7-ге көбейту кестесімен есептер шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: Көбейту және бөлу №34 сабақ. Тақырыбы: 7-ге көбейту кестесімен есептер шығару | Мектеп: 7 | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Какимбаева Арайлым Каскырбаевна | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.2.4. – 7 санына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану; 3.5.1.2 есептерді шығаруда бір заттың массасы, саны, жалпы массасы/ бір затқа жұмсалғаны, заттың саны, жалпы жұмсалғаны/ ұзындық, ені, аудан шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану 3.5.1.5 жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше бірлік артық/кем», «бірнеше есе есе артық/ кем» қатынастарымен байланысты); тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен ауданын; тік бұрышты параллелепипедтің қырын және көлемін табуға берілген есептерді талдау және шығару. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||
Құндылықтар | Жауапкершілік,өмір бойына білім алу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, көркем еңбек. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көбейту кестесі, бөлудің сәйкес жағдайлары, шамаларды көбейту | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Топтастыру. Оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу,жақсылық жасауға үйрету мақсатында "Мейірімді", "Қайырымды"," Инабатты " сөздері жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді (Ұ.Ж) «Иә-Жоқ» ойыны. Оқушылардың алған білімдерін пысықтау мақсатында ұжымдық түрде жүргізіледі. Оқушыларға тапсырма оқылады, олар ламинатталған параққа + таңбасымен дұрыс сөйлемді, - таңбасымен дұрыс емес сөйлемді белгілейді.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы. | "Мейірімді", "Қайырымды"," Инабатты " сөздері жазылған қима қағаздар Слайд №1 | |||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин | (Т.Ж.) Түсіндіру:балалар жұмысқа кіріспес бұрын «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы өзара тәуелділік туралы айтып, формуланы еске түсірген жөн. (соңынан балалар жұмыстарын сыныптың әр қабырғасына іліп, топ болып, бір-бірінің жұмысын бағалайды ,әр топта үш бағадан болады) 3 топқа тапсырма беріледі.Есеп құрастырып, шығару 1-топқа Бір заттың массасы белгілі, саны белгілі, жалпы массаны табуға есеп құрау 2-топқа Жалпы масса белгілі, саны белгілі, бір заттың массасын табуға есеп құрау 3-топқа Жалпы масса белгілі, бір заттың массасы белгілі, санын табуға есеп құрау (соңынан балалар жұмыстарын сыныптың әр қабырғасына іліп, топ болып, бір-бірінің жұмысын бағалайды) «Жұлдызшалар» арқылы бағалау (Ж.Ж) Ойлан, жұптас, бөліс. Тапсырма жұпта орындалады. Есепті бүкіл сыныппен талдау. (Есеп не туралы? Есепте не белгілі? Не белгісіз? Нені табу керек? Ол үшін не істейміз?) Есепті мұқият оқып шартын қысқаша жазба түрінде немесе сызба түрінде өрнектеу. Тақтада бір оқушы шығып шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жазады. Қалған оқушылар дұрыс, бұрыстығын тексереді. Қысқы спорттық жарысқа әрқайсысы 4 адамнан 7 шорт-трек командасы және әрқайсысы 6 адамнан 4 биатлон командасы қатысты. Жарысқа барлығы неше адам қатысты? Шорт-трекшілерге қарағанда биатлоншылардың нешеуі артық? «Жұлдызшалар» арқылы бағалау (Ұ.Ж) «Домино». Тапсырмалар жазылған таратпа қағаздарды оқушыларға тарату. Таратпа қағаздар екі бөліктен тұрады: әр таратпа қағаздың оң жақ бөлігінде өрнек, сол жағында – өрнектің мәні. Бірінші оқушы тақтаға шығып, өзінің таратпа қағазын бекітеді және ауызша таратпа қағаздың оң жақ бөлігіндегі өрнектің мәнін табады. Кейін өрнектің мәні жазылған таратпа қағазы бар оқушы өз кезегінде тақтаға шығып, оған өзінің таратпа қағазын бекітеді және таратпа қағаздың оң жақ бөлігіндегі тапсырманы орындайды. Сөздік бағалау. (Ө.Ж) Пазлды құрастыр. Оқушыларға тапсырма жазылған парақтар таратылып береді. Жылдам ауызша есептеу арқылы оң жақта берілген мысалдарды ауызша шешеді де, сол жақтағы жауаптармен сәйкестендіреді. Есептеулерді оқушылар ауызша орындау керек. Смайлик арқылы бағалау. (Т.Ж) «Жылдам лото» ойыны. Теңдеулері бар ойын алаңын және жауаптры бар парақшаларды таратылады. Топта бір оқушы жүгізуші, қалғаны ойыншы болып бөлінеді. Ойыншылар өзінің ойын алаңын жүргізуші көрсеткен парақшалармен жабады. Ойын алаңындағы әрбір ұяшыққа осы ұяшықтағы тапсырманың жауабы жазылған парақшаларды қою керек. Өз алаңын бірінші жапқан ойыншы жеңіске жетеді. Әрбір ойыншы өзінің ойын алаңында жазылған теңдеулерді шешеді. «Смайлик» арқылы бағалау. | Слайд №3 Тапсырма жазылған А4 форматтағы парақ Слайд №4 Тапсырма жазылған А4 форматтағы парақ Слайд №5 Таратпа қағаздар Слайд №6 Тапсырма жазылған қима қағаз Слайд №7 | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс Рефлексия. Бағдаршам көздері арқылы меңгергенін анықтау. Қызыл түс-нашар жұмыс істедім. Сары түс –орташа жұмыс істедім. Жасыл түс-өте жақсы жұмыс істедім. Бүгінгі сабақта не қиын болды? –Не қызықты болды? | Слайд №8 | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | «Бағдаршам» арқылы бағалау. Білім алушыларды сөздік бағалау «Жұлдызша» арқылы бағалау «Смайлик» арқылы бағалау | Өмір қауіпсіздігінің ережелері. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?