Сәндік-қолданбалы көркемөнер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


49-сабақ. Санның квадраты мен кубы

Тақырып: Сәндік-қолданбалы көркемөнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.1 * санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар үшін:

санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

Бірқатар оқушылар үшін:

санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептеу

Кейбір оқушылар үшін:

Санның квадраты мен кубының құрамын табу үшін, санды өрнектің мәнін бірнеше амал арқылы табу

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік лексика және терминология:санның квадраты, санның кубы

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

  • Бірдей екі, үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде санның квадраты мен кубын ұсына аласыз ба?
  • Бірдей екі, үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде санның квадраты мен кубын есептеңіздер?
  • Қалай ойлайсың санның квадраты мен кубын жазу үшін не үшін жоғарғы индексті ойлап тапты?

Жазу

Санның квадратын, кубын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Бірдей көбейткіштердің туындылары, санның квадраты, көбейту компоненттері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-2

Ынталандыру.

Топқа бөліну.

Қима қағаздағы атаулар бойынша."Оюшылар", "Тоқымашылар", "Суретшілер" болып топқа бөлінеді. Оюшылар сөзін алғандар "Оюшылар"тобына,Тоқымашылар сөзін алғандар "Тоқымашылар"тобына, суретшілер сөзін алғандар "Суретшілер" тобына барып, қима қағаздағы көбейткіштердің квадратын, кубын табу.

Ақпараттық хабар беру: Сәндік-қолданбалы көркемөнер (латынша deco — сәндеймін) — бейнелеу өнерінің бір түрі, шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларын қамтиды, көркемдік қызметтер мен пайдалы және көркем қызметтерімен көркемөнерлік бұйымдар жасауға бағытталған.

Көркемөнер жайлы қысқаша ролик немесе туындылардың суреттерін көрсетеді.

Қима қағаздар

2-слайд

3-слайд

Қазақстанның сәндік-қолданбалы көркемөнері туралы бейнежазба

4-слайд

3-5

Белсендіру.

(Т.)Оқулықтағы №1 тапсырма "Сәйкестендір" әдісі бойынша орындату.Мына заттардың қандай материалдан жасалғанын білу үшін суреттегі сандардың кубын тапқызу. Тапсырма санның квадрат мен кубы туралы түсінікті өзектендіруге көмектеседі.

23=8-киіз, 33=27- тері, 43=64-ағаш, 53=125-сазбалшық;

"Отшашу"арқылы бағалау

Оқушылар тұрған бойы еңкейіп,шапалақ соғады, бірбе-бірте бойларын көтереді,шапалақты да бірте-бірте үдетіп соғып, ең соңында дүркін-дүркін соғады.

Оқулық,суреттер

5-слайд

6-10

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

(Т.)"Эстафета"әдісі бойынша

барлық бір таңбалы сандардың квадраттары мен кубтарын жылдам есептеуді ұсыну.Бұл тапсырманы уақытқа орындауға беруге болады. Оқушыларды 2 топқа бөліп орындату.1 -оқушы орындап болып,2-оқушыға береді,2-оқушы 3-оқушыға т.с.с. тапсырма аяқталғанша орындату. Тапсырманың саны екі топқа бірдей болу керек.

13,23,33,43,52,62,72,82,92

"Шапалақ соғу"арқылы бағалау

Екі топ орындап болған соң жұмыстары тексеріліп,шапалақ соғу арқылы бағаланады. Қай топтың жұмысы толық орындалса, сол топқа ұзақ шапалақ соғылады.

Тапсырма жазылған қағаз

6-слайд

11-28

(Ө.) №2 тапсырма

Сәндік қолданбалы өнер түрлерін таңда:

Тапсырманы дұрыс орындағандар ойыншықтар, жиһаздар,керамика ыдыстарды таңдап алады.

а)Көбейтіндіні санның квадратына ауыстырып, өрнектін мәнін табу.

4∙4 10∙10 30∙30 5∙5

8∙8 3∙3 20∙20 6∙6

ә) Сандардың квадратын бірдей көбейткіштердің көбейтіндісімен алмастыру, өрнектің мәнін табу.

82+200 72+455 102-34 290-102

б) Сандардың кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісімен алмастыру.

200+53 64:23 63+33

Қиындықтарды түзету

Тапсырманың дұрыс орындалуын тексеру

– Кімде қиындық туындады?

– Кім қай жерден қате жіберді?

– Жіберілген қатенің себебін анықтау

Қиындық туындаған оқушыға түсіндіру үшін,жақсы түсінген оқушыны көмекке тарту

(Т.)Қателерін түзету үшін №4 тапсырманы алуға болады.Қиындық келтірген оқушыға топтағы жақсы меңгерген оқушы түсінік бере отырып, бірлесіп орындайды. Және тапсырманы тексеруге көмектеседі.

Санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жаза отырып есепте:

32+28 92-32 72+110

62+42 82+12 32+92

82-22 92+148 62-30

52+250 22+52 44+400

Топ басшысы бағалайды.

Ары қарай бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырманы орындау.Көбейтіндіні көбейткіштің квадраты мен кубына алмастыру. Есептеу. Мысалы:

5∙5

5∙5∙5

6∙6∙6

Мен:

  • Санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде көрсетемін;
  • Санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептей аламын.

Ары қарай карточкадан санның квадраты мен кубын тауып, әріптік жазба құрастыруға болады:

Дәптер, оқулық

Ойыншықтар, жиһаздар, керамика ыдыстар

Оқулық

Дәптер

29-37

Бұрынғы өткен материалмен жұмыс.

(Ж.) №2 тапсырманы жұпта орындатуға болады.

Есепті талдау:

Барлығы қанша кәдесый?

Қанша бөлігін безендірді? бөлігін қалай табамыз?

Әлі қанша киіз үй безендіреді?

Шарты:

Әзірледі-18к.

Безендірді-?,

Қалды-?

Шешуі:

18-18:3=12(к.)

Жауабы: әлі 12 киіз үйді безендіру қажет

Смайлик арқылы бағалау.

(Т.)"Галереяға саяхат"

№5 тапсырма.Оқушыларға топ бойынша тапсырма беріледі.Оқушылар топта ойласып тапсырманы орындайды да,сыныптың қабырғаларына апарып іледі. Барлық топ орындап болған соң галереяға саяхат жасалады.Бір топ келесі топты бағалайды. Осылайша барлық топ бағалап шығу керек.Кестені пайдаланып, теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыру.

Сергіту сәті "Цифрлармен жаттығу"

Оқушылар орындарынан тұрып,музыкамен цифрларды,дене мүшелерімен жасау,1,2,3.

.)6 тапсырманы топпен слайд бойынша орындату.

Бұл жұмысты орындауда оқушыларда үлесті табу дағдысы қалыптасады.

Фигуралар неше тең бөлікке бөлінген?

Қанша бөлігі боялған?

Қанша бөлігі боялмаған?

Оқушылар топта орындап болған соң,әр топтан бір оқушы жауап береді, слайд бойынша тексеріліп, бағаланады.

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары, қате болса, бармақ төменге қарай бағытталады.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақ құрастыр.

(Ө.)Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді,сұрақтар өткен тақырыптар шеңберінде болуы керек.Мысалы, санның квадраты мен кубын құрайтын өрнектер ойластыру.. Мәліметтерді кестеге толтыру.Сол бойынша өрнек құрастыру.

Қосылғыш

82

2х100

92

Қосылғыш

42

62

(98-57)

Қосылғыштың мәні

Смайликтер арқылы бағалау

Дәптер, оқулық.

Киіз үй суреті

7-слайд

8-слайд

Кесте

9-слайд

10-слайд

11-слайд

11-слайд

12-слайд

Кесте

38-40

Рефлексия.

«Блум текшесі» әдісі арқылы кері байланыс жасау. (Текшенің әр қабырғасында:

«Мен үшін не қызықты болды?»,

«Мен не үйрендім?»,

«Мен не түсіндім?»,

«Не қиын болды?» деген сұрақтар жазылып тұрады. Текшені лақтырғанда әр топтан 2 оқушы сұраққа жауап береді).

Үйге тапсырмаға №7 тапсырманы ұсынуға болады.

Блум текшесі

13-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу