Үлеспен есептер шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі:

№52 сабақ. Тақырыбы:

Үлеспен есептер шығару

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Какимбаева Арайлым Каскырбаевна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігібойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • Шаманың бөлігін және бөлік бойынша шаманы табады: жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін таба алады.

Оқушылардың көбі:

  • Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығарады және зерттейді; кері есептерді құрастырады және шеше алады.

Оқушылардың кейбірі:

  • Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығарады және зерттейді; кері есептерді құрастырады және шеше алады.

 Бағалаукритерийлері

-санның жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін таба алады;

-санның үлесін табуға берілген есептерді шығара алады;

-санның үлесін тауға берілген есепке кері есеп құрастырып, шеше алады.

 Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Бөлшек, алым, бөлім.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Санның бөлігін қалай табуға болады?

Бөлік бойынша санды қалай табуға болады?

Бөлшектің алымы нені көрсетеді?

Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

 Құндылықтар

Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

 Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлшектер, бөлшектерді жазу және салыстыру.

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық.

"Тілек шоғы" әдісі.

Мақсаты: сыныпта жағымды ахуал, жақсы қарым-қатынас орнату.

Мұғалім алдындағы оқушыға тілек тілеп, бір тал гүлді ұсынады. Гүлді алған оқушы келесі оқушыға тілек тілеп береді, осылайша жалғасып, ең соңғы оқушы гүлін мұғалімге береді.

(Ұ.Ж) Математикалық диктант

Мақсаты: Санның/шаманың үлесін табу және үлесі бойынша санды табу.

Оқушыларға математикалық диктант оқу. Орындап болған соң, интербелсенді тақтада дұрыс жауаптарын көрсету. Оқушылар өзін-өзі дұрыс жауап кілттерімен тексереді. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі. Соңында ең көп ұпай жинаған оқушыларды атап, «Отшашу» әдісі арқылы бағалау.

- Сыныпта 28 оқушы бар. Оның бөлігі футбол үйірмесіне қатысады. Қанша бала футбол үйірмесіне қатысады?

- Бақта 18 жеміс ағашы өсіп тұр. Оның бөлігі шие ағашы. Бақта қанша шие ағашы өсіп тұр?

- 1 алманың салмағы 300 грамм. Осы алманың бөлігі қанша грамм болады?

- 1 қап ұнның бөлігі 10 килограмды құраса, бір қап ұнный салмағы қанша килограмм?

- артық па, әлде артық па?

- Саяхатшы барлық жолдың бөлігін, яғни 200 километр жолды жүріп өтті. Саяхатшы барлығы қанша километр жол жүру керек?

- Қарбызды теңдей етіп 7 бөлікке бөліп, оның 2 бөлігін Самалға берді. Самалдың үлесін бөлшек түрінде жаз.

Слайд №2

гүл

Слайд №3-4

Интербелсенді тақта, дәптер

Сабақтың ортасы

(Т) Ойлан тап.

Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастыру. Оларға шахмат тақтасы бейнеленген А4 форматтағы парақтар тарату. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі.

1-топ. Шахмат тақтасының бір қатары ондағы барлық шаршының қандай үлесін құрайтынын табады.

2- топ. Шахмат тақтасының екі қатары ондағы барлық шаршының қандай үлесін құрайтынын табады.

3-топ. Шахмат тақтасындағы ақ түсті шаршылар ондағы барлық шаршының қаандай үлесін құрайтынын табады.

Сұрақтар:

-Шахмат тақтасында ақ түсті шаршылар саны қанша? Қара түсті ше?

- Барлық шаршылар саны қанша?

- Бір қатардағы шаршылар саны қанша?

Оқушыларға осы тапсырманы сызба түрінде көрсетуді сұрау. Тапсырманы шығаруды ұсыну. Әр топтың спикеріне өз шешімдерін тақтада көрсетуді ұсыну. Тапсырманың шешуін талқылап, салыстыру. Топтардың жұмысын смайлик арқылы бағалау.

(Ж.Ж) Сен маған, мен саған» әдісі бойынша оқушылар жұбына әр түрлі фигуралары бар парақтар таратылып беріледі. Жұптағы бірінші оқушы фигураның боялған бөлігін бөлшек түрінде жазып көрсетсе, екінші оқушы боялмаған бөлігін бөлшек түрінде жазып көрсетеді. Соңында бірін-бірі тексеріп, басбармақ арқылы бағалайды.

(Т.Ж) Есепте.

Әр топқа есептің қысқаша шартын сызба түрінде параққа жазуды ұсыну. Сұрақтар:

-Мектеп ауласындағы гүл көшеттерінің жалпы саны қанша?

- Раушан гүлдері жалпы гүл көшеттерінің қандай бөлігін құрайды?

- Раушан гүлдері көшеттерінің санын білуге бола ма? Қалай?

-Есеп неше амалмен орындалады? Қалай білдің?

Есепті шығарған соң шешімдерін тақтада талқылауды сұрау. Жауаптары сәйкес келмеген жағдайда, жауабы өзгеше топтарға бұл тапсырманы қалай орындағанын түсіндіруді сұрау.

Топтық жұмысын смайликпен бағалау.

) "Тиіннің жасын тап"

Жұптық жұмыста есептің шартын сызба арқылы параққа түсіру. Сұрақтар:

- Қоян қанша жыл жасайды?

- Тиін қоянның жасының қандай бөлігін құрайды?

- Тиіннің жасын қалай анықтауға болады?

- Есеп қанша амалмен орындалады? Неге?

Қоян шамамен 10 жыл жасайды. Ал тиін қоянның жасының бөлігін жасайды. Тиіннің қанша жыл жасайтынын тап.

) Көңілді баспалдақ.

Мақсаты: үлесі бойынша санды табу.

Тапсырманы сайыс түрінде өткізу. Уақыт белгілеп, белгі соғылған уақытта келген баспалдаққа белгі соғады. Тапсырманы ең төменгі баспалдақтан бастау. Ең жоғарғы баспалдаққа шыққан оқушы жеңімпаз аталады.

(Т.Ж) Есеп құрастыр және шығар.

Оқушылар сызба бойынша есеп құрастырады. Дайын сызба беріледі. Сызбадағы мәліметтерді өздері топта толықтырып, есепті шығарып, топ мүшесі тақтада жауаптарын жариялайды.

Смайлик арқылы бағалау.

(Ө.Ж) Есептеп шығар.

Тапсырманы өз беттерінше орындау. Содан кейін балалар жұпта шешімдерімен алмасады.

Оқулықта 60 бет бар. Оқушы оның үштен бірін оқыды. Оқитын әлі неше бет қалды?

Басбармақ арқылы бағалау.

Слайд №5

А4 форматтағы тапсырма жазылған парақ, шахмат тақтасының суреті бар кеспе қағаз, маркер

Слайд №6-7

Слайд №8

А4 форматты парақтағы тапсырма, маркер, сызғыш.

Слайд №9

А4 форматты парақтағы тапсырма, маркер, сызғыш.

Слайд №10-11

А4 форматты парақтағы тапсырма

Слайд №12

Слайд №13

Сабақтың соңы

Оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде меңгергенін білу үшін келесі сұрақтарды қою:

-Үлесі бойынша санды қалай табуға болады?

-Санның үлесін қалай табуға болады?

-70 санының 1/5 бөлігі нешеге тең?

Сабақ рефлексиясы. Менің нысанам.

Тақтаға нысана суреті бар ватманн қағазын ілу. Оқушылар сабақтағы өз жұмыстарын, мұғалім жұмысын, сабақтың пайдасын, өмірде қолдану дағдысын 1-ден 5-ке дейінгі нысана шеңберінде бағалап, стикерлер жапсырады..

Слайд №14

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар мен көбірек қолдау көрсетуді қажет ететін оқушы екеуіне ортақ тапсырма беру арқылы саралау жұмысы жүргізілді.

Сабақ бойы алған білімін басбармақ, смайлик арқылы көрсету.

Сабақ арасында ермексаз және арнайы пышағымен жұмыста қауіпсіздік ережесі сақталды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу