Стандарт түрде жазылған сандарды салыстыру. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Мұғалім:

7.1В Бүтін көрсеткішті дәреже

Сабақ тақырыбы

Стандарт түрде жазылған сандарды салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.1

өте үлкен немесе өте кіші шамаларды жазу үшiн сандарды стандарт түрде жазудың қажеттiлігiн түсiнеді (мемлекет халқының санын немесе молекула өлшемін жазу үшін);

7.1.1.2.

санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін біледі;

Сабақ мақсаттары

стандарт түріндегі жазылған сандарды салыстыра алу; салыстыру жолын табу;

Бағалау критерийлері

санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін біледі;

стандарт түрде жазылған сандарды салыстыру жолын табады; стандарт түрде жазылған сандарды салыстыру жолын есеп шығаруда қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;

Бөлім бойынша лексика және терминология

- дәреженің негізі;

- дәреже көрсеткіші;

- натурал көрсеткішті дәреже;

- бүтін көрсеткішті дәреже;

- дәрежеге шығару;

- көбейтіндінің дәрежесі;

- бөліндінің дәрежесі;

- дәрежелердің көбейтіндісі;

- дәрежелердің бөліндісі;

- дәрежені дәрежеге шығару;

- санның стандарт түрі;

- стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті;

- заңдылық, тізбек, тізбектің элементі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі;

- ... дәреже түрінде жазыңыз;

-негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);

-негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;

-теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;

-теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;

-негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз;

-санды стандарт түрде жазыңыз;

Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру;

Пәнаралық байланыс

Мәтін есептерді шығару барысында оқушылар физикилық және химиялық процесстермен байланысты үдерістермен танысады

Бастапқы білім

Бүтін көрсеткішті дәреже

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

1) оқушылармен сәлемдесу, зейінін сабаққа шоғырландыру, түгелдеу;

2) сабақ жоспарын хабарлау ;

Сабақтың ортасы

Үй жұмысын тексеру

(5 минут)

4)мұғалім үй жұмысының шешу жолын көрсетеді, оқушылар өз жұмыстарын жасыл қаламмен тексереді. (№3,4)

Қосымша

Алдыңғы сабақты жаңа сабақпен байланыстыру кезеңі(5мин)

5) Мұғалім оқушыларға қызыл және жасыл түсті карточкалар таратады. «Иә» немесе «Жоқ»деп жауап беретін сұрақтар қояды.

1. 2,3103 саны стандарт түрде жазылған ба?

2. 3,43103 санының мәнді бөлігі 3 тең болады ма?

3. 24103 саны стандарт түрде жазылған ба?

4. 3,43103 санының реті 3 тең бе?

5. 3,4310-8 санының мәнді бөлігі 3,43 пе?

Оқушы «Иә» деген жауабына жасыл, ал «Жоқ» деген жауабына қызыл карточкасын көтереді. Қате карточканы көтерген баланың жауабын түсіндіру сұралады

Презентация

Жаңа материалды бекіту

Жұптық жұмыс (15 мин)

6) Оқушылар жұптасып төмендегі жаттығуды орындайды. Аяқтағанда бір-бірін тексереді

Салыстырыңыз

2,4103 және 1,2103;

2,410-8 және 1,210-8;

5,4107 және 5,2107;

2,4103 және 1,2105;

2,410 -7 және 1,2103;

2,410-5 және 1,210-3

Әр топ сандарды салыстырудың жолын түсіндіреді

  • АҚШ-тың жер аумағы 9,5 · 106 км2құраса, Қазақстанның жер аумағы - 2,725 106 км². АҚШ-тың жер аумағы Қазақстанның жер аумағынан неше есе үлкен? Жауабыңды бүтінге дейін жуықта.
  • Айдың массасы -7,35 · 1022 кг. Жер массасы- 5,9742 1024 килограмм.Ай массасы Жер массасынан неше есе кіші?
  • Стандарт түрде жазылған сандарды өсу ретімен орналастыр

5,8 · 1023; 8 · 100; 2,4 · 10–17; 9,1 · 107.

Қосымша

Бекіту кезеңі

(10 мин)

ж) Оқушылар тапсырмаларды жеке орындайды

№ 1. Төмендегі сагдарды өсу ретімен жазыңыз

№2. Сандарды салыстыр:

  • 1,7·106 и 9,8·105;
  • 8,6·10–5 и 2,3·10–4.

№3. Төменде Жер мен өзге планеталар арасындағы арақашықтық берілген.

Венера – 4,14107 км; Марс – 7,83107 км; Меркурий – 9,16107 км; Нептун – 4,35109 км; Сатурн – 1,28109 км; Уран – 2,72109 км; Юпитер – 6,28108 км.

Планеталарды Жерден алыстау ретімен орналастыр.

Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушыларға дайын жауаптармен өзін-өзі тексеруін сұраңыз

Қосымша

Сабақтың соңы Қорытындылау (3 мин)

з) Рефлексия (Reflection).

Мұғалім оқушылардан төмендегі сұрақтарға жауап беруін сұрайды

  • Бүгін мен … білдім
  • Меніңше, …
  • Маған қызық болғаны-
  • Менің бұл жайлы ойым
  • жайлы тағы тыңдағым келеді
  • Жұмыс мағанкөмектесті
  • шабытым оянды

и) Мұғалім сабақты қорытындылайды Үйге: №3,4

Қосымша

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Мақсат қою кезеңінде қиналған оқушыларға өзге сыныптастарынаннемесе мұғалімнен көмек берілді
  • Қабілеті жоғары оқушылар өзгелерге көмектесе алатындай және өзінің дәлелдеу қабілетін арттыруы мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру.

Оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділіктрін бақылау арқылы формативті бағалаймын. Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Математика кабинетінде өзін-өзі ұстау ережелерін қадағалау, интерактивті тақтамен қолдану ережелерін қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Барлық оқушы ОМ жетті

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Саралау сабақ жоспарына сай өтті

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақтың әр кезеңі өз уақытында орындалды

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Барлық жоспарланған әрекеттер орындалды

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Карточкаларды қолдану өте ыңғайлы болды

2: Оқушыларға 3-тапсырманы орындау қызық болды

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Санды стандарт түрде жазуды бастамас бұрын көмек ретінде алгоритмін тақтаға/постерге жазып қою керек

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кейбір оқушылар өз ойын математикалық тілде жеткізуде сөздік қорының аздығынан қиындықтарға тап болады. Ол үшін термин сөздер мен анықтамаларды жаттаулары қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу