7-ге көбейту және бөлу кестесі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: Көбейту және бөлу кестелері №33 сабақ. Тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу кестесі | Мектеп: 7 | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешқызы | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.2.4. – 7 санына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану; | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||
Құндылықтар | Жауапкершілік,өмір бойына білім алу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, көркем еңбек. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көбейту кестесі, бөлудің сәйкес жағдайлары, шамаларды көбейту | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Жан-жануарлардың дыбысын салу арқылы топқа бөліну.Балалар көздерін жұмып, өздеріне берілген жануардың дыбысын салады. Сол дыбыс арқылы бір-бірін тауып, топтасады. Ұжымдаса білуге үйрету,яғни, әр жануар өз туысын тауып, ұжымдаса білу. (Ұ.Ж) Кіріспе. Есте сақтау қабілетін арттыру,көбейту кестесін меңгерту Шарты: «Жүгірме диктант» .3 топқа арнап 6-ның көбейту және бөлу кестесі жазылған өрнектерді сыныптың әр бұрышына іліп қояды.Белгі бойынша 3 топ бірге бастайды , топтағы 1 бала жүгіріп барып,1-ші өрнекті оқып, орнына келіп, жауабын жазады, келесі бала әрі қарай жалғастырады.Соңында әр топтың жұмысы тақтаға ілінеді. Топ басшылары бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалайды. Смайликтер арқылы бағалау. Ой қозғау. Оқушыларға жұмбақ жасыру. Жауабы болатын сөздерді не байланыстырып тұрғанын сұрау.
Сонан соң 7 санына қатысты қандай ұғымдар білетіні сұралады. Сөздік бағалау. | Слайд №2 Слайд № 3 6 санының көбейту,бөлу кестесі бойынша өрнектер жазылған парақтар. Слайд №4 | |||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин | (Т.Ж.) Әр топқа тапсырма жазылған парақ таратып беру. Оқушылар алдымен теңдіктің оң жағы мен сол жағын салыстырады. Оң жағында көбейтінді, сол жағында қосынды. Тапсырма орындау барысында оқушылар әрбір өрнектің мәні жетіге артып отырғанын түсінулері тиіс және мынадай қорытынды жасаулары керек: Көбейту дегеніміз – бірдей қосылғыштардың қосындысы. Ендеше бірдей қосылғыштарды көбейтумен алмастыруға болады деген ережені пайдаланамыз. 7 · 7 = 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 7 · 8 = 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 7 · 9 = 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 «Смайликтер» арқылы бағалау Есепті шығар. (Т.Ж.) Оқушыларға алдымен есепті топта талдап, дәптерге шығару керек екенін айту. Есептерді шығарып болған соң, топтың өкілі басқа топқа барып, жауаптарын салыстырады. Түсіндіру:"есе артық","есе кем" ұғымдарын пайдаланып шығару. Бір секіргенде 7 бірлік болса, 3секіргенде 3 есе артық бірлік болады,есе артық болса, не істейміз?(көбейтеміз), есе кем десе не істейміз?(бөлеміз) 1-топ.Қоян әр секіргенде 7 бірлік бар.Үш,алты,сегіз секіргенде неше бірлік болады? 2-топ. 63 кг қара өрік 7 қорапқа тең бөлініп салынды.Әр қорапта канша кг кара өрік бар? 3-топ. Бір қойда 6 кг жүн қырқылды.7 қойдан қанша жүн қырқып алуга болады? Оқушыларды сөздік бағалау Жұптас, ойлан. (Ж.Ж.) Оқушылар жұптаса отырып, берілген есептің қысқаша жазуын толықтырып, оны шығарады. Толықтыруды өз қалауларынша жүргізуге болады. Есепті шығарып болған соң жұптардың өзара тексеруі жүргізіледі. Кәмпит - 8 кг-нан □ қорап Печенье – 4 кг-нан □ қорап ? кг «Смайликтер» арқылы бағалау (Ж.Ж.) Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттерін пысықтау мақсатында тапсырма беріледі. Жұптағы бірінші оқушыға көбейту амалына байланысты, екінші жұпқа бөлу амалына байланысты кесте беріледі. Амалдарды орындап, нәтижесін жазып болған соң, өзара тексереді. Бұдан оқушылар көбейту мен бөлу өзара кері амалдар деген қорытынды жасайды. «Шапалақ» арқылы бағалау. Теңдеу құр және оны шеш. (Ө.Ж.) Оқушыларға қима қағазға жазылған тапсырмалар таратылып беріледі. Сөйлеммен берілген тапсырмадан теңдеу құрады және шешеді. Тапсырманы орындап болған соң, бір оқушы тақтада орындайды, қалған оқушылар өзін-өзі тексереді. Егер ешқандай қате болмаса + таңбасын, қате болса – таңбасын қояды. Оқушылар түсінбеген жағдайда анықтап түсіндіру. «Смайликтер» арқылы бағалау | Слайд № 5 Тапсырма жазылған А4 форматтағы қағаз Слайд №6,7,8 Слайд № 9 Тапсырма жазылған А4 форматағы қағаз Слайд №10 Кеспе қағаз Слайд №11 Қима қағаздар | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс Рефлексия. «Өзара түсіністік шыңы» Көңіл-күй баспалдақ түрінде кескінделеді. Бірінші баспалдақ – өте жаман көңіл күй. Екінші баспалдақ – жаман көңіл күй. Үшінші баспалдақ – жақсы көңіл күй. Төртінші баспалдақ – күшіне сенімді. Бесінші баспалдақ – тамаша көңіл күй. Сабықтың, күннің соңында оқушы өзінің көңіл күйінің қандай екендігін көрсететін баспалдаққа қояды. | Слайд №12 | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | «Өзара түсіністік шыңы» арқылы бағалау. Білім алушыларды сөздік бағалау «Смайликтер» арқылы бағалау «Шапалақ» арқылы бағалау. | Өмір қауіпсіздігінің ережелері. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?