Тіктөртбұрыштың ауданы. Есеп шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: Аудан. Шамалар № 59 сабақ. Тақырыбы: Тіктөртбұрыштың ауданы. Есеп шығару | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.3.1.1 тік төртбұрыш ауданы формуласын: S=a·b шығарып алу және қолдану; 3.3.1.3 тіктөртбұрыш (шаршының) ауданын табуға берілген есептерді талдау және шығару; 3.3.1.2 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын алфавитінің бас әріптерімен белгілеу, оларды белгіленуі бойынша оқуды үйрену. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -ауданы болатын нысандарды атап және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алып, палеткамен өлшей алады; - тіктөртбұрыштың S=a·b формуласын қолдана алады; - тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формулаларын қалай құрастыруға және қолдануға болатынын түсіндіре алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Еңбек пен шығармашылық | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Аудан туралы тұрмыстық түсінік | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарлан-ған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындық Ойға толсын санамыз, Бестік болсын бағамыз. Баласындай бір үйдің, Тату болсын арамыз. Математикалық диктант (Ұ.Ж)Оқушылардан математикалық диктант алу. Оқушылар тек жауабын ғана жазады.
Дұрыс жауапқа қарап өзін-өзі бағалайды. 12 – 11 балл «5» 10 – 7 балл «4» 6 - 4 балл «3» 3 – 0 балл «2» Оқушыларды топқа бірігу Алдын-ала дайындалған тіктөртбұрыштар мен шаршыларды оқушыларға тарату. Ауданын табу арқылы топқа бірігу. -Фигуралар кіші шаршыларға бөлінген. Әр кіші шаршы 1 см²-қа тең.
Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы» т.с.с. | Слайд№2 Слайд №3 Слайд №4 Топқа бірігуге арналған тіктөртбұрыш пен шаршылар Слайд №5 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Есепті шығар (Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған қима қағаз таратып беру. Оқушылар алдымен жұпта, содан кейін топта орындайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарын дұрыстығын дәлелдеп береді. Тапсырма сабақта меңгерген дағдыларды бекітуге арналған. Қиындық туғызған жағдайда оқушыларға жетекші сұрақтар қою.
Тапсырма: Анасы Аяулымның туған күніне арнап тіктөртбұрыш тәріздес торт пісірді. Торттың ұзындығы 4 дм, ені 3 дм. Туған күнге келген қонақтар торттың бөлігін жеді. Торттың қалған бөлігінің ауданын тап. Бағалау Ұпай санымен бағаланады. Максималды 4 ұпай
(Ұ.Ж) Оқушыларды интербелсенді тақтадағы тапсырмамен таныстыру. Есепті шығару үшін, фигуралардағы белгісізді табу үшін қай формула керек екенің сұраңыз. Оқушылар кезектесіп есепті шығарады. Сәйкес фигурадағы белгісізді формуланы сәйкестендіреді. Тапсырма: Фигуралардағы белгісізді табу үшін тиісті формуламен сәйкестендір. «Смайлик» арқылы бағалау жүргізу (Ж.Ж) «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушылар берілген тапсырманы алдымен өзі жек орындайды. Содан кейін жұбымен талқылап пікірлеседі. Жұптағы оқушылар өздерінің ортақ шешімін ламинатталған параққа жазады. Содан кейін бірнеше оқушыдан сыныпқа өз есептерін түсіндіруді сұрау, ал қалған оқушылар жауаптарын онымен салыстырады. Кері есеп құрастыруға қиналған оқушыларға жетекші сұрақтар қою. -Тапсырманы орындауда қандай қиындық туындады? -Дәптердің 1 торкөзінің ауданы нешеге тең? -Оны қандай шамамен анықтадық? Тапсырма: Есепті шығар, кері есеп құрастыр. Дәптердің екі торкөзі қай фигураға ұқсайды? Сол фигураның ауданын тап. «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау (Ж.Ж) Оқушылардың тіктөртбұрыш ауданын табуға берілген есептерді шығаруды меңгергенің пысықтауға тапсырма беру. Оқшыларға тапсырма 3 деңгейде таратылады. Дайын жауабы арқылы оқушы өзін -өзі тексереді және бағалайды. Тапсырма: А деңгей Ұзындығы 5 см, ені 3 см болатын тіктөртбұрыш сыз. Ауданын тап. В деңгей Ұзындығы 5 см, ауданын 20см² болатын тіктөртбұрыш сыз. С деңгей Периметрі 20см болатын шаршы сыз және оның ауданын тап. Геометриялық фигура арқылы бағалау | Слайд № 6 Слайд№7,8 Слайд №9 Слайд №10,11 Ламинаттал ған парақ, маркер Слайд №12 Слайд №13 Слайд №14 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия «Табыс баспалдағы»
Не үшін?
| Слайд №15 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың рефлексиясында оқушылардың барлығына саралау тапсырмасын беру арқылы келер сабаққа дайындық жасадым. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сызғышпен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін алға қою керек. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?