8 санына көбейту және бөлу кестесі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Көбейту және бөлу

35 сабақ. Тақырыбы: 8 санына көбейту және бөлу кестесі

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Какимбаева Арайлым Каскырбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.4 – 8, 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және

қолдану.

3.5.1.2 есептерді шығаруда бір заттың массасы, саны, жалпы массасы/ бір затқа жұмсалғаны, заттың саны, жалпы жұмсалғаны/ ұзындық, ені, аудан шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы 8, 9 сандары мен бір таңбалы сандардың көбейтінділерін атай алады.

Оқушылардың көпшілігі есептер шығаруда, теңдеулер шешуде көбейту кестесін қолдана алады.

Оқушылардың кейбіреуі амалдарды орындауда көбейту кестесін қолданады

Ғылыми тіл

Оқушылар 8 санына көбейтудің әртүрлі жағдайларын және бөлудің сәйкес жағдайларын айтып береді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Есептеудің қай тәсілі әлдеқайда қолайлы болып табылады?

Есеп шығаруда көбейту кестесін қалай қолдануға болады?

Теңдеулер шешуде көбейту кестесін қалай қолдануға болады?

Шаманың мәнін қалай көбейтуге және бөлуге болады?

Бірнеше амалға берілген өрнектердің мәндерін есептеуде қандай

амалдар орындайды?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейту кестесі, бөлудің сәйкес жағдайлары, шамаларды көбейту

және бөлу.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Топтастыру. Геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлу.

.Ж.) «Кубизм» әдісі арқылы алдыңғы сабақтарда алған білімдерін пысықтау, көбейту кестесін құру, мәнін табу. Оқушылар жұбына ойын сүйегі беріледі. Бірінші оқушы ойын сүйегін лақтырады, қандай сан шықса, сол санды екінші оқушы ұсынған санға көбейтіп, жауабын жылдам айту.

Оқушыларды сөздік бағалау

(Ұ.Ж) Миға шабуыл. Төмендегі сұрақтарға ауызша жауап берулерін сұрау.

  • 56 саны7-ден неше есе артық?
  • 6 санының 51-ден нешеуі кем?
  • 7 бен 9 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап.
  • Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата.
  • 1 километрде неше метр бар?
  • 1000 грамм 1 килограмға тең деп айта аламыз ба?
  • Санды 1-ге көбейткенде шығатын сан.
  • Санды 0-ге бөле аламыз ба?

Сөздік бағалау.

Слайд №2

Геометриялық фигуралар салынған қима қағаздар

Слайд №3, ойын сүйегі

Слайд №4

Сабақтың ортасы

30мин

(Т.Ж.) Кесте құрастыр. Әр топқа тапсырма жазылған А4 форматтағы қағаз таратылады. Сандық сәуленің көмегімен 8-ге көбейту кестесін құру тапсырылады. Осылайша оқушылар 8-ге көбейту кестесін құрастырады. Тапсырманы орындап болған соң, топтық жұмыс қорытындыланады. Оқушылар кестедегі әрбір көбейтіндінің мәні алдыңғы мәнге 8-ді қосқанда шығады деген қорытынды жасайды.

«Смайликтер» арқылы бағалау

(Ж.Ж.) Ойлан, жұптас, талқыла.

Оқушылар жұбына тапсырма беріледі.Олар жеке ламинатталған парақта орындап болған соң, парақтарымен алмасады. Тапсырманы орындау үшін, 8-ге көбейту кестесін пайдаланады. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы сабақтың тақырыбын бекітеді және көбейту мен бөлу амалының өзара кері амал екені туралы алдыңғы сабақтағы білімін еске түсіреді. Есепті неліктен көбейту, бөу амалдары арқылы шығарғандарын түсіндіреді.

Тиін 4 бұтақтың әрқайсысына 8- ден жаңғақтар ілді. Бұтақтарда барлығы неше жаңғақ бар?

Тиінде 32 жаңғақ бар еді. Ол бұтақтардың әрқайсысына 8- ден жаңғақтар ілді. Тиін неше бұтаққа жаңғақ ілді?

«Смайликтер» арқылы бағалау

.Ж.) Мысалдар тізбегі. Бұл тапсырмада оқушылар мысалдар тізбегін есептеп шығарады. Оқушылардың бұл тапсырмада шапшаңдығы мен тез есептеу қабілеті байқалады. Тапсырманы орындап болған соң, бір оқушы мысалдр тізбегін рет ретімен оқиды, қалған оқушылар өзін-өзі тексереді. Қателік болған жағдайда түзету жүргізеді. Бұл тапсырмада оқушылардың математикалық терминді дұрыс қолдануына баса назар аударылады.

«Смайликтер» арқылы бағалау

(Т.Ж.) Есепті теңдеу құру арқылы шығар. Оқушылар берілген есептің шығару жолын жазуы керек. Олар алдымен есепті топта талқылайды, қажет болған жағдайда есептің сызбаларын сызып, қандай амалдар қолдану керектігін талдайды. Есепті теңдеу құру арқылы шығару үшін белгілі мен белгісіз мәліметтерді анықтайды. Есепті шығарып болған соң әр топтың өкілі басқа топқа барып, өз тобының шешімімен таныстырады, олардың жауаптарымен салыстырып, сұрақтарына жауап береді.

Оқушыларды сөздік бағалау

.Ж) Суретті теңдеу.

Бұл тапсырманы 8-ге көбейту және бөлудің кестелік жағдайын еске сақтауға жаттығу үшін орындаған тиімді. Оқушылар түсіп қалған санды жазып қана қоймай, сол мысалды толық айтуға жаттығады. Тапсырманы орындап болған соң,оқушылар жұмыс парақтарын жанында отырған оқушының жұмыс парағымен ауыстырып, өзара тексеру жүргізіледі.

«Басбармақ» арқылы бағалау

http://www.imektep.kz/kobeytu

Слайд №5

Тапсырма жаылған А4 форматтағы қағаз

Слайд №6

Ламинатталған қағаз, маркер

Слайд №7

Тапсырма жазылған қима қағаздар

Слайд №8

Тапсырма жазылған А4 форматтағы қағаз

Слайд №9

Тапсырма жазылған жұмыс парағы

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Бүгінгі сабақта мен...үйрендім.

Маған... қызықты болды.

Маған ... қиын болды.

Мен ... түсіндім..

Слайд №10

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу