Көпмүшелерге амалдар қолдану. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1С Көпмүшелер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көпмүшелерге амалдар қолдану

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты игеру сабағы

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.7 көпмүшелерді қосу және азайтуды орындау;

7.2.1.8 көпмүшені бірмүшеге көбейтуді орындау;

7.2.1.9 көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Көпмүшелерді қосуды, азайтуды, көбейтуді үйренеді
  • Көпмүшелерге амалдар қолдану орындалатын мәтін есептерді шығарады

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну: көпмүшелерге қолданылатын амалдарды біледі және орындайды

Қолдану: мәтін есептердің математикалық жазбасымен жұмыс жасағанда көпмүшеге қолданылатын амалдарды анықтайды және дұрыс орындайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар көпмүшелерге амалдар орындау кезінде әр әрекетін ауызша дәйектеп айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминалогия: ұқсас мүшелер; көпмүшелерді қосу; көпмүшелер көбейтіндісі;

Диолог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіректер:

  • көпмүшенің ұқсас мүшелерін біріктіру үшін ... ;
  • ..., ұқсас мүшелерді біріктіру;
  • Жақшаларды ашқанда ...;
  • көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін ... ;
  • көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін ... .

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс жасауда сыйластық, адамгершілік қасиеттерін дарыту; жеке жұмыс арқылы терең ойлануды дамыту; бағалау арқылы шыншылдыққа тәрбиелеу

Бастапқы білім

Алгебралық өрнектерді түрлендіру және дәрежелерге амалдар қолдана алу. Тіктөртбұрыш ауданы.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс–әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру

  • Сабаққа әзірлікті бақылау.
  • Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қайталау: /Мақсаты: жаңа тақырыпты игеру үшін қажетті материалды еске түсіру, оқушылардың математикалық тілдік дағдыларын дамыту/

сұрақтар барлық оқушыларға қойылады, қол көтерген оқушылар жауап береді және жауаптар бірге талқыланады.

  • Бірмүше дегеніміз не?
  • Көпмүше дегеніміз не?
  • Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?
  • Кез – келген екі бірмүшені қосуға бола ма? Көбейтуге ше?
  • Қандай бірмүшелер азайтылады?
  • Көпмүше стандарт түрге қалай келтіріледі?
  • Бірмүшені дәрежеге қалай шығарады?
  • Қосудың қасиеттерін (ауыстырымдылық, терімділік және көбейтуге қатысты үлестірімділік) ата

Сабақтың ортасы

7 минут

13 минут

15 минут

III. Жаңа ұғымды ашу

Әр оқушыға айнымалылары а, b болатын үшінші дәрежелі көпмүше құрастырып стикерлерге жазуды ұсыныңыз. Стикерлерді тақтаға жапсырып кез – келген екеуін таңдаңыз да, осы көпмүшелерді қосу (азайту, көбейту) керектігін айтыңыз. Оқушыларға көпмүшелерді қосу, азайту және көбейту ережелерін өздері тұжырымдауға мүмкіндік беріңіз.

  • Көпмүшелерді қосу не азайту үшін алдымен жақшаларды ашып аламыз, сонан соң ұқсас мүшелерді біріктіреміз
  • Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшедегі әрбір қосылғышқа көбейтеміз

а(b + c) = аb + аc.

  • Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірінші көпмүшенің әр қосылғышын екінші көпмүшенің әр қосылғышына көбейтеміз

(а + b)(c + d) = аc +аd + bc + bd.

Ескерту: қабілеті жоғары оқушыларға ұсынылған «теориялық материалды» оқып, жаңа материалды өздігінен игеруді тапсыруға болады.

IV. Топтық жұмыс. /Мақсаты: жаңа тақырыпты бекіту, қателер болса анықтау, жаңа тақырыпты игерудегі олқылықтарды жою/

Сынып оқушылары үш-үштен топқа бөлініп, әр топқа көпмүшелерге амалдар қолдануға екі есеп беріледі және топтардың тапсырмалары бір-бірінен өзге болады (Қосымша1).

Тапсырмалар флипчарттарда орындалып, үстелде қалады. Ал топтар мұғалімнің белгілеген уақытынан кейін сағат тілімен қозғала отырып, келесі топтардың тапсырмаларын тексереді. Тапсырмаларды тексеру барысында қателер болса, басқа түсті қаламмен қатені түзету ұсынылады.

Топтар өз орындарына қайта келгенше жұмыс жалғасады.

Жұмыстың соңында барлық қателерге шолу жасалып, «тапсырманы үздік орындаған» топ пен «қателердің себебін анықтай алған» оқушылар мадақталады.

VІ. Есептер шығару

Оқушыларға жеке жұмысқа деңгейлік тапсырмалар беріледі. Олар өздері таңдаған деңгейдің тапсырмасын орындайды. Бірдей деңгейді таңдаған оқушыларға жұптасып орындауға мүмкіндік беріледі. (әр есептен алғашқы екі бөлімі шығарылады)

А тобы: 190, 191, 218, 222, 257,

В тобы: 200, 202, 225, 265, 272,

С тобы: 205, 237, 238, 273, 274.

Тапсырманы ерте аяқтаған оқушыларға Қосымша 2-де ұсынылған есептер беріледі.

Стикерлер

флипчарт маркер

Шыныбеков Ә.Н., Алгебра 7, 2012ж

Сабақтың соңы

5 минут

VIII.Рефлексия /Мақсаты: сабақты қорытындылау, материалды жүйелеу/

Сабақ орындалған тапсырмалар бойынша оқушылар пікірлерін дәптерлеріне жазып тапсырады:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқушылар жауаптары бойынша кері байланыс беріледі.

VI.Үйге тапсырма

  • Көпмүшелерді қосу, азайту және көбейту амалдарына бір – бір есептен, барлығы үш есеп құрастырып, шығарып келу
  • Тест жұмысын орындау

Тест

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

– іріктелген деңгейлік тапсырмалар;

– қайталау сұрақтары және қате жауаптарды түзеу үшін қойылатын жетелеуші сұрақтар;

    • Қойылған сұрақтарға дұрыс, дәлелді жауап берулері қадағаланады;
  • Ынталандыру, қолдау көрсету
  • Сабақ соңында өзін-өзі бағалау және оған кері байланыс

Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл-күйін қадағалап отыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу