Мәтінді есептерді теңсіздіктер арқылы шешу. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

7.1А Мәтінді есептерді математикалық модельдеу

Мектеп:

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 7

Келген оқушылар саны:

Жоқ оқушылар:

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді есептерді теңсіздіктер арқылы шешу

Оқу мақсаттары

7.2.2.5 қосымша шарттары бар сызықтық теңсіздіктерді шешеді

(берілген аралықта өрнектің ең үлкен немесе ең кіші мәнін таба алады);

7.5.2.2 сызықтық теңдеулер, сызықтық теңсіздіктер және сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы мәтінді есептерді шешеді;

 Сабақ мақсаты

Сызықтық теңсіздіктерді шеше алады, сызықтық теңсіздіктер шешімін геометриялық интерпретация және сан аралығы түрінде көрсете алады, қосымша шарттарын анықтай біледі

 Бағалау критерийлері

  • Сызықтық теңсіздіктерді шеше алады
  • Сан аралығындағы ең үлкен мәнін таба алады
  • Сан аралығындағы ең кіші мәнін таба алады
  • Сызықтық теңсіздік құра алады
  • Сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімін таба алады
  • Сызықтық теңсіздіктер жүйесін құра алады

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Түбір, алгоритм, модель, теңдеу

Диалогқа қажет сөз –тіркестері:

сызықтық теңдеу, математикалық модель, мәтінді есептер

Пәнге қатысты лексика мен терминология

стандарт – standart

элемент – element;

түбір – root

модель - model

теңдеу - equation

теңсіздік - inequalities

 Құндылықтарды тәрбиелеу

  • Академиялық шынайылық, ұжымдағы өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау; ұжым пікіріне шыдамдылықпен қарау, толеранттылық
  • ЖА білу және түсіну: бірқалыпты даму, әлеуметтік әділдік және теңдік
  • ЖА құндылықтары: мақсатты қатысу және белсенділік
  • ЖА дағдылары: сындарлы және шығармашылық ойлау; өз-өзіне деген сенімділік, рефлексия дағдылары, қарым-қатынас

 Пәнаралық байланыс

Информатика, геометрия, экономика

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, презентация

 Алдын-ала білімдері

Теңдеу түсінігі, теңдеуді шешу, тепе-тең теңдеулер

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау

ІІ. Білімдерін өзектеу

Өздік жұмыс

1-тапсырма

Сызықтық теңдеулерді шешіп, түбірлер санын анықтаңыз:

a)

b) 3х+2=6х+(5-3х)

c)2(4х+3)=(8х-2)+8

Дескриптор: Оқушы

  • жақшаларды ашады;
  • ұқсас мүшелерді қосады;
  • шешімді табады;
  • түбірлер санын анықтайды.

2-тапсырма

a және b қандай мәнінде теңдеудің түбірі жоқ.

Дескриптор: Оқушы

- өрнекті ықшамдайды;

- теңдеудің шешімі болмайтын a мен b-нің мәндерін анықтайды;

3-тапсырма

a) теңсіздігін қанағаттандыратын ең кіші бүтін санды табыңыз

b)теңсіздігін қанағаттандыратын қанша натурал сан бар?

c) теңсіздігін қанағаттандыратын барлық бүтін теріс шешімдерін табыңыз.

Дескриптор: Оқушы

  •  теңсіздікті қанағаттандыратын ең кіші бүтін санды анықтайды;
  •  теңсіздіктің натурал сандар шешімдерін табады;
  •  теңсіздіктің барлық бүтін теріс шешімдерін жазады.

Өздік жұмысты тексеріп, оқушыларға кері байланыс беріледі.

Foundation EX.

Алдамұратова, 6 сынып Математика

Сабақтың ортасы

ІІІ. Білімдерді бекіту.

1) Бір қоймада 120 т, екіншісінде 72 т көмір болды. Күн сайын бірінші қоймадан 6 т, екіншісінен 2,4 т көмір әкетілді. Неше күннен кейін екінші қоймаға қарағанда бірінші қоймада 1,5 есе артық көмір қалады?

2) Теңсіздіктер жүйесін (-4;6) аралықта шешіңдер

3) Дәлелдеу керек:

a) теңдеуінің түбірі болмайтынын;

b) теңдеуінің түбірі болатынын;

c) +26 теңдеуінің түбірі болатынын.

4) Бірдей екі цистернаның бірінде 34 т, екіншісінде 48 т мұнай бар. Цистерналарды толыру үшін олардың біріне екіншісіне қарағанда екі есе артық мұнай құйылды. Әр цистернаға қанша мұнай құйылды?

5) Клуб үшін 110000 теңгеге 10 комплект шахмат және 16 комплект дойбы алынды. Егер 4 комплект дойбы 3 комплект шахматтан 2200 тг арзан тұратын болса, онда бір комплект шахмат және бір комплект дойбы қанша тұрады?

6) 2 кг күріш пен 3 кг ұнға 8250 теңге төленеді. Егер бір килограмм күріш бір килограмм ұннан 500 тг қымбат болса, онда бір килограмм күріш пен бір килограмм ұн сатып алуы үшін барлығы қанша ақша төлеу керек?

7) Темір банканың массасы 500кг, ал мыс банканың массасы 200кг. Егер бір машинаға 4 тонна банкалар жүктелді және банкалар саны 12 екені белгілі. Неше темін банка жүктелді?

8) Бірінші жұмысшы 4 сағатта екінші жұмысшының 5 сағатта жасағанынан 10 бөлшек артық жасады. Екінші жұмысшы біріншіге қарағанда сағатына 1 бөлшек кем жасады. Бірінші жұмысшы қанша бөлшек жасаған?

9) Жеміс сусынын даярлау үшін алма, апельсин және шие сатып алынды. Олардың массаларының қатынасы 5:4:3 қатынасындай. Алманың массасы шиенің массасына қарағанда 1,2кг артық болса, барлығы неше килограмм жеміс сатып алынған?

10) Балықшы моторлы қайықпен балық аулауға шығып, ол жолға өзен ағысымен сағат, ал ағысқа қарсы одан 28 минут артық уақыт жұмсады. Егер қайықтың тынық судағы жылдамдығы 16,5 км/сағ болса, онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.

11) Саяхатшылар белгіленген маршрутты үш күнде жүріп өтті. Олар бірінші күні белгіленген маршруттың 35% -ін жүріп өтсе, екінші күні бірінші күнге қарағанда 3 км артық жүрді, ал үшінші күні қалған 21 км ді жүріп өтті. Маршруттың ұзындығы қандай?

12) Екі пристаньның арасын өзен бойымен қайық бір бағытта 4 сағатта жүзіп өтсе, оған қарсы бағытта 8 сағатта жүзіп өтеді. Өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ. Екі пристаньның ара ара қашықтығы қандай?

13) Туристер қайықпен 1 сағ, катермен 1,5 сағ жүзіп барлығы 42 км жол жүрді. Катер жылдамдығы қайық жылдамдығынан 4 есе артық.Катер жылдамдығы мен қайық жылдамдығын табыңдар.

14) Ара қашықтығы 10 км А және В екі пунктінен бір-біріне қарама-қарсы бағытта велоипедші мен жеңіл автомобиль жолға шықты. 24 мин өткенде олардың ара қашықтығы 40 км болды. Велосипедшінің жылдамдығы автомобильдің жылдамдығынан 4 есе кіші екені белглі болса, онда оның жылдамдығын табыңыз.

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақтың мақсатына жеттім деп ойлайсыңдар ма?

Қандай қиындықтар туындады?

Қай мәселені шешу үшін көмек керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты).

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу