Сыбайлас және вертикаль бұрыштар. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді

жоспар бөлімі:

7.1B: Геометрияның алғашқы мәліметтері

Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Акиева А.Б.

Сынып:7

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгеру

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу

мақсаттары

7.3.1.9 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу;

7.3.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану;

Сабақ

мақсаттары

сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын біліп, олардың қасиеттерін дәлелдеу және есеп шығару барысында қолдану;

Бағалау критерийлері

сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамаларын біледі, оларды анықтайды және кескіндейді

Тілдік

мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Оқушылар орындай алады: Бұрыштардың түрлерін біледі. Оқушылар топпен талқылауға қатысып, ұсынылған идеяларды негіздеу үшін математикалық тілді пайдаланып, зейінмен тыңдайды және жетекшілікке еріп отырады.

Пәндік лексика және терминология:

сыбайлас бұрыштар – supplementary angles

вертикаль бұрыштар – vertical angles

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері :

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек.

Оқушыларға интегралдау есептерін шығару үшін шығармашыл болу керек, талап қою білуі, жұппен жұмыста қолдау көрсете алуы керек.

Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Бұрыш ұғымы география, физика, астрономия және тағы басқа ғылым салаларында қолданылады. Сондықтан бұл тақырыптың қолданбалы есептерді шешуде маңызы бар

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау

Бастапқы білім

Бұрыштар туралы бастапқы геометриялық мағлұмат

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

№1 Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен таныстыру, бірлесіп сабақ мақсаттарын қою /2 мин

№2 Стартер

1. Стратегия «Есте сақтаңыз» Сөздікпен жұмыс/үш тілде бір-біріне айтып беру / 3 мин

Преезентация

Сабақтың ортасы

30 минут

I. Теориялық бөлім

1. Өткен тақырыпты қайталау / 2 мин

Партнермен жұмыс. Оқушылар жұпта өткен тақырыптар бойынша бір-біріне сұрақ қою арқылы негізгі анықтамалар, аксималар мен теоремаларды қайталайды.

2. Стратегия «Сәйкестендіріңіз / 3 мин. Group Work: The class divided into 3 groups. Each group has key words and pictures. Task: Match the key words and pictures

3. Жаңа тақырып / вертикаль және сыбайлас бұрыштар / 7 мин

Оқушылар теориялық материалды оқулықты немесе таратпа материалды қолданып оқып, қысқаша конспект жазады, сұрақтар бар болса, мұғалім бағыт-бағдар береді.

II. Жаңа тақырыпты бекіту жаттығулары //5 мин

III. Практикум // 7 мин

топпен жұмыс, оқулық бойынша есеп шығару №75, 80, 85 / Ә.Н. Шыныбеков, Геометрия 7 сынып. Оқушылардың сұрақтары болса, мұғалім бағыт-бағдар береді. Кейбір оқушылар тақтада жұмыс жасайды.

Жұмыс соңында өзара тексеру жүргізіледі, қорытынды жасалады.

Үлгерімі жақсы оқушыларға шығарылған есептер үшін кері есептер құрастыруды немесе оларды басқа тәсілмен шешуді ұсынуға болады.

IV. Қалыптастырушы бағалау жұмысы // 7 мин

Жеке тапсырма / үлестірме қағаз / өзара тексеру. Соңында мұғалім тексеріп, оқушылардың сабақ мақсатына жетті немесе жепһтпеді деген қорытынды шығарылады.

Презентация

Қосымша материал

Ә.Н.

Шыныбеков, Геометрия 7 сынып

Қосымша материал

Қосымша материал

Сабақтың соңы

5 минут

Сабаққа қорытынды/Рефлексия

Сабақты бекіту

Кері байланыс «Жетістік ағашы»

Үйге тапсырма /қайталау, сөздікпен жұмыс

Тақырып бойынша теоремаларды және анықтамаларды оқып кайталау.

№ 73, 84

Ә.Н.

Шыныбеков, Геометрия 7 сынып

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Қосымша колдау алдыңғы жұмыстар кезінде кемшіліктер мен қателіктер жіберген оқушыларға бағытталады. Қатемен жұмыс жасалады, негізгі қиындықтар талданады, түзетіледі. Соңында тапсырманың екінші нұсқасы қайталап ұсынылады.

Жалпы қиын есептерді тек үлгерімі жақсы оқушы шығарсын деген идеяны құптамаймын. Оқушылардың барлығы қиын есептерді шығарады, мәселе тек кімнің қалай шығаратыны туралы ғана болады. Біреу тез, екіншілері баяу шығарады. Үлгерімі жақсы оқушыларға қиын есепті қалай шығарғаны туралы, оның әдістерін ашып жазғызамын. Кейде шамасы келмеген оқушыларға кеңесші болады, түсіндіреді. Кері есептер құрады. Басқа тәсілмен шешеді.

Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау

Ауызша және жазбаша жұмыстар

Мәтінмен, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау үшін және қателердің бар-жоқтығын түсіну үшін мұқият қарастырылады.

Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін пайдаланамын. Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, өзгенің жұмысына комментарий жасау, қадағалау, тапсырманың нәтижесін тексеру қарастырылады. Ауызша не жазбаша бағалау, светофор, смайликтер, жетістік ағашы, не? қалай? және тағы басқа стратегиялар қолданылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу