Логикалық есептерді шешу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2А бөлімі: Өрнектер. Қозғалысқа есептер

Мектеп: Назарбаев Зиякерлік мектебі Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Логикалық есептерді шешу

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)

3.4.2.2 кестелер мен графиктер құру жолымен логикалық пайымдауға арналған есептерді шешу

 Сабақ мақсаттары

Кестелер мен графиктер құру арқылы логикалық есептерді шешу

 Бағалау критерийлері

Логикалық есептер шығара алады;

Кесте бойынша логикалық есепті түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

 

Кесте, график, шама

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, жауапкершілік,өмір бойы білім алу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

Жылдамдыққа берілген есептер

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастырушылық кезең.

Оқушылардың сабаққа дайындығын ексеру.

(Ұ) «Кім жылдам?» ойыны.

Мақсаты: миға шабуыл, сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Арманда 1 алма, Айнурда 2 алма, Аселде 5 алма болады неше алма?

Әсеттің жасы әкесінен 30 жасқа кіші, Әкесі анасынан 3 жасқа үлкен. Анасының жасы 52 жаста. Әсеттің жасы нешеде?

/Есептің жауаптарын оқушылар берілген планшеттерге (ақ қағаздарға) жазып, «+», «-» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды, кері байланыс жасалады/.

  • Балалар біз не істеді?
  • Ендеше, бүгін біз сабақта не туралы өтеміз?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін шағару.

Слайд

Планшеттер (ақ қағаздар) мен маркерлер

Сабақ

Ортасы

7 мин

15 мин

7 мин

3 мин

Логикалық есептерді шешу

(Ө, Ж,Ұ) Тақтамен жұмыс.

Мақсаты: логикалық есепті кестелік тәсілмен шығару.

Менің киімімнің түсі қызыл емес, Айнұрдыкі жасыл да көк те емес, Армандыкі қызыл да емес, көк те емес. Кімнің кімінің түсі қызыл, кімдікі жасыл, кімдікі көк?

  • Балалар, қалай ойлайсыздар, мына есепті қалай тез есептеуге болады?
  • Қандай тәсілді қолданған тиімді?

/Оқушылар өз жауаптарын ұсынады/.

  • Бұл есепті кесте түрінде жазып, шығаруға бола ма?

/Ұжыммен кесте құрып, есптің шығару жолын бірге талқылайды/.

қызыл

көк

жасыл

Мен

-

+

Айнұр

+

-

-

Арман

-

-

+

  • Кесте арқылы шығару қаншалықты тиімді болды?

/Есепті тез арада шығаруға болады, есептің жауабының дұрыстығын дәлелдей аласың, т.б./

(Т)Делелде.

Мақсаты: күрделі логикалық есептерді кестелік жолмен шығару.

  • Сыныптағы оқушылар санын табыңыз.

Мұғалім алдымен есепті шығару алгаритмін ұжыммен қайталап шығады да топтық тапсырманы таратып береді.

Есеп. Мына шарттарды әрбір сыныптағы ұлдар мен қыздардың санын табуға қолданыңыз:

Мектепте барлығы 117 бала бар.

2-сыныпта 10 қыз бар.

4-сыныптағы қыздардың саны 2-сыныптағыдан екі есе артық.

Мектепте барлығы 58 ұл .

1-сыныптағы ұлдардың саны 2-сыныптағы ұлдардың санынан жарты есе кем .

2-сыныпта барлығы 32 оқушы бар.

3-сыныпта ұлдар мен қыздардың саны тең.

4-сыныпта 12 ұл бар.

Мектептегі ұлдар мен қыздардың саны әр түрлі.

/Тапсырма орындалып болған соң, есепті шығару алгаритмі бойынша «Тізбектеу» әдісі бойынша тақтаға өрнек түрінде шығарылады, да кестеге түсіріледі.

Әрбір топ мүшесі амалдар ретінің дұрыстығын дәлелдеу керек. Тапсырма орындалып болған соң, өз жұмыстарымен салыстырып, өзін-өзі бағалайды, есептің шығару жолы бойынша топтар өзара сұрақтар алмасып, кері байланыс жасалады (Жоғарғы балл -6 балл).

) «Кім жылдам?» ойыны.

Мақсаты: Жылдам есептеу дағдыларын дамыту.

Сауле, Жанар, Айгүл мен Айжантүске қарай кездеспекші болды, бірақ олардың барлығы бір күнде кездесе алмайды.

Сауле сейсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері кездесе алмайды.

Жанар дүйсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері кездесе алады. Айгүл дүйсенбі және бейсенбі күндері жұмысқа бару қажет.

Айжан дүйсенбі, сейсенбі мен жұма күндері бос.

Олардың барлығы жексенбі күндерін үйде өткізгенді қалайды.

Әрбір жұп шай ішу үшін кездесуге бос күн таба алады ма?

Олардың ешқайсысы да кездесе алмайтындай күндер бар ма?

Бір жұптан артық кездесе алатындай күндер бар ма?

/Әрбір топ жұптармен кестелерін ауыстырып, есеп жауаптарын оқиды, өзара тексереді, бірін-бірі бағалайды/.

(Ұ) «Сен - маған, мен - саған»

Мақсаты: оқушылардың білімін бекіту.

  • Бүгінгі логикалық есептерді қандай тәсілмен шығардық?
  • Кестедегі бағандар мен жолдар саны неге байланысты?
  • Кесте түрінде шығарудың тиімділігі неде?

/Оқушылар сұрақтарға жауап береді, бір-біріне кері байланыс жасайды, ақпаратты толықтырады/.

Слайд

Кесте

Қима қағаздар

Слайд

Тақтамен жұмыс

Қима қағаздар

Слайд

Сабақтың соңы

3 мин

«Блоб» ағашында өзін бағалау.

Сабақта не ұнады/ ұнамады....

Сабақты қызықты болды.....

«Блоб» ағашы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Сандық түзудің көмегімен есептерді талдау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәті

Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу