Мәтін есептерді шығару. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1А Бүтін көрсеткішті дәреже

Мектеп: Тараз қ. ФМБ НЗМ

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәтін есептерді шығару (2)

Сабақтың түрі

Өтілген тақырып бойынша білімді, білік пен дағдыны бекіту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

7.5.2.1

өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығару;

 Сабақтың мақсаттары

Өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептерді шығару

Бағалау критерийлері:

Оқушы сабақ мақсатына жетті, егер

Оқушылар стандартты түрде жазылған сандарды қолдану арқылы есептерді шығара алады.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;
  • санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді;
  • пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.

Бөлім бойынша лексика және терминология:

  • санның стандарт түрі;
  • санның стандарт түрі ұғымын, оның мәнді бөлігі мен ретін біледі;

Диалогқа және жазылымға қажетті тіркестер:

  • санды стандарт түрде жазыңыз;
  • егер санның мәнді бөлігіндегі ондық разрядтың үтірін n бірлікке ... орын ауыстырса, онда 10-ның дәреже көрсеткішіне (көрсеткішінен) ...

 Құндылықтарды дарыту

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыс

Дәрежелермен жұмыс істей білу химия, физика саласында, сонымен бірге техникалық есептеулер жүргізгенде қажет. Стандарт түрде жазылған сандар ғылымда үлкен және кіші шамалардың өлшемдерін жазу үшін жиі қолданылады.

 Бастапқы білім

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері, бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері, дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру, стандартты түрде жазылған сандармен амалдар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин)

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Жұппен ауысу жұмыстарын ұйымдастыру. Әр оқушы өздері құрастырған есептерді жұптарына береді, содан кейін оқушылар есептерді шығарады және жауаптарын салыстырады, қызықты есептерді қарастырады.

Сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын тұжырымдау және жазу.(1 мин)

Өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты мәтін есептерді стандартты түрде жазылған сандарға амалдар қолдану арқылы шығару жұмыстарын жалғастырамыз

Сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын жазу (слайд 1).

Білімді жетілдіру (6 мин)

Сабақта табысты жұмыс істеу үшін стандартты түрде жазылған сандармен амалдардың алгоритмін қайталаймыз.

Амалдарды пікір білдіру арқылы ауызша орындау ұсынылады. Оқушылар слайдтағы 2,3,4,5 тапсырмаларды ауызша орындайды.

Оқушылар жұмысы

2 сабаққа презентация

Ұ

Сабақтың ортасы

30 минут

Өтілген тақырыпты мәтін есептерді шығаруда бекіту.

Бізді қоршаған ортада тек қана өте үлкен сандармен емес, сонымен қатар өте кіші сандармен де есептер шығару керек болады. Бұл сандарға мысалды микробиология, химия және басқа да ғылымдарда кездестіруге болады. Кестеде (слайд 6) кейбір кіші денелердің өлшемдері берілген.

1

Үшкір түйрегіш

0,0001 м

2

Инфузория-туфелька

0,0002 м

3

Пневмония бактериясы

0,0000001 м

4

Қан жасушасы

0,00000075 м

5

Ақуыз молекуласы

0,00000001 м

6

Сутегі атомы

0,0000000002 м

Жеке жұмыс (5 мин)

1тапсырма.

Сандарды стандартты түрде жазу арқылы кестенің үшінші бағанын толтырыңыз және кіші денелердің номерлерін қолдану арқылы сандарды кему ретімен жазыңыз.

Оқушылар тапсырманы жеке орындаған соң нәтижелерімен басқа жұптармен бөліседі

Жұппен жұмыс (10 мин)

2 тапсырма.

Берілгендер бойынша есеп құрастырыңдар. Жұптарыңмен есептермен алмасыңдар және олар құраған есептерді шығарыңдар. Тапсырманы орындауға кіріспес бұрын бағалау критерийлерін әзірлеңіздер.

Бағалау критерийлерін әзірлеу және талқылау .

Мүмкін нұсқалар:

  • тапсырманың мазмұны (сюжет);
  • күрделілік деңгейі;
  • тапсырманың шартына сәйкестігі;
  • дұрыс шешім.

Оқушылар жұппен жұмыс жасау арқылы тапсырманы орындайды.Қызықты тапсырмалар сыныппен талқылауға ұсынылады. Критерийлерге байланысты ішінара бағалау жүргізіледі.

Мақсатқа жету деңгейін тексеру (15 мин)

Мақсатқа жету деңгейін анықтау үшін жеке жазбаша өзіндік жұмыс ұсынылады.

Тапсырмалар.

  • Егер жарықтың жылдамдығы 3∙105 км/с болса, ол 1,2∙106 с-та қанша жол жүреді?
  • Бір планетаның массасы 5,98∙1024 кг, ал екінші планетаның массасы 6,4∙1023 кг. Қайсысы үлкен: бірінші планетаның массасы ма, екінші планетаныкы ма? Қаншаға үлкен?
  • Бір жұлдызды дененің массасы 1,9∙1024 кг, ал екіншісінікі 4,87∙1024 кг. Қайсысы кіші: Бірінші жұлдызды дененің массасы ма, екіншісінікі ие? Қаншаға кіші?
  • Темірдің тығыздығы 7,8∙103 кг/м3. Ұзындығы 3,2 м, ені 5∙10-1 м және қалыңдығы 2,5∙10-1 м болатын темір плитаның массасын табыңыз.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Оқушылар стандартты түрде жазылған сандарды қолдану арқылы есептерді шығара алады.

Стандартты түрде жазылған сандарды бөлуді дұрыс шығарады

Стандартты түрде жазылған сандарды көбейтуді дұрыс шығарады

Стандартты түрде жазылған сандарды алуды дұрыс шығарады

Стандартты түрде жазылған сандарды бірнеше амал қолдану арқылы дұрыс шығарады

М

2 сабаққа презентация

2 сабаққа оқушының жұмыс қағазы

Апеева Г.К., Кожахметова Г.Б. Санның стандартты түрі: оқу-әдістемелік құралы. Астана.

Ө

2 сабаққа оқушының жұмыс қағазы

Ж

Физминутка https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Ө

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау.

Топтық рефлексия (3 мин)

1. Алдарыңызға қойылған мақсатты тұжырымдаңыздар.

2. Мақсатқа жеттіңіз бе, анықтаңыз.

3. Мақсатқа жетуге көмектескен құралдар мен әдістерді айтып шығыңыз.

4. Сыныпта шешілмеген қиындықтарды тұжырымдаңыз, егер бар болса.

Оқушылар қойылған сұрақтардың жауаптарын топпен талқылайды және бір топ басшысы нәтижені айтады.

Жеке рефлексия (1 мин)

Оқудың мақсаты

Білемін

Қолдана алдым

Өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты мәтін есептерді шығару

Оқушылар жеке рефлексия карталарын толтырады және анализ жасау үшін мұғалімге өткізеді.

Үй жұмысының құрылымы (1 мин).

1 тапсырма.

Қазақстан солтүстік және шығысынан Ресеймен шектеседі (км), батыста – Қытаймен (км), оңтүстікте – Қырғызстанмен (км), Өзбекстанмен (км) және Түркменстанмен (км). Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы қандай?

2 тапсырма.

Барлық ақпарат көздерін қолдана отырып, Қазақстанның ең үлкен көлдерінің ұзындықтарын тауып, оларды салыстырыңыз.

Апеева Г.К., Кожахметова Г.Б. Санның стандартты түрі: оқу-әдістемелік құралы.

Астана.

Саралауқандай жолмен көбірек көмек көрсетуді жоспарлап отырсыз? Мүмкіншілігі жоғары оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалауоқушылардың материалды түсіну деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау жұппен жұмысты ұйымдастырғанда пайдаланылады. Жұптар мықты - орташа болып құрылады. Жақсы оқитын оқушылар басқаларына көмектеседі. Түсінбей қалған оқушылар сұрақ қоюға және түсіндірме алуға мүмкіндіктері бар.

Сабақта өзін-өзі бағалау, өзара бағалау түріндегі формативті бағалау және мұғалімнің жазбаша жұмыстарды жеке бағалауы жүргізіледі.

Сабақта интерактивті тақтаны қолдану 15 минуттай уақыт алады. Сабақ барысында физминутка жүргізіледі. Оқытудың белсенді тәсілдері қолданылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Шартты белгілеулер:

Ұ = ұжымдық жұмыс;

Т = топтық жұмыс;

Ө = өздік жұмыс;

Ж = жұптық жұмыс;

М = мұғалімнің көрсетуімен.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу