Қайырымды істер. Қорытындылау. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған ұсыныстар
Бөлімі: Көбейту және бөлу кестесі
№ 39 сабақ
Тақырыбы: Қайырымды істер. Қорытындылау
Оқу мақсаты:
- 3.1.2.4 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану
- 3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір
затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының өзара
тәуелділігін пайдалану
- 3.2.1.7 формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік
ретінде түсіну
- Тірек сөздер:
- «Бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» ұғымдары
- Көбейту кестесі
Ресурстар:
- Цифр жазылған тілше қағаз.
- Музыка
- Кесте
- Смайликтер
- Кесте
- Маркер, шаблон
- Кесте
Сабаққа қатысты деректі материалдар:
Көбейту кестесін есте сақтайтын дағдылар. Формулалар. «Бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» ұғымдары.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе.
Тыныштық сәті (Әуеннің ырғағымен)
Оқушыларды дайындаңыз:-Оқушылар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз. Ендеше жүрегіміздің жылуын, бір- бірімізге берейік (Бір-бірінің қолдарын қысады.)
Топқа бөлінуМузыканың ырғағымен билеп жүреді, музыка тоқтағанда 2 деген таблоны көтеріңіз, екеуден жұптасады, музыка жалғасады, 3 деген таблоны көтеріңіз үшеуден топтасады,4 -ті көтеріңіз , төртеуден топ құрады.
Түсіндіру:
Оқушылардан мынадай сұрақтар қойыңыз:
– Есеп не туралыболады? (кітаптар туралы
туралы)
– Бірінші сөреде неше қазақ тілі, неше математика оқулығы бар? (7-ден)
– Нені табу керекболады? (оқулықтың санын)
– Бірінші сөредегі оқулықтардың санын қалай табуға болады?(қосу амалы арқылы)
Жауабы:
1) 28 оқулық
2) 40 кг
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.
"Ақиқат", "Жалған"
Кестені толтыру үшін түсінік беріңіз.
Ақиқат"тұжырымды А әрпімен "Жалған" тұжырымды Ж әрпімен белгілейді.
Әрбір қатардағы сандарды атап,берілген тұжырымдарды оқып шығуды тапсырыңыз.Олардың арасынан "Ақиқат"пен "Жалғанды" тауып,.кестені дәптерге сыз,"Ақиқат" және "Жалған" тұжырымдарды шартты белгімен белгілеуді ұсыныңыз.
Жауабы:
- Ж
- Ж
- А
- А
«Бағдаршам» арқылы бағалау жүргізіңіз.
Сабақты бекіту.
Алған білімдерін жалпылап қорытындылап; әрқайсысының неден қиналатындарындарын анықтап, қателерді түзетуге тырысыңыз.
Өздік жұмыс
Кім жылдам? (Ө.Ж.)
Түсіндіру:тапсырма әріпті өрнек құру дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылардан әр
тапсырмада нені орындау керек екенін анықтап сұраңыз. Оқушыларға көмектесіңіз.Бірнеше оқушының жұмысы тексеріңіз.
«Смайликтер» арқылы бағалау жүргізіңіз.
Бұл тапсырманы жұппен орындауды тапсырыңыз.
Барлық оқушыларға есептің шарты бойынша толтыратын кесте таратып беріңіз. Кесте бойынша есеп құрастырып шығарады. Жұптар бірін-бірі тексереді.
«Бағдаршам» арқылы бағалау жүргізіңіз.
Бір қорапта(кг) | Қорап тың саны | Барлығы(кг) |
Қиындықтарды түзету
Тапсырманың орындалу дұрыстығын тексеріңіз.
– Кім қандай жерде қиналды?
– Қай жерде қателік жібердіңдер?
– Жіберілген қатенің себебі неде?
– Өздік жұмыста қиналмағандарың өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын қалыптастырыңдар.
(Қосымша тапсырмаларды орындаулары керек).
– Өзінің қиындықтарын анықтағандардың әрі қарайғы жұмыс мақсаты қандай?
(Қателерді түзеу).
– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.
– Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.:
Тапсырманы бағалау өлшем шарттары бар дәптерге орындауды ұсыныңыз.
Мен:
-көбейту және бөлу кестесін құра аламын
-көбейту мен бөлудің арасындағы өзара қатынасты анықтай аламын
Өткенді қолдану
8-ге,9-ға көбейтеміз Кестені толтыру
Түсіндіріңіз:оқушылар бірінші қатарда берілген сандарды 8-ге көбейту,9-ға көбейту
арқылы кестені толтырады.
Жауабы:
а | 5 | 6 | 9 | 1 | 3 | 8 | 4 | 7 | 2 |
а∙8 | 40 | 48 | 72 | 8 | 24 | 64 | 32 | 56 | 16 |
а∙9 | 45 | 54 | 81 | 9 | 27 | 72 | 36 | 63 | 18 |
Сабақты қалай меңгергені немесе сабақ барысында туындаған қиындықтар туралы оқушылар кері байланыс алыңыз.
1-вагонға Кейбір тапсырмалар түсініксіз болғандар стикерін іледі, 2-вагонға өздері түсінген, бірақ басқаларға түсіндіре алмайтындар, ал 3-вагонға түсіндім, басқаларға түсіндіре аламын деген оқушылар іледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?