Қала құрылысы және Қазақстанның бейресми символдардың мәні. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
48-сабақ. Сандардың кубы
Тақырып: Қала құрылысы және Қазақстанның бейресми символдардың мәні | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.2.1 * санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну | |||||||||||
Күтілетін нәтиже |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі, санның квадраты, көбейту компоненттері | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарлан ған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Қоры | ||||||||||
0-2 | Топқа бөліну «Алтын адам», «Бәйтерек», «Мәңгілік ел» атаулары бойынша топқа бөліну Ынталандыру. Монументтер туралы ролик көрсету. Монуме́нт (лат. monumentum – «естелік; ескерткіш», monere – «еске салу, жандандыру») — ескерткіштің мәнді өнер туындысы. "Монументті" мүсінді көбіне маңызды, ерлік оқиғалар кезінде өз уақытында адамдардың қабылдауы үшін көп күш жұмсалған оқиғаларға қойылады. «Алтын адам», «Бәйтерек», «Мәңгілік ел» монументтері жайлы ақпарат беру | Монументтердің суреттері немесе слайдттар Ролик 2-слайд | ||||||||||
3-5 | Белсендіру. (Т.) №1 тапсырманы "Сәйкестендір" әдісі бойынша орындату. Әрқайсысының атауын білу үшін санның квадратын тауып, суретпен сәйкестендіру. 82 -"Бәйтерек"монументі (64) 92-"Мәңгілік ел" салтанатты қақпасы (81) 72- "Тәуелсіздік" монументі (49) Бармақ арқылы бағалау (Ө.) №2 тапсырма санның квадратын табуды пысықтауға арналған. а) Қай сандарды бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде беруге болады? Сандарды атау. 4,16,49,25,36,81,64,9. ә) Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін сандардың квадратына алмастыра отырып қалай жазуға болады? Сандарды жазу. 2х2=22, 4х4=42 ,7х7=72,5х5=52,6х6=62,9х9=92,8х8=82,3х3=32 Смайликтермен бағалау | Оқулық Монументтер суреті 3-слайд 4-слайд Смайликтер | ||||||||||
6-10 | Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар). Монументтен басқа да ескерткіштер орнатылуы мүмкін. Санжар Венгрияның Будапешт қаласында болды және сол жерден «Кубик Рубиктің» ескерткішін көрді. Ол сыныптастарына сыйлық әкелуді ұйғарды. Ол бір қорап кәдесый текшелер сатып алды және оларды текше пішінді қораптарға салды.Сендер Санжарға оларды санауға көмектесіңдер. Текше пішіндес қораптарға төртбұрыштарды сал және қорапқа қаншасы сыйғанын сана. | Оқулық, дәптер, кубик-рубик 5-слайд | ||||||||||
11-28 | Жаңаны ашу. (Ұ.)№3 тапсырма а)Жаңаны ашу үшін оқушылар текшелерді қорапқа салып тәжірибелік жұмыс жасайды немесе оқулықтағы суреттерді қарап өз нұсқаларын айтады. -санаудың бұдан да ыңғайлырақ түрін атай аласың ба? Балалар тәжірибелік жұмыс орындайды. Төртбұрыштарды қорапқа суретте көрсетілгендей, шетінен бастап қатарынан қалап салу керек. Осылай, мұғалім балаларды текшелерді үш қатарға бірдей қылып тізіп санауға болатынын түсіндіреді. 3х3- бұл текшенің бір қабатының саны. Ал мұндай қабаттан үшеу шықты. Онда мынадай өрнек шығады: 3х3х3=27 Яғни, 27=33 Санның квадратын жаңаша жазуда тиімді жолын ойын арқылы табуды ұсынады. Осылай балалар шешіммен танысады: Санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісімен атауға болады. Жоғарғы жағындағы 3 деген индекс санның кубы екенін білдіреді. Көбейтіндіні санау үшін балалар алған білімдерін пайдаланады{\displaystyle x^{3}=x\cdot x\cdot x}. Бұл тақырып берілген мысалдардан бұрынырақ игерілгендіктен 1, 2, 3 сандарының кубын табуды ұсынуға болады. 1∙1∙1=13 =1 2∙2∙2=23 =8 3∙3∙3=33=27 Сергіту сәті «Айна» Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. (Ө.) ә) Оқушылар тапсырманы түсінік бере отырып орындайды. Бұл тапсырманы орындауда оқушылар санның кубын табуға дағдыланады.Үш көбейткіштің көбейтіндісін кубпен алмастырады. 3 деген индексті жазады және есептеп көреді. 64=4∙4∙4=43 8=2∙2∙2=23 Бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісін көбейткіштің кубымен алмастыруға болады 4∙4∙4=43 4∙4∙4=16∙4=(10+6)∙4=40+24=64 43=64 а∙а∙а=а3 Бармақ арқылы бағалау Оқушы жұмысты дұрыс орындаса бармақты жоғары қарай, қате орындаса төмен қарай бағыттайды. б) Көбейтіндіні көбейткіштің квадратына немесе кубына алмастыру, есептеу. 3∙3=32 =9 9∙9=92=81 2∙2∙2=23=8 6∙6 =62=36 7∙7=72=49 5∙5∙5=53=125 "Шапалақ соғу"арқылы бағалау Тапсырманы тексеріп, дұрыс орындаса мұғалім шапалақ соғу арқылы бағалайды. (Т.)"Мұқият бол!"әдісі Ойын топта жүргізіледі. Ойынның шартында тапсырмадағы көбейткіштерді оқушылардың кеуделеріне ,бейджге тағып қою керек. Ортаға сусын бөтелкесі қойылады.Бір ойыншы бөтелкені айналдырады, бөтелкенің аузы қай оқушыға қарап тоқтаса, сол оқушы өзіндегі көбейтіндіні көбейткіштердің кубына немесе квадратына алмастырады. Әрбір дұрыс жауап үшін ойыншы өзіне түскен 5 ұпай алады. Ойын бірнеше рет қайталанады. Топта кім көп ұпай жинаса, сол жеңімпаз атанады. Топта ұпайларды топ басшысы санайды,бағалайды. (Ө.)Дәптердегі таапсырманы санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде ойлап,есептеу. Ары қарай үлестірмелі карточка бойынша жауаптарын тексеру үшін салыстырады: 13= 1х1х1=1х1=1 23= 2х2х2=4х2=8 33= 3х3х3=9х3=27 Жетістік критерииі: Мен:
Санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептей аламын; Өзін-өзі бағалау | Дәптер, оқулық, Сабаққа арналған тұсаукесер, текшелер мен қорап 6-слайд 7-слайд Оқулық 8-слайд 9-слайд Сусын бөтелкесі Бейдж Дәптер | ||||||||||
29-37 | Жаңаны қолдану. (Т.)№4 тапсырма.Санның кубын көбейтіндімен алмастырып есептеу керек. 43,53,83,23,93 Үлгі: 7∙7∙7=49∙7=(40+9)∙7=40∙7+9∙7=280+63=343 Егер сыныптың дайындығы жеткілікті болса, барлық бір таңбалы сандардың кубын табуды тапсыру. "Елшілік"әдісі арқылы бағалау Тапсырманы тексеру үшін бір таңбалы сандардың кубы жазылған кесте дайындаңыз. Әр топтан бір оқушыны басқа топтарға елшілікке жібереді. «Елші» болып барған оқушы топтардың жауаптарын дайын кесте бойынша салыстыра отырып тексереді, бағалайды. Бұрынғы өтілген материалдармен жұмыс. (Ө.)№5 тапсырманы нұсқа бойынша орындату, алдымен амалдардың орындалу тәртібін анықтап, өрнектің мәнін табады.Ол үшін амалдарды орындау ережесін еске алып, бірнеше оқушыға айтқызу керек. Жұпта бағалау Тапсырманы орындап болған соң жұбына беріп, бір-біріне дәптерін алмастырып, жұмыстарын тексереді. Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр."Веер" әдісі Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. "Веер" әдісі бойынша. Бір парақты алып, бүктеу арқылы веер жасайды.Ең бірінші оқушы тақырып бойынша бір сұрақ жазады да,парақты бір бүктеп, келесі оқушыға береді. Ол оқушы сұрақты ашпаған күйі өз сұрағын жазады да келесі оқушыға береді Осылай жалғасып,барлық оқушы сұрақ жазады.Сұрақтарды сабақ соңында оқуға болады «Броундық қозғалыс» Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. 1)Текшелерге жазылған сандар кубы 2) Гүлдерге жазылған көбейткіштер 3)Геометриялық фигураларға жазылған сандар квадраты 4) Жеміс суреттеріне жазылған көбейткіщтер | Оқулық. 10-слайд Бір таңбалы сандардың кубы жазылған кесте. Оқулық 11-слайд 12-слайд Веер Текше, геомериялық фигуралар, жемістер,гүлдер фотосы | ||||||||||
38-40 | Рефлексия. Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім? Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім? | 13-слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?