Саябақтар мен қала құрылыстары. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


47-сабақ. Санның квадраты. Саябақтар мен қала құрылыстары

Оқу мақсаттары: 3.1.2.1 * санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

Тірек сөздер:

  • санның квадраты

Ресурстар:

  • кеспе қағаздар
  • шахмат тақтасы
  • көбейту мен бөлу компоненттері бар кестелер.
  • тақта, үлестірмелі материалдар
  • қарындаш
  • смайликтер
  • ролик
  • сызғыш
  • телевизор
  • шаблон
  • шаршы, тіктөртбұрыш
  • пифагор кестесі

Сабаққа қатысты деректі материалдар:

  • Сабақта оқушылар бірдей екі көбейткіштердің

көбейтіндісін көбейткіштің квадратымен ауыстыруға

болатынын біледі.

Сабаққа арналған ескертулер

  • санның квадратын табу
  • компоненттерді атау
  • бірдей көбейткіштерді көбейтіндімен алмастыру

Ынталандыру.

Оқушыларды сабаққа дайындау мақсатында «Сәлеметсің бе!» стратегиясын қолданыңыз.

Оқушыларды бір-біріне қарама-қарсы тұрғызыңыз,кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды:

Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);

  • Табыс (сұқ саусақ);
  • Үлкен (ортаңғы);
  • Барлығында (атаусыз);
  • Барлық жерде (шынашақ);
  • Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).

Оқушыларды орнына отырғызып,Астанадағы саябақтар пен құрылыстар туралы қысқа ролик көрсетіңіз.. Қаладағы саябақтардың рөлі туралы ақпарат жинауды тапсырыңыз.

Саябақ жайлы түсінің беріп өтіңіз.Саябақ — демалуға арналған ашық көгалдандырылған аймақ. Саябақтарды мемлекет қамтамасыз етеді және ол кез келген адамның қалауы бойынша демалатын орын.

Белсендіру.

"Велосипед шынжыры"

Оқушыларды тақта алдына шақырып, екі шеңберге бөліп, ішкі және сыртқы шынжырға тұрғызыңыз. Ішкі шынжыр "Саябақ" деп аталады. Сыртқы шынжыр "Құрылысшылар" деп аталады. Белгі бойынша сыртқы шынжыр ("Құрылысшылар")оңға қарай бір қадаммен жылжып отырады. Ішкі шынжыр("Саябақ") орнында тұрады.Ішкі шынжырдағы оқушылар жылжып алдына келген әр оқушыға көбейту кестесінен сұрақ қояды. Сыртқы шеңбер жауап беріп, тагы бір қадам жылжып, келесі оқушыға барады.Оның орнына артындағы оқушы келеді. Ескерту: сыртқы шеңбердегі оқушылар барлығы бірге бір қадам жылжып отырады. сонда шынжыр бір қалыпты айналып тұрады.Оқушылар орнына отырған соң көбейту мен бөлу амалының компоненттерін еске түсіріп, бірнеше оқушыдан сұраңыз.

Жаңаны ашу.

№1 тапсырма. Жаңаны ашу үшін оқушыларға шахмат тақтасын беріп, ондағы шаршыларын санау бойынша тәжірибелік жұмыс орындатыңыз.

Алдымен оқушылар санау әдістерін ұсынады. Өз нұсқаларын ұсынады.

Оқушыларға сұрақ қойыңыз.

Қосудың көмегімен санаудың нәтижесін жүргізуге бола ма?

(Болады, 8+8+8+8+8+8+8+8= 64 ш.)

2.Көбейтудің көмегімен ше?(Болады)

Қандай бірдей екі көбейткішті пайдаланасың?

( 8х8=64 ш.)

Көбейту кестесіндегі көбейту жағдайларынан бірдей көбейткіштер алынады.

8+8+8+8+8+8+8+8= 64 ш.)

( 8х8=64 ш.)

Бұдан кейін оқушылар бұл жазбаны санның квадратымен алмастыруға болатыны туралы шешім шығарады және жазады.

82=64

Ұқсастығын, айырмашылығын сұраңыз.

Ұқсастығы:

Екеуі де өрнек.

Айырмашылығы:

Бірінші өрнек қосынды, ал екінші өрнек көбейтінді.

Көбейту амалының мағынасы бірдей қосылғыштардың қосындысы негізінде түсіндіріледі.

Келесі тапсырманы санның квадратын пысықтау үшін орындатыңыз.Оқушылар слайдтағы суреттерді бірдей көбейткіштер түрінде жазу керек.

4+4+4+4=16

4х4=16

Бұдан кейін оқушылар бұл жазбаны санның квадратымен алмастыруға болатыны туралы шешім шығарады және жазады.

42=16

Ережемен таныстырып, жаттап алуын тапсырыңыз.

Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі сол санның квадраты деп аталады.

№2 тапсырма орындату үшін алдымен сандарды оқытыңыз, сосын тапсырыңыз:

а)Берілген сандардың ішінен бірдей екі көбейткішпен алмастыруға болатындарын жазу. Бұдан кейін оқушылар бұл жазбаны санның квадратымен алмастыруға болатыны туралы шешім шығарады және 2 санының жазбаларын қарайды.

Алмастыруға болатындар:36,81,64,9,16,49,25.

ә)Көбейтіндіні көбейткіштердің квадратына ауыстыруды тапсырыңыз:

3х3 6х6 8х8 9х9 7х7 5х5 2х2

Жауабы: 32,62,82,92,72,52,22.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№ 3тапсырмада пифагор кестесінен оқушыларға бір таңбалы сандар квадратының мүмкін болатын барлық жағдайын жазып алуын ұсыныңыз.. Әр оқушыдан санның квадратының қалай алынғаны туралы сұраңыз. Содан кейін сандарды өсу немесе кему тәртібі бойынша қоюын сұраңыз.

22=4

32=9

42=16

52=25

62=36

72=49

82=64

92=81

Шығармашылық жұмыс

Осы сандардың квадратымен тапсырмалар құрастырып жазуды тапсырыңыз..

Оқушыларды сергіту мақсатында "Австралия жаңбыры"атты сергіту жұмысын жасатыңыз.

Оқушылар отырған күйі

1) саусақтарын сытырлатады

2) сол алақанды оң қолдың 2 саусағымен соғады

3) сол алақанды оң қолдың 4 саусағымен соғады

4) екі қолдың алақанымен шапалақтайды

5)екі қолмен екі санды соғады

6) екі аяқпен еденді кезек соғады

Осы қимылдарды кері қарай реттілікпен жасайды.

Өздік жұмыс

Дәптермен жұмыста формативті бағалауға арналған есепті шығартып, санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде көрсетуді тапсырыңыз..Және есептетіңіз.

Ары қарай үлгі бойынша өзін-өзі тексереді.

12=1х1=1 32=3х3=6 52=5х5=25

22=2х2=4 42=4х4=16 62=6х6=36

72=7х7=4 9 82=8х8=64 92=9х9=81

Қосымша тапсырма:

Жұппен "Көбейткішті тап" ойынын ойнатыңыз.

Жұптар көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде

көрсету үшін бір-біріне сандар жасырады, егер екі

бірдей көбейткіштер аталса, онда санның квадраты

ретінде атауға болады.

Мысалы: біреуі 24 санын атайды.. Екншісі барлық

көбейтінділерді атайды: 6 · 4; 8 · 3; 12 · 2. Егер,

барлық көбейтінділер дұрыс аталса, онда келесі

санды айтады. Егер, 25 саны аталса, онда 5 · 5

көбейтіндісі деп атайды.

. Жетістік критерийін қанатбелгімен белгілеу қажет.

Мен:

  • Санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде көрсету;
  • Санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептей аламын.

Жаңаны қолдану.

№4 тапсырманы топта орындауға беріңіз. Оқушылар өрнектердің мәнін табады. Орындалу тәртібін анықтайды. Егер санның квадраты кездессе, оны бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жазады. Жоғары деңгейде берілуі де мүмкін. Кестеден өрнек құрастыру үшін ақпарат алынады:

(42+22):10=2 72+92+32=139 92-32+72=121

(102+92)+220=401 1х(102+72)=149 22+(1000-92)=923

62+(82+136)=236 52+102+2=127 10х(32-12) =80

Азайғыш

82

2х100

92

Азайтқыш

42

62

(98-57)

Айырыма

ның мәні

48

164

40

Бұрынғы өтілген материалмен жұмыс.

"Мұғалім-оқушы" әдісі

№5, 6 тапсырмалар өткенді бекітуге арналған. Бұл тіктөртбұрыш пен шаршының периметрінің формуласын, амалдар бойынша өрнектерді және есептерді түрлі тәсілдермен шығаруды еске түсіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы тақырыпты жақсы меңгерген оқушылар"Мұғалім" ролінде түсінбеген оқушыларға түсіндіре алады. Ал тапсырмалар әртүрлі белсенді формада берілуі мүмкін. Балаларды осыған ұқсас тапсырмаларды құрастыруға ынталандырыңыз.

№5 тапсырмада көк және жасыл фигуралардың қабырғаларын өлшеп, периметрі мен ауданын табуды тапсырыңыз.. Аудан мен периметрдің формуласын еске түсіру үшін 1-2 оқушыдан сұраңыз.

Шаршы: Тіктөртбұрыш:

S=2см х2 см=4см2 S= 1cм х4cм=4cм2

P=2см х4= 8cм P=(1см+4см) х2=10см

№6 тапсырмада амалдар тәртібін еске түсіріп,өрнекті жазуды тапсырыңыз, қиындық келген оқушыға түсіндіріңіз.

1) 30х5= 1) 459+12= 1) 6+3=

2)36+150= 2) 471-47= 2) 9х4=

36+30х5=186 459+12-47= 424 3)36- 6=

(6+3)х4-6=30

Тақырып бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушыларға сұрақтар құрастыруды талап етіңіз. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыруды үйретіңіз.

Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін оқушыларға өз біліктіліктерін мақсаттарымен байланыстыру қажет: сабақ барысында кім не істей алатынын ұқты: санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде және бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісінен санның квадратын табу; санның квадратынан тұратын өрнектер құрастыруды ұсыныңыз. Бағалау терезесі арқылы кері байланыс алыңыз..



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу