Қайырымды істер уақыты. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


46-сабақ. Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу

Тақырып: Қайырымды істер уақыты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Қыдырбаева Роза Анешовна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Шаманың бөлігін және бөлік бойынша шаманы табу: жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу.

Бірқатар оқушылар үшін:

100-ге дейінгі және жүздіктен санның бөлігін және бөлік бойынша санды табу.

Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу

Кейбір оқушылар үшін:

Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Санның бөлігін қалай табу керек және бөлік бойынша санды табуды түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек, алым, бөлім.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Санның бөлігін қалай табуға болады?

Бөлік бойынша санды қалай табуға болады?

Бөлшектің алымы нені көрсетеді?

Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

Жазу:

Бөлшектерді жазыңдар. Есептің шығарылуын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Үлес және бөлшек туралы түсінік. Үлестер мен бөлшектерді жазу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

0–2

Ынталандыру.

"Сөздер банкісі"әдісі

Үстел үстіне сөздер қойылады.Қайырымдылыққа жататын сөздерді "Дұрыс" деп жазылған банкіге, қайырымдылыққа жатпайтын сөздерді "Қате" деп жазылған банкіге орналастыру

Сөздер: көмектесу,әңгімелесу,сенбілік жасау, сырласу,ақша беру,серуендеу, орын беру, жақсылық жасау,үйрету,ағаш отырғызу.

Ыдыс, кеспе қағаздар

2-слайд

3–5

(Т.)Белсендіру.

"Қайырымдылар","Мейірімділер"болып 2 топқа бөліну

Крестиктер- нөлдіктер

Ереже

1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

Сұрақтар:

1) Үйде 56 тұрғын бар. Оның бөлігі – оқушылар. Үйде қанша оқушы бар?

2) Жарысқа 24 спортшы қатысады. Оның бөлігі – мектепке дейінгі балалар. Жарысқа қанша мектепке дейінгі бала қатысады?

3) Шарбақтың 5 метрін бояды. Бұл – бүкіл шарбақтың бөлігі.Шарбақтың жалпы ұзындығы қанша?

4) Хорға 6 оқушы қатысады, бұл барлық оқушының бөлігі. Барлық оқушы саны қанша?

5) Сенбілікке 12 бала қатысты. Оның бөлігі қыз бала. Қыз бала қанша?

6) Автобуста барлығы 25 адам келе жатыр, оның бөлігі ересектер.Автобуста қанша ересек адам келе жатыр?

7) Көшеге 21 ағаш отырғызылды. Оның бөлігі терек ағашы. Көшеге неше терек ағашы отырғызылды?

8) Бәйгеден 3 ат озып келді. Бұл барлық аттардың бөлігі, бәйгеге барлығы неше ат қатысты?

9)Бақшадан 9 кг картоп жиналды, бұл барлық көкөністің бөлігі. Бақшадан барлығы қанша кг көкөніс жиналды?

"Отшашу" арқылы бағалау

Тақта, кесте,сұрақтар

3-слайд

4-слайд

6–10

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Біз бүгін өз білімімізді кеңейтеміз; әрқайсыңызда қандай қиындықтар барын анықтаймыз, қателерді жөндеу.

(Ұ.)Тәжірибелік жұмыс.

№1-тапсырма

а) Жолақтарды бүктеу арқылы көрсетілген бөліктерге бөлу, бөлшектерді өсу ретімен жазу.Оқушылардың алдына жолақтар таратылып беріледі.Оқулықта көрсетілгендей бүктеу арқылы бөліктерге бөлу тапсырылады..Бөлшектерді өсу ретімен дәптерге жазады.

ә) Сөйлемдерді толықтыру.Яғни,көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып оқиды.

1) Үлес көп болған сайын әр үлес ... болады?(кіші )

2) Санның үлесін табу үшін, осы санды үлеске ... (бөлеміз)

3) Үлес арқылы санды табу үшін, оның бөлігін осы үлеске ... көбейтеміз)

б) Оқушыларға бірнеше бөліктерге бөлінген түрлі-түсті дөңгелектер таратылып беріліп,сол бойынша тапсырмалар беру.

1) қызыл дөңгелектің бөлігін қиып алу.сары дөңгелектің жартысын қиып алу,жасыл дөңгелектің бөлігін қиып алу,көк дөңгелектің бөлігін қиып алу.

Смайликтер арқылы бағалау

5-слайд

Бүктеу қағаздары,дәптер

Смайлик

6-слайд

7-слайд

8-слайд

11–28

(Ө.)№2-тапсырма

а)Саябаққа 9 ағаш көшеті отырғызылды. Бұл- барлық көшеттің бөлігі.Енді тағы қанша көшет отырғызылуы қажет?

Есепті талдау:

а)

1)Есепте не белгісіз?

2)Санды табу үшін не істейміз?

(Үлес арқылы санды табу керек.)

Отырғызылды -9 т.,бұл барлық көшеттің

Барлық көшет-?

Ш: 9х3=27 к.

Ж. енді 27 көшет отырғызылуы қажет.

ә)

1)Есепте не белгісіэ?

2) Үлесті табу үшін не істейміз?

(Сан арқылы үлесті табу керек.)

Саябаққа 27 көшет отырғызылды. Оның бөлігі -терек.Қанша терек отырғызылды?

Отырғызылды -27 к.

Терек -?,

Ш: 27:3=9 т.

Ж. 9 терек отырғызылды?

Екі есепті салыстырып, кері есеп екенін айту.

"Шапалақ ұру" арқылы бағалау

Сергіту сәті. "Қуырмаш" видеосын қойып әнін айтқыза отырып, билету.

(Ж.)№3-тапсырма "Сен маған, мен саған"

Бұл тапсырманы жұпта орындайлы. 1-оқушы сұрағын қояды, 2-оқушы жауабын айтады. Келесі тапсырмада 2 оқушы сұрақ қойып, 1-оқушы жауабын айтады.

1) 20-ның бөлігі 2) 27-нің бөлігі

1) 18-дің бөлігі 2) 36-ның бөлігі

1) 6 - бұл санының бөлігі

2) 7 - бұл санының ширегі

1) 9 - бұл санының жартысы

2) 5 - бұл санының бөлігі

Жұпта бағалау

Қиындықтарды түсіндіру.

Тапсырманың дұрыс орындалуын тексеру..

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерден қате жібердіңіз?

– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?

Қиындық тудырған жұмыстарға қайтыпоралып, түсінік беру.

Мұғалім дәптерден бағалау критерийі бар тапсырманы ұсынады.

Мен:

  • – санды не шаманы табуға арналған есептер шығарамын және зерттеймін;
  • – санның/шаманың бөлігін сан бойынша табамын.
  • кері есеп құрастырамын және оны шығарамын.
  • – бөлігі бойынша санды/шаманы табамын.

Дәптер, оқулық,

9-слайд

Телевизор

10-слайд

29–37

Қайталау.

(Ө.) № 6тапсырма

Кесінділер сызу:

Оқушылар 1 дм-де қанша см бар екенін ескеру керек.

а) 1 дм-дің жартысы ( 5см )

ә) 1 дм-дің бөлігі (2 см )

(Т.) 1- топқа 20 кәмпит беріп, 5,4,2 бөлікке бөлдіру, 2-топқа 15 фишка беріп 5,3 бөлікке бөлдіру, 3-топқа 10 түйме беріп, 2,5 бөлікке бөлдіру.

Смайликтермен бағалау

(Ұ.) №7-тапсырма.

Ірімшік тең бөліктерге бөлінді.Егер оның бір бөлігінің массасы белгілі болса, ірімшіктің барлық массасы қанша болады? Слайдқа қарап ауызша орындату.(Үлес арқылы санды табу үшін не істеу керек деген жетекші сұрақ қою )

"Бармақ" арқылы бағалау

(Ө.)Логикалық есеп шығару, балалар негізгі шарттарға мән беруі керек.

Біздің үйде Гүлжан, Меруерт және Лаура тұрады.Кеше мен Гүлжанды және Меруертті көрдім.Олардың біреуінің жасы 9-да, екіншісі 8-де.Бүгін Меруерт пен Лаураны көрдім. Олардың біреуінің жасы 10-да, екіншісі 9-да Кім қанша жаста?

Бір қызды әңгімелеуші екі рет көрді, ол қыз – Мерует және ол тоғызда. Бұл есепті шығарудың негізгі кілті болып табылады.

Смайликтер арқылы бағалау

Үйге тапсырмаға №4,№8 тапсырманы беру

Оқушылардың алдына сұрақтар қорабы қойылады,олар бүгінгі сабақ туралы сұрақтарын осы қорапқа салады.

Дәптер, оқулық, сызғыш

Кәмпит,фишкалар, түймелер

11-слайд

12-слайд

Сұрақтары бар қорап

38–40

Рефлексия.

Білім ағашына жапырақтарға кері байланыс жасап, іледі.

13-слайд

Білім ағашы,жапырақтар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу