Шамалар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А бөлімі: Біздің әлемдегі сандар. | Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні :Омарова А.Е. | ||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Шамалар | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.3.3 ** көлем (сыйымдылық): л/ аудан: дм2, м2, га/уақыт: секунд ,мин, с, тәулік, жыл, ғасыр мәндерін салыстыру және шама мәндерімен арифметикалық амалдар орындау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: •өлшеу үшін қолданған бірліктеріне мысалдар келтіру; • дұрыс өлшем бірлікті таңдау; •өлшеу үшін іс жүзіндегі құралды пайдалануы керек. Оқушылардың көпшілігі • тиісті бірліктердің көмегімен, өлшеуді бағалау; •өлшеу құралымен масшабты өлшеп және түсіндіру; •жазылған өлшемнің мақсаттылығына қатысты шешім қабылдау; •тиісті бірліктер және өлшеулер үшін басқа обьектілер ұсынуы керек. Кейбір оқушылар: •өлшемдерді тиісті бірліктермен көрсете алуы, мысалы, см- мен де, м-мен де •өлшенген шамаларды есептеп және салыстыра алуы керек. | ||||||
Жетістік критерилері | Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтар құжатынан таңдап алынған ОМ үшін табыс критерилерін көшіріп алыңыз. ҚБ үшін таңдап алынбаған ОМ үшін табыс критерилерін өзіңіз құрастырыңыз. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
кері әрекет жасау, кері мәселе.
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу | ||||||
Пәнаралық байланыстар | АКТ;еңбекке баулу,дүниетану | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қосу және азайту дағдыларын кеңейту | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы (0-10 мин) | Оқушыларды шеңбер бойына отырғызу. -Өмірде қандай заттарды өлшейміз? - «Мен өлшеуге қажетті заттарды өлшемекпін » деп айту.Олар жеке ламинатталған парақтарда пайдаланылатын құралдарының суретін салады. Өлшейтін заттардың мысалдары: есіктің ұзындығы мен ені , автокөлік тұрағының ұзындығы, суға арналған ыдыстың көлемі, сынып бөлмесінің температурасы және т.б.
| Жеке ламинатталған парақтар және маркерлер. | |||||
Сабақ ортасы (10-35мин) | (Ұ) Енді біз сендермен ауызша есептеу қабілетімізді тексерейікші.Енді қолдарыңдағы ламинад қағазға мұғалімнің айтқан өрнектерінің мәнін жазыңдар. 41-5 24-8 29+6 25-7 234-6 (Ұ) Оқушыларға «Табиғаттағы су » тақырыбы контексінде мектепте тұтынылатын су мөлшері туралы не білетіндігін хабарлау. - Біздің мектепте су тұтынамыз (қолданамыз) ба? Қай жерлерден су көрдіңіздер? Қандай жағдайда пайдаланамыз? (Т) Оқушыларға мектепте күнделікті қолданылатын судың мөлшерін зерттей алатындығын айту. Біз бүгін сендермен өздерің айтқан мектепте тұтынатын сулардың мөлшерін есептеп көрейік. - Біздің сыныптағы 16 баланың әрқайсысы күніне сыныптағы диспенсерден 1 литрден су ішсе, күніне сынып оқушылары неше литр су ішеді? - Мектептің екінші қабатында 9 кабинет бар. Әр кабинетке еден жуғыш апайдар 8 литр су жұмсайды. Сонда екінші қабаттың кабинеттерінің еденін жуу үшін неше литр су кетеді? - Тамақ ішер алдында үш уыс суға қол жуамыз. 23 балаға қанша уыс су кетеді? Міне балалар, бұндай сұрақтарға жауап беру үшін біз есептей алуымыз керек. Олай болса, төмендегі тапсырмаларды орындайық. №1. Есепте (тақтада орындату) 245л + 25 л 310 л + 465 л 962л – 22л 506л – 56л 1000л – 280л №2 Есеп Мектеп асханасы бір күнде 1000 литр судың 125 литрына көже пісірді, 210 литрынан компот қайнатты, 355 литрын шайға жұмсады. Мектепте қанша литр су қалады? (Т) Ол үшін оқушылар мысалға , Әр күні тамақ пен сусын дайындауға қолданылатын су мөлшері туралы ақпарат алу үшін мектеп асханасындағы жауапты адамнан сұхбат алыңыздар Күнделікті мектепті тазалауға кететін су мөлшерін анықтау үшін тазалыққа жауапты адамнан сұхбат алыңыздар. Арнайы ыдыстарға құйылған ауыз суларды жеткізуге жауапты адамнан күн сайын қанша ыдыс су пайдаланылатыны туралы ақпарат алу үшін сөйлесіңіз. Егер мектепте сумен қамтамасыздандыруды өлшеу құралдары болса, мектептегі күнделікті су тұтыну және үнемдеу туралы құралдар көрсеткішін білу үшін жауапты адаммен сөйлесіңіздер. (Ж /Т,Қ ) Оқушыларға шағын топтарда жұмыс істеуді ұсыну. Жиналған ақпаратты пайдалана отырып, мысалы: асхана мен тазартуға күн сайын қажетті судың мөлшерін немесе бір аптада тұтынылатын судың жалпы мөлшерін анықтау. Олар өз есептеулерін сыныпқа таныстыруға және түсіндіре білуі керек. Мектеп асханасы үшін – 1000 л су Еден жуу үшін (1 кабинетке) – 8 л су Әр бала күніне – 1 л су Диспенсерде – 19 л су Шай қайнату үшін – 200 л су Коспот қайнату үшін – 200 л су Қауызға күніне – 2000 л су Оқушыларға 725 л+275 л, 1000 л-725 л түріндегі өрнектер бойынша қарапайым есептер, кесте түрінде берілген ақпараттар негізінде құрама есептер құрастырып шығаруға тапсырма беруіңізге болады. ( Ұ ) Тиімді есептеулер үшін көбейту амалдарын оқушылардың барлығы пайдалана алатындығын тексеріңізҚажет болған жағдайда судың көлемін есептеуде оны қалай пайдаланатынын түсіндіріңіз. Бұл үшін бір шөлмектегі қанша литр су бар екенін біліп, сосын бірнеше шөлмекте қанша литр су бар екенін есептеуі керек. ЕСЕП. Кіші шөлмекте 8 литр су, ал үлкенінде 100л су бар. Мектепке 25 шөлмек 8 литрлік және 100 литрлік 5 шөлмек су алып келді. Мектепке неше литр су алып келді? Ш: 8 л × 25 + 100 л × 5 Ұсынылған кесте бойынша жасалған есептерге кері есеп құрастырыңыз. | Интерактивті тақта. | |||||
Сабақтың соңы (35-40мин) |
Басқа топтағы оқушыларға сұрақтар қойып және жазған өлшемдерінің дұрыс негізделген бе екендігін сұрауды ұсыныңыз. Оқушыларға егер осындай мүмкіндік қайта туып жатса, әрекеттерін қалай ұлғайтатындарын немесе оны өзгеше орындайтындары туралы сұраңыз. | ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
|
|
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?