Бөлшектермен есептер шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі:

№53 сабақ. Тақырыбы:

Бөлшектермен есептер шығару

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Какимбаева Арайлым Каскырбаевна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігібойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Шаманың бөлігін және бөлік бойынша шаманы табу: жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу.

Оқушылардыңкөбіжасайалады:

  • Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу.

Оқушылардыңкейбіріжасайалады:

  • Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу.

 Бағалаукритерийлері

-санның жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін таба алады;

-санның үлесін табуға берілген есептерді шығара алады;

-санның үлесін тауға берілген есепке кері есеп құрастырып, шеше алады.

 Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Бөлшек, алым, бөлім.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Санның бөлігін қалай табуға болады?

Бөлік бойынша санды қалай табуға болады?

Бөлшектің алымы нені көрсетеді?

Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

 Құндылықтар

Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

 Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлшектер, бөлшектерді жазу және салыстыру.

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық.

(Балалар қимылмен көрсетіп, сөйлемнің соңғы сөзіне қосылады). Сабақта біздің көздеріміз мұқият қарайды және барлығын … (көреді).Құлақтарымыз мұқият тыңдайды және барлығын … (естиді).Ал, миымыз өте жақсы… (ойлайды) және қандай қиын есеп болса да, шешпей оны қоймайды.

(Ұ.Ж) Белсендіру

Әр оқушыға түрлі-түсті қағаздан қиылған фигура беру.

- Бұл фигура қалай аталады? (шаршы)

- Қалай ойлайсыңдар, осы фигурамен қандай тапсырма орындауымыз мүмкін? (периметрін табу, бөліктерге бөлу, т.б.)

- Фигураны бүктеу арқылы төрт тең бөлікке бөліңдер.

- Қайшының көмегімен бөлігін қиып ал. (болған оқушы қиып алған бөлігін көрсетеді)

- Шаршының бөлігінен қандай фигура шықты?

( берілген шаршыдан кіші шаршы, үшбұрыш)

- Қандай қорытынды шығаруға болады? (шаршының бөлігін әр түрлі тәсілмен табуға болады)

Сонан соң әр оқушыға 10 шаршыдан тұратын кестені беріп, өз есімдерін кез келген шаршыға жазуын сұрау. Олардың есімдері 10 әріптен аспауын қадағалау. Егер оқушының есімдері ұзақ болса, қысқартуын сұрау. Оқушыларға әріп жазылған шаршыларды бояп, бөлшек түрінде жазуды орындау.

Смайлик арқылы бағалау.

Слайд №2

Слайд №3

Түрлі-түсті қағаздан қиылған шаршылар, қайшы

Слайд №4

Слайд №5

Сабақтың ортасы

) «Ойлан, жұптас, талқыла»

Жұптық жұмыста есептің қысқаша шартын сызба түрінде жазу. Сұрақтар:

- Оркестрде барлығы қанша мүше бар?

- Оркестрдің қандай бөлігін домбырашылар құрайды?

- Оркестрдегі домбырашылар санын білуге бола ма? Қалай?

Жауабы: оркестрде 12 адам домбыра тартады.

Жұптық жұмысты "+" немесе "-" белгісімен бағалау.

Оркестірдің 32 мүшесінің -і домбыра тартады. Оркестр мүшелерінің нешеуі домбыра тартады?

(Т) Ойлан, бірік, талқыла»

Есептің қысқаша шартын сызба түрінде жазу.

- Ауланың ұзындығы қандай?

- Ені оның қандай бөлігін құрайды?

- Ауланың жалпы ұзындығын қалай білуге болады? Нені табу керек?

-Есеп неше амалмен орындалады? Неге?

-Бірнеше амалмен нені табамыз? Екіншімен ше?

Саралау мақсатында ынтасы жоғары оқушыларды өз бетінше орындауын сұрау. Әр топ спикері өз тобының жұмысын қорғап, қорытынды шығарады. Топтық жұмысты және өз бетінше шығарған оқушыларды жұлдызша арқылы бағалау.

Тіктөртбұрыш тәрізді ауланың ұзындығы 30 м, ал ені ұзындығының бөлігін құрайды. Ауланың жалпы ұзындығы қанша метр?

Жауабы: ауланың жалпы ұзындығы 100 метр.

)

Жұптық жұмыста оқушыларға есептің шартын сызба арқылы параққа жазуды ұсыну. Сұрақтар:

- Автобус қанша км жол жүрді?

- Жүрілген жол қандай бөлікті құрайды?

- Жолдың жалпы ұзындығын білуге бола ма? Қалай?

- Автобустың қанша км жол жүргенін анықтауға бола ма? Қалай?

Есепті шығарған соң шешімдерін тақтада талқылауды сұрау.

Жұптың жұмысын смайликпен бағалау.

Автобус 12 км жол жүрді. Бұл барлық жолдың бөлігін құрайды. Жолдың жалпы ұзындығын тап.

Жауабы:жолдың жалпы ұзындығы 18 км болған.

.Ж) Есепте.

Оқушыларға есептің шартын сызба арқылы параққа жазуды ұсыну. Сұрақтар:

- Ыдыстағы сүттің көлемі қандай?

- Барлық сүттің қандай бөлігін құрайды?

- Ыдыстағы сүттің жалпы көлемін қалай білуге болады?

- Сатылған сүттің көлемін қалай білуге болады?

- Есеп неше амалмен нені табамыз?

Саралау мақсатында ынтасы жоғары оқушыларды өз бетінше орындауын сұрау. Әр топ спикері өз тобының жұмысын қорғап, қорытынды шығарады. Топтық жұмысты және өз бетінше шығарған оқушыларды жұлдызша арқылы бағалау.

Сатушы түске дейін бірнеше литр сүт сатты. Ыдыста қалған сүттің көлемі 8 литр. Бұл барлық сүттің бөлігін құрайды. Сатушы түске дейін неше литр сүт сатты?

Жауабы: түске дейін 12 литр сүт сатты.

(Ж.Ж) «Теңестір»

Бұл жұмысты орындауда оқушыларда үлесті табу дағдысы қалыптасады.Фигуралардың неше тең бөлікке бөлінгенін, қаннша бөлігі боялғанын, қанша бөлігі боялмағанын анықтап, тең бөліктерді тауып, теңестіреді.

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмыстарымен алмасып, өзара тексеру жүргізеді.

."Шапалақ соғу"арқылы бағалау

Тапсырманы тексеріп, дұрыс орындаса шапалақ соғу арқылы бағалайды.

Сергіту сәті. Көз жаттығуы.

Оқушылар бойларын тік ұстап, мұғалімнің айтуымен көз арқылы түрлі фигураларды ауада сызады. (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, трапеция, ромб, шаршы, т.с.с.)

(Т.Ж) "Мозайка" айдарын топта орындау. Оларға А4 форматтағы парақ пен конвертке салынған қима суреттер таратып беру. А4 форматтағы парақта кесте сызылып, онда шамалар берілген. Оқушылар қима қағазда жазылған шамалардың бөлігін кестеге дұрыс орналастырса, Астана қаласының суреті шығуы керек.

"Шапалақ соғу"арқылы бағалау

Топтар орындап болған соң жұмыстары тексеріліп,шапалақ соғу арқылы бағаланады. Қай топтың жұмысы толық орындалса, сол топқа ұзақ шапалақ соғылады.

(Ө.Ж) "Дұрыс-бұрыс" айдарын жеке жұмыс ретінде жалғастыру. Оқушыларға тапсырма жазылға кесте таратылып беріледі. Ол кестеде берілген мысалдардың кейбірі қате орындалған. Оқушы қате орындалғанын тауып, дұрыс жауабын көрсетуі керек. Тапсырма орындалып болған соң, оқушылар өзін-өзі тексереді. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі және жинаған ұпай санына қарай жалаушалар таратылады.

5 ұпай -

4 ұпай -

3 ұпай -

Слайд №6

Тапсырма жазылған А4 форматты қағаздар, маркерлер

Слайд №7

Тапсырма жазылған А4 форматты қағаздар, маркерлер

Слайд №8

Тапсырма жазылған А4 форматты қағаздар, маркерлер

Слайд №9

Тапсырма жазылған А4 форматты қағаздар, маркерлер

Слайд №10

Слайд №11

Слайд №12

Слайд №13

Слайд №14

Слайд №15-16

Тапсырма жазылған кеспе қағаздар, жалаушалар

 

Сабақтың соңы

Оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде меңгергенін білу үшін келесі сұрақтарды қою:

-Санның бөлігін қалай табуға болады?

-Бөлігі бойынша санды қалай табады?

-18-дің 2/6 бөлігін тап.

-Егер 24 санының 6/8 бөлігі болса, санды тап.

Сабақ рефлексиясы. Өз үлесіңді боя.

Оқушыларға 4 бөлікке бөлінген шеңбер таратып беру. Осы сабақта алған білімдері мен көңіл-күйлерін тиісті үлесте бояу.

« Мен бәрін түсіндім, көңіл-күйім тамаша»

«Мен көп нәрсені түсіндім, көңіл-күйім жақсы»

«Мен түсінбедім, көңіл-күйім жоқ»

Слайд №17

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар мен көбірек қолдау көрсетуді қажет ететін оқушы екеуіне ортақ тапсырма беру арқылы саралау жұмысы жүргізілді.

Сабақ бойы алған білімін жұлдызша, "+" немесе "-" арқылы көрсету.

Сабақ арасында қағаздармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесі сақталды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу