табады. Топтар бір-бірімен жұмыстарын алмасады. Тақтада көрсетілгген дұрыс жауапқа қарап топтар бірін-бірі тексереді. Ұпаймен бағалайды. Тапсырма: Берілген шаршының ауданын тап Бағалау парағы
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырмаларды таратып беру.Оқушылар тапсырманы жұптасып орындайды. Тапсырманы орындап болған соң сағат тілінің бағытымен жұптар дәптерлерін ауыстырады. Дайын жауап арқылы бірін –бірі тексереді. Тапсырма: Ұзындығы 7 см, ал ені 3 см болатын тіктөртбұрыш сыз. Ауданын тап. Геометриялық фигура арқылы бағалау (Ж.Ж) Оқушыларға өткен тақырыпты тиянақтау үшін жеке жұмыс беру. Тапсырма: Тіктөртбұрыш сыз, ауданын тап. a = 5 cм d = 3 cм S =? см ² Қабілеті жоғары оқушылар үшін Тапсырма: Палетка арқылы фигураның ауданын тап Қабілеті төмен оқушылар үшін Тапсырма: Фигуралар мен аудандарын сызық арқылы қос. Әр кіші шаршы 1 см²- ге тең деп есепте. Геометриялық фигура арқылы бағалау | Слайд №8 Bilimlend сайтының бейне материалы https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/3-synyp Тіктөртбұрыштың ауданын табу Слайд № 9,10 Слайд № 11,12 Слайд №13 Слайд №14 Слайд №15 Слайд №16 | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Не білдің? «Желкенді қайық» Оқушыларға желкенді қайық салынған қима қағаз таратып беру. -Ұнаса, сәтті орындаған болсан, желкенді жасыл түске боя; -Қиындықты кездестірсең, сары түске боя; -Барлығы қиын болды, мұғалімнің көмегі қажет болды десең, қызыл түске боя. | Слайд 17 | |||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?