Санның бөлігін табу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: №50 сабақ. Тақырыбы: Санның бөлігін табу | Мектеп: | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Какимбаева Арайлым Каскырбаевна | |||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу. 3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; | |||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||||||
Бағалаукритерийлері | -санның жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін таба алады; -санның үлесін табуға берілген есептерді шығара алады; | |||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану | |||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды. | |||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Бөлшектер, бөлшектерді жазу және салыстыру. | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Жоспарлан-ған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Ынталандыру. «Молекула» ойыны арқылы топтастыру. Оқушылар сынып ортасына жиналып, мұғалімнің нұсқауымен ойнайды. Молекула-2 деген кезде, екі оқушыдан, молекула-3 деген кезде үш оқушыдан топтасады, т.с.с. мұғалім сынып оқушылары санына қарай 3 топқа біріктіреді. (Ұ.Ж) «Математикалық лото» әдісі. Оқушыларға математикалық лото парақтары таратылып беріледі. Лото ойынының ережесіне сәйкес мұғалімнің сұрақтарына жауап болатын ұяшықтарды бояп отырады.
Сұрақтар: - 3 жүзд. 4 онд. 2 бірлігі бар сан. - 6 мен 8 санының көбейтіндісі. - 300 бен 30 дың айырмасы. - 456 санынан тікелей кейін келетін сан. - Ойлаған санды 2-ге бөлгенде 4 шықты. Ойлаған сан неше? - 1 центнерде неше килограмм бар? - 5 пен 6 санының көбейтіндісі. - 1 тәулікте қанша сағат бар? Сұрақтар бойынша ұяшықтарды бояп болған соң, қалған ұяшықтардағы сандар туралы сұралады. - Боялмаған ұяшықтарды топтастыруға бола ма? Қандай? - Масса, ұзындық, уақыт – бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? (шамалар) - ал қалған сандарды ше? (бөлшектер) - Бөлшектерді оқыңдар. - жазуындағы 4 саны нені білдіреді? 1 саны ше? - 20 санының бөлігі нешеге тең екенін қалай табамыз? - Ең үлкен бөлшек санды ата. - Ең кішісін ата. - Ендеше, осы екі топтың осы сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? (шамалар мен сандардың үлесін табамыз) Сөздік бағалау. | Слайд №2 Слайд №3 Тапсырма жазылған кеспе парақтар. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | (Ұ.Ж) Практикалық жұмыс. Оқушыларға дәптерлеріне ұзындығы 10 см, ені 1 см болатын тіктөртбұрыш сызуды тапсыру. Оны тең бес бөлікке бөл. Тіктөртбұрыштың бестен бір бөлігін боя. Тіктөртбұрыштың бестен бір бөлігінің ұзындығын өлше. 10 см 1 см 2 см Сұрақтар:- Есептің шарты бойынша тіктөртбұрыштың ұзындығы қанша сантиметр? -Тіктөртбұрыштың жартысы қанша сантиметр? Оны қалай жазады? Оқушылардан тіктөртбұрышты 5 бөлікке бөлуді сұрау. Сұрақтар: - Тіктөртбұрыштың бір үлесінің ұзындығы қанша? Оны қалай жазады? Сұрақ қою арқылы оқушылардың тапсырманы қалай түсінгендерін қорыту. - Санның үлесін қалай табуға болады? Қорытынды: Санның үлесін табу үшін, осы санды алынған үлестің санына бөлу керек. Оқушылардың жауаптары тыңдалып, ереже бейнежазба (Білімлэнд) көру арқылы бекітіледі, ауызша бағаланады. Сөздік бағалау. (Ж.Ж) Ойлан, жұптас, тексер. Ұзындығы 12 см болатын кесіндісі бар парақша таратып беру. 1-оқушы осы кесіндінің бөлігін сызады. 12 : 3 = 4 см 2-оқушы осы кесіндінің бөлігін сызады. 12 : 6 = 2 см Жұптар сызып болған соң кесінділерін қосады. Қосқан кезде 6 см шықса, тапсырманың дұрыс орындалғаны деген тұжырым жасалады. Сайлик арқылы бағалау. (Ж.Ж) Сәйкестендір және салыстыр. Оқушылар жұбына тапсырма жазылған парақ тарату. Тапсырма санның үлесін табуға және үлестерді салыстыру дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы орындап болған соң, жұптар бір-бірінің парақтарымен алмасып, тексереді. Апельсиннің бөлігі 30 грамм болады. Апельсиннің бөлігі қанша болады? Ал бөлігі ше? Қайсысы артық, ба, әлде бөлігі ме, ба, әлде бөлігі ме? Егер апельсиннің бөлігі 30 грамм болса, бүтін апельсиннің массасын біле аламыз ба? Қалай? Жұлдызша арқылы бағалау. (Т.Ж) «Ой қозғау» әдісі Мақсаты: үлесі бойынша санды анықтау. Әрбір топқа есепті параққа ыңғайлы тәсілмен: сызбамен, мәтінмен, суретпен жазуды ұсыну. Содан соң оқушыларға есепті шығаруды ұсыну. Әр топтың өкіліне өздерінің есебі мен оның шешуін тақтада көрсетуін сұрау. Оқушылармен бірге есептің мәтінін, оның қысқаша жазуы мен шешуін талқылау . Әр топтағы есептің шарты жазылған жазбаны салыстыру . Оқушылардан өз топтарының жұмысы туралы қорытынды шығаруын сұрау. Дескриптор арқылы өз топтарының жұмысын бағалайды. 1-топ. Айшаның 150 теңгесі бар еді. Ол дүкеннен ақшасының бөлігіне балмұздақ сатып алды. Айша балмұздаққа қанша теңге төледі? 2-топ. Түйе 40 жыл өмір сүреді. Өмірінің бөлігінде ол өседі. Түйе қанша жыл өседі? 3-топ. Самал сенбі, жексенбі күндері 80 беттен тұратын кітаптың бөлігін оқыды. Самал демалыс күндері кітаптың қанша бетін оқыды? Дескриптор: 1.Санның бөлігін табу ережесін біледі - 1 ұпай 2. Есептің шартына сәйкес өрнек құрады - 1 ұпай 3. Жауабын дұрыс табады – 1 ұпай Максималды ұпай – 3 ұпай. Басбармақ арқылы бағалау.
(Ж.Ж) Минутпен өрнекте. Тапсырма үлесті оқу, жазу және есептеу дағдысын қалыптастырады. Оқушылар жұбына алдын-ала дайындалған сағаттың макетін тарату. Тапсырманы орындамас бұрын уақыттың өлшем бірліктерін еске түсіру. Сұрақтарға жауап алу. - 1 жылда қанша ай? - 1 тәулікте қанша сағат бар? -1 сағатта қанша минут? -1 минутта қанша секунд? Уақыт өлшеуіштерін еске түсіре отырып, сағаттың бөліктерін қалай табу керек екенін сұрау. Орындап болғаннан соң, смайликтер арқылы бағалау. (Ө.Ж) Есепте. Шамалардың үлесін табу. Үштен бір бөлігін тап:
Бірнеше оқушы сынып алдында тапсырманың шығару жолын түсіндіре отырып, өз есептеуінің дұрыстығын дәлелдейді, өзін-өзі ұпай санымен бағалайды. Жоғарғы ұпай саны – 6 ұпай. Тапсырманы орындауда қиналған оқушыларға қосымша сұрақтар қою арқылы көмек көрсету. (Ө.Ж) Кестемен жұмыс. Есепте. Мақсаты: Санның үлесін табу. Оқушыларға кесте таратылып беріледі.
Бірнеше оқушы сынып алдында тапсырманың шығару жолын түсіндіре отырып, өз есептеуінің дұрыстығын дәлелдейді, өзін-өзі ұпай санымен бағалайды. Жоғарғы ұпай саны – 6 ұпай. Тапсырманы орындауда қиналған оқушыларға қосымша сұрақтар қою арқылы көмек көрсету. | Слайд №4
| ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақ рефлексиясы. «Ашық микрофон» әдісі арқылы бекіту. Оқушылардың оқу материалын қандай деңгейде меңгергенін білу үшін, келесі сұрақтарды қою: -Санның үлесін қалай табамыз? -200-дің жартысын тап. -28-дің бөлігі нешеге тең? - Егер бүтін сан немесе шаманы тең 2 бөлікке бөлсек, онда әр бөлігі қалай атаймыз? - Санның үштен бір бөлігін табу үшін не істейміз? - Егер Асанның 50 теңгесі болса, оның жалпы санының оннан бір бөлігі нешеге тең? − Санның ширегі – бұл? − Егер 40-ты онға бөлсек, онда санның қандай үлесін аламыз? (оннан бір бөлігін). | |||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушыларды санның үлесін табуда өзіндік тапсырмалар ойластырып, көбірек қолдау көрсететін оқушыларға орындатуды тапсырамын. | Сабақ бойы алған білімін жетістік сызғышында көрсету. | Сабақ арасында ұйымдастырылған ойындарда қауіпсіздік техникасын сақтауды сұраймын. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?