9-ға көбейту кестесін пайдаланып есептер шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Көбейту және бөлу №38 сабақ. Тақырыбы:9-ға көбейту кестесін пайдаланып есептер шығару | Мектеп: 7 | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.2.4 – 8, 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||
Құндылықтар | Жауапкершілік,өмір бойына білім алу. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, көркем еңбек. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көбейту кестесі, бөлудің сәйкес жағдайлары, шамаларды көбейту және бөлу. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Психологиялық дайындық «Тілек шоғы » жылулық шеңбері.Әр оқушының қолына бір – бір гүлден тарату.Оқушылар қолындағы гүлді тілек айтып, жанындағы оқушыға ұсынады. Оқушылар жылулық шеңберін құрып, айналып жүреді. Оқушыларды топқа бірігу Қолдарындағы гүлдердің түсі арқылы топтарға бірігу. «Қызыл гүл», «Сары гүл», «Ақ гүл» Кіріспе тапсырма. (Ұ.Ж.) «Гүл жинау» ойынын ойнау арқылы оқушылар көбейту кестесін пысықтап, қайталайды. Көбейту кестесі жазылған өрнектерді жауабын оқушылар ауызша шапшаң, жылдам айту керек. Әрбір дұрыс жауабы үшін гүлді құмыраға жинайды. «Смайлик» арқылы бағалау | № 2 слайд Әртүрлі гүлдер Топқа бірігуге арналған қима қағаздар №3,4слайд | |||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин | Сәкестендір. (Т.Ж.) Әрбір топқа А4 форматты парақта жазылған тапсырма таратып беру. Оқушылар есептің шарты мен оған сәйкес келетін шешуін сызық арқылы қосады. Есепті әртүрлі тәсілмен шығарылған дұрыс екі шешуін табады. Оқушылар алдымен жұбымен, сосын топпен талқылайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарына талдау жасайды. «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау (Т.Ж.) Ойлан, топтас, талқыла. Оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратып беріледі. Оқушылар есепке екі амалмен шығарылатын етіп сұрақ қояды, шығарады.Оқушыларға есептің шығару жолдарын алдымен ламинатталған параққа жазып, тапсырманы орындап болған соң, парақтарын бір-бірімен алмастырып, топтар арасында өзара тексеру ұсынылады. Топтар өзара бірін-бірі тексереді. «Смайликтер» арқылы бағалау Кесте бойынша есеп құрастыр. (Т.Ж.) Оқушылар берілген кесте бойынша есеп құрастырып, оларды шығарады. Есептерді шығаруда бір заттың массасы, саны, жалпы массасы арасындағы тәуелділікті пайдаланып шығаруды үйренеді.Оқушылар өздерінің есебімен таныстырады, шығару жолын көрсетеді. «Басбармақ» арқылы бағалау (Ж.Ж.)«Броундық қозғалыс» Әрбір жұпқа теңдеудің жауабы берілген таратпа қағаз беріледі. Сынып ішіне теңдеудің берілгені әр жерге орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, жауабына сәйкес келетін теңдеуді табады және толықтырып теңдеуді шешеді. Оқушылар бірін –бірі «Бағдаршам» түстері арқылы бағалайды. Ойлан, тап. (Ө.Ж.)Оқушылардың санды 9-ға көбейту және бөлу кестесі туралы алған білімдерін бекітуге арналған тапсырма беріледі. Оқушылар дұрыс жауап арқылы өз –өздерін тексеріп, бағалайды. Тапсырма: 1) 9- ға кеміт:13; 27; 43; 94; 85. 2) 9 есе кеміт:36; 27; 72; 63; 81 Өзін –өзі бағалау «5» - қате жоқ «4» -1,2 қате «3»- 3,4 қате
| А4 форматты парақ №5 слайд №6 слайд Ламинатталған парақ, маркер №7 слайд Таратпа қағаздар №8 слайд №9 ,10слайд | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс «Гүлдер» Қызыл гүл -нашар жұмыс істедім. Сары гүл –орташа жұмыс істедім. Ақ гүл -өте жақсы жұмыс істедім. Бүгінгі сабақта не қиын болды? –Не қызықты болды? | № 11 слайд | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | Басбармақ» арқылы бағалау. Оқушыларды сөздік бағалау «Бағдаршам» арқылы бағалау Өзін -өзі бағалау | Өмір қауіпсіздігінің ережелері. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?