Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу /Ұлы математиктер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Оқу мақсаттары: мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: тапсырмалар жазылған парақтар
ұлы математиктер туралы мәлімет, кесте, «Компьютер», «Иә, жоқ, білмеймін» ойындары.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмі:
1.Бірліктерін көбейтіп бірліктердің астына жазамыз.
2.Ондықтарды көбейтіп ондықтардың астана жазамыз.
3.Жүздіктерін көбейтіп жүздіктердің астына жазамыз.
4.Жауабын оқимын.
Жоспарланған іс-әрекет
Ынталандыру.
«Компьютер» ойынын жүргізіңіз.
Белсендіру.
(Ж.Ж) «Есімін тап» 1-тапсырмасын оқушылар жұппен орындатыңыз. Әр жұпқа мысалдарды беріңіз. Бірінші оқушы А жиынына тиесілі болуы мүмкін фигураларды таңдайды. Екінші оқушы сол фигураларды ретімен орналастырып осындай диаграммаларға аты берілген ғалымның есімін табады. В жиынының да элементтерін атап, тағы бір белгілі математиктің тегін табады. Дайын жұп сол ғалымдар жайлы туралы қысқаша хабарлама жасауға мүміндік беріңіз.
В жиыны Леонард Эйлер жайлы айтыңыз.
Шығарып көр.
(Ө.Ж)«Сәйкестендір» ойыны.2-тапсырманы өз беттерінше орындатыңыз.Қағазға өрнектер және жанына бірнеше жауаптар жазылған парақтар таратыңыз. Әр оқушы өз бетінше мысалдарды баған түрінде орындап жауаптарын сәйкестендіріп сызады. Екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу амалдарын қолданып, сәйкес алгоритмдер бойынша үш таңбалы сандардың қосу мен азайту амалдарын орындайды. Бұрын шығарған оқушы қол көтеріп,оқиды.Қалған оқушылар жауаптарын салыстырып,(+,-) белгілері арқылы тексертіңіз.
Жауабы:
323 • 2 = 646 844 • 2 = 1688 231 • 3 = 693 82 • 6 = 492
124 • 4 =486 482 • 3 = 1446 663 • 3 = 1989 74 • 4= 296
«Бағдаршам» бойынша бағалаңыз
(Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» әдісі бойынша 3- тапсырманы түсіндіре отырып жұппен ұсыныңыз.Жұпта тапсырманы талқылайды, амалдардың орындалу тәртібіне мән бере отырып орындайды,бір-бірін тексереді,салыстырады.Бұл тапсырма есептеу дағдыларын жаттықтыруға бағытталған.
1000-32•3-84:2= 862
124•2+482:2=489
Шапалақ арқылы бағалаңыз
(Т.Ж)Теңдіктер құр.4-тапсырманы шағын топта ұсыныңыз.Ол үшін өрнектер жазылған қима қағаздар таратыңыз.Оқушылар төмендегі түсініктерге анықтама береді: «теңдік» және «теңсіздік», «тура теңдік» және «тура теңсіздік»; кестені пайдаланып тура теңдік пен теңсіздіктер құрастырады. Топтағы оқушылар кезекпен тапсырманы түсіндіріп орындайды,ал келіскен оқушы бас бармағын жоғары, ал келіспеген оқушы бас бармағын төмен қарай көрсетеді.
Жауабы: 45*3=135 | 200-65=135 |
300+456=756 | 80*4=160 |
1000-250=750 | 65+125=190 |
400-80=320 | 90-25=65 |
Кімде қиындық туындады?
– Қай жерден қате жібердіңіз?
– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?
– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.
(Қосымша тапсырма орындау).
– Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?
(Қателерді түзету).
– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өзінің оқыту есебін айтады.
Пайымда.
(Ө.Ж)5-тапсырмасын өз бетінше орындатыңыз.Тапсырма баған түрінде көбейту мен бөлу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.Оқушыларға екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін дұрыс қолдану ескертіледі.Бірнеше оқушы тексеріп,бағалаңыз.
Жауабы:
а) 32•2=6464:2=32 41•2= 82 82:2=41
232•2=464464:2 =232 341•2 = 682 682:2=341
Ә)Бұл тапсырманы жеке орындауды ұсыныңыз.Содан кейін өзара тексеруді жұпта орындатыңыз. Егер интербелсенді құрал бар болса, эталон дайындалады және өздерінің жауаптарын салыстырып тексеруді ұсыңыз. Оқушыларға екі/үш таңбалы сандарды үш таңбалы санға баған түрінде қосу және азайту алгоритмін дұрыс қолдану ескертіңіз.Бірнеше оқушы тексеріп,бағалаңыз.
ә) 503+496=99919+921=940810-679=131
860-77=783 47+648=695165+309=474
«Смайликтер» арқылы бағалаңыз.
(Ж.Ж) Салыстыр.6-тапсырманы оқушылар жұппен орындатыңыз.Оқушылар салыстыру ережесіне сәйкес шамаларды салыстырады.
Жауабы:
19 мм < 2см 9 ц = 90 кг
47 см =4 дм 7см910 кг >9ц 1кг
Тапсырма ұзындық, массаның өлшем бірліктері –миллиметр мен сантиметр, килограмм мен грамм арасындағы қатынасты бекітуге бағытталған. Сонымен қатар логикалық ойлау мен тапқырлықты дамытуға бағытталған. Оқушылар талдау жүргізе отырып, ортақ қорытындыға келе алады. Қиындық туындаған жағдайда, оқушыларға сұрақтардың көмегімен көмектесіңіз.
«Басбармақ» арқылы бағалаңыз.
Шығарып көр.7- тапсырма. Топта оқушылардың барлығы берілген өрнек бойынша есептер құрастыртыңыз. Әр топ мүшесінің құрған есебі тыңдаңыз. Егер қате болған жағдайда оқушы өз қатесін түзетуі керек, топтың басқа мүшелері көмегін пайдалануына да болатындығын ескертіп айтыңыз. Топтағы оқушылар кезекпен тапсырманы түсіндіріп орындайды,ал келіскен оқушы бас бармағын жоғары, ал келіспеген оқушы бас бармағын төмен қарай көрсетеді.
1-топқа: 320•2+120•3=1000
Мысалы:Арман 320 теңгелік 3 «Батырлар жыры» кітабын және 120 теңгелік 3 ертегі кітап сатып алды.Арман барлығына қанша теңге төледі?
Ш: 320•2+120•3=1000(тг)
Ж:Арман барлығы 1000 теңге төледі.
(Басқа топта осы үлгіде есептер құрастырады.)
2-топқа: 450•2-120•3=540
3-топқа: 432•2+223•3=1533
4-топқа:115•2+135•3=635
«Басбармақ» арқылы бағалаңыз.
Тауып көр
Оқушыларға 8-тапсырманы, теңдеулерді шештіріңіз.
Бұл теңдеулер деңгейінің қандай екенін сұраңыз (қиындатылған). Оқушыларға мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіртіңіз.
1. Теңдеуді оқы. 2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан. 3. Шығара алатын есептерді орында. 4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз. 5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.
Жауаптарын тексеру үшін бірнеше оқушыны белгілеп, олардың жұмыс барысын бақылаңыз.
Жауабы:
у= 300; с=885 b= 110
Амалдар бойынша шығару.
9- тапсырмадағы берілген амалдарды баған түрінде жазып, есептеуді ұсыныңыз. Оқушылардың жұмысын бақылап, көмектесіңіз. Бұл тапсырманы үйге беруге де болады.
Жауабы:
964:2+121•3=845; 1000-846:2-157=420; 359+432•2-288= 935;
Бұл тапсырма амалдардың орындалу тәртібін анықтау дағдысын жетілдіруге және есептеу дағдысын дамытуға арналған.алғашқы өрнекті шығарғаннан кейін жұпта бірін-бірі бағалауды ұйымдастырыңыз.Екінші өрнекпен де осындай жұмысты ұйымдастырыңыз.
«Шапалақ» арқылы бағалатыңыз.
Ойлан
10- тапсырмада 2-ден 9-ға дейінгі сандарды тура теңдік шығатындай етіп бос орындарға қойғызыңыз. Сандар қайталанбауы тиіс екендігін ескертіңіз.
Жауабы:
8: 4 =6 :3 4: 2= 6:3
Рефлексия
Сабақтың рефлексиясы ретінде «Иә, жоқ, білмеймін » ойынын ойнауды ұсыныңыз.
Сұрақтар қойыңыз:
- Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейткенде жүздікті көбейтуден бастаймыз. (ЖОҚ)
- Баған түрінде жазғанда бірлікті бірліктердің астына жазамыз (ИӘ)
Ойын соңында үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін қайталап жаттықтыраңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?