Экологиялық мәселелерді шешу жолдары. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақтың бастапқы кезеңінде экологиялық мәселелерді шешу жоспарын құрастыру үшін, бір экологиялық мәселе көрсетілген суреттерді жинау арқылы топтарға бірігеді. Оқушылар алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында өз аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдайды. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.

Сабақтың орта кезеңінде оқушылар топтық жұмыс барысында белгілі бір мәселеге қатысты құрылымдық сұрақтар топтамасын пайдалапып, постер әзірлеуді ұйымдастырыңыз. Әр топ постерда экологиялық мәселе себебін және оны шешудің жолдарын ұсынады. Тиісті ақпарат көздерін пайдаланып, экологиялық мәселелердің алдын алу жолдарын анықтайды.. Оқушылар әр топтың жұмыстары мен жауаптарын бағалап, қорытынды жасайды. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне байланысты ұсынылады.

Сабақ соңында оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушыға «Таңдау» әдісі бойынша бес пікір жазылған парақ беріледі.

1.Мен сабақ қызықты/ қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім/ үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды  мұқият /зейінсіз тыңдадым.

4. Мен пікірсайыстарға жиі/сирек қатыстым.

5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын/ риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен  ынтасын білдіретін  сөздердің  астын сызады.Өз таңдауларының себебін түсіндіреді

Пайдалы сілтемелер:

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/

https://kk.wikipedia.org/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу