Химиялық реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың (концентрация, қысым, температура) әсерін зерттеу. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2 В Кинетика

Мектеп: Атырау қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 10.01.2018

Мұғалімнің аты-жөні:

Косанов Рақымжан Пірлібайұлы

Сынып: 10-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Химиялық реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың (концентрация, қысым, температура) әсерін зерттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.2.1 химиялық реакция жылдамдығына температура, концентрация, қысымның әсерін тәжірибелік зерттеу;

10.3.2.2 химиялық реакция жылдамдына әртүрлі факторлар өзгерісінің әсерін түсіндіру;

10.3.2.3 әрекеттесуші заттар концентрациясы және температурасы өзгеруі кезіндегі реакция жылдамдығының өзгерісін есептей алу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- Химиялық реакцияның жылдамдығына концентрацияның, қысымның және температураның әсерін молекулалық тұрғыдан зерттеу;

- Химиялық реакцияларды микроскопиялық деңгейде реагенттер молекулаларының соқтығысы ретінде сипаттау;

Бағалау критерийлері

Қолдану

Оқушылар:

- соқтысу теориясы тұрғысынан химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның , қысымның, температураның әсерін түсіндіре алады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Әрекеттесуші заттар – реагенттер, өнім, концентрация, жылдамдық, қысым, температура, кинетаикалық энергия, сыртқы фактор, соқтығысу теориясы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Реагенттер - …………………………………….

Толық реакцияға түсу - ……………………………………..

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Жеке жұмыс арқылы – өмір бойы оқуға баулу

Топтық жұмыстар арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа, топпен жұмыс істеуге баулу;

 Пәнаралық

 байланыстар

Физика пәні

Бастапқы білім

Реакция жылдамдығы;

Молекула-кинетикалық теория;

химиялық реакцияға байланысты энергияның өзгеруі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-4 минут

5 - 10 минут

11-20 минут

21-25 минут

26-30 минут

Оқушылармен амандасу. Олардың сабаққа қатысын тексеру.

Бейне баян тамашалау.

Бейне баянды тамашалап болып талқылай отырып бүгінгі сабақтың мақсаты мен тақырып келтіріп шығарамыз

Соқтығысу теориясы.

https://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=10991

Соқтығысу теориясына сәйкес, химиялық реакция реагенттер молекулаларының соқтығысуы арқылы жүреді. Реакция жылдамдығы уақыт бірлігіндегі соқтығыстар санына пропорционал.

Соқтығысулардың тиімділігі екі маңызды фактормен басқарылады:

  • соқтығысатын молекулалардың өзара бағытталуы (стериялық коэффициент);
  • соқтығысатын молекулалардың кинетикалық энергиясы (энергетикалық фактор).

Белсенділік энергиясы

Екі молекула арасындағы тиімді соқтығысудың нәтижесінде тұрақсыз, белсендірілген комплекс деп аталатын аралық қоспа түзіледі де, кейін ол да реакция өнімдеріне ыдырайды.

Белсендірілген комплекстің түзілуіне жұмсалатын энергия белсенділік энергиясы деп аталады.

Оқушыларды «Random TEAM Gen» программасының көмегімен жылдам 3 топқа бөлеміз.

Зертханалық тәжірибе № 4

«Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға: температура, концентрация, қысымға тәуелділігін тану»

https://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=10463

лабораториялық жұмысты талдау және қорытындысын жазу

Бейне баянды тамашалау

Бейнебаян тамашалау.

Оқушыларға логикалық сұрақтар қою арқылы сабақты бекітеміз:

  • Егер сүтті тоңазытқышқа қойсақ немесе заттың ауада жануы таза оттегінде жануы өзгеріс болама?

Келесі тапсырманы бейнебаянды тамашалай отырып, орындаңыз

Магнийдің әртүрлі концентрациядағы тұз қышқылымен әрекеттесу реакциясын көрсететін бейнетаспаға негізделіп, мәтінді толықтырыңыз.

Тұз қышқылының концентрациясы сутегінің бөліну жылдамдығына . Қышқылдың жоғары концентрациясы реакция жылдамдығына алып келеді.

Бейне баян 1

Бейне баян 2

https://bilimland.kz/kk#lesson=10253

бейне баян 3

31-35минут

36-39 минут

Концентрация әсері – микроскопиялық деңгейдегі көрініс

Cоқтығысу теориясы бойынша реакция жылдамдығы уақыт бірлігінде өтетін соқтығысу санына пропорционал. 

Бейне баян тамашалау және төмендегі сұрақтарға жауаптар іздеу, өзара талқылау

Концентрацияның реакция жылдамдығына әсері барма?

Концентрацияны арттырғанда реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

Концентрацияның әсерін бөлшектер тоериясы тұрғысынан қалай түсіндіруге болады?

Реагенттер концентрациясы реакция жылдамдығына әсер етеді, себебі молекулалардың соқтығысу жиілігі кеңістіктің белгілі бір көлеміндегі реагенттердің жалпы молекула санына тәуелді.

қалыптастырушы бағалау жұмысы

Бейне баян 3

Қосымша 1

Қосымша 2

40 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй тапсырмасы.

Қосымша 3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?