Экологиялық мәселелерді шешу жолдары. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 6.4A: Экология және тұрақты даму | Мектеп: | |||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Экологиялық мәселелерді шешу жолдары | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| |||||||||
Бағалау критерийлері: | 1. экологиялық мәселелердің себептерін көрсетеді; 2. экологиялық мәселелердің салдарын анықтайды; 3. экологиялық мәселелерді шешу жолдарын сипаттайды. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: экологиялық мәселелерді шешу жолдарын көрсету үшін жазбалар жасап, есеп дайындай алады Пәнге тән лексика мен терминология: экологиялық мәселелер, экологиялық мәселелердің себептері, экологиялық мәселелерді шешу жолдары, экологиялық мәселелердің алдын алу Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы: Менің ойымша, экологиялық мәселенің себебі …. Экологиялық мәселені шешуге қосатын менің үлесім… Бұл мәселенің нәтижесінде… болады деп ойлаймын. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұпта және топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастық, өзіне және басқаларға құрметпен қарау, академиялық адалдық - өз бетімен жұмыс істеу, ашықтық - оқушылар сабақтың мақсаттарын және міндеттерін өз бетінше анықтай алады. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Топта жұмыс істегенде оқушылар биологиялық терминдерді қолданатын болады. | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – шы сыныпта өз аймағының экологиялық мәселелерімен танысты. Олар экологиялық мәселелерді ажырата алады. Бастапқы білімді жаңғырту сәйкестендіру тапсырмасын орындау арқылы жүзеге асады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар экологиялық мәселелерді шешу жоспарын құрастыру үшін, бір экологиялық мәселе көрсетілген сурет қиықтарын жинау арқылы топтарға бірігеді. 5.6.3.2 өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу және 6.6.3.1 өз аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді.
2. Мақсатты тұжырымдау. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды. | Қосымша 1 | ||||||||
Сабақтың ортасы 10- 25 25 - 37 | 3. Топтық жұмыс. Постер әзірлеу. Әр топ топқа бөліну барысында алған суретте көрсетілген мәселелердің себептері мен салдарын анықтау үшін постер әзірлейді. Постерда төмендегі сұрақтар қарастырылады: Бұл мәселені кімдер шеше алады? Бұл жоба нәтижелі болу үшін не қажет? Мәселені шешуде қандай тежеуші факторлар болуы мүмкін? Жоба сәтті болып шешілуіне қажетті барлық қандай жағдайлар? Қандай мәселелер жоба барысында пайда болуы мүмкін? «Кезбе тілші» әдісі бойынша әр топтан бір оқушыдан басқа топқа барып, олардың постері бойынша сұхбат алып, жауаптарын жазып алады. Алған мәліметтерін өз топтарында талқыға салады.
Мұғалім кері байланыс береді. 4. Сабақты бекіту «Үш қадамды сұхбат» әдісі Әр топта топ мүшелері үш жұпта жұмыс жасайды. 1-ші жұп тақырып бойынша сұрақ қояды; 2-ші жұп жауап береді; 3-ші топ – толықтырады Келесі кезекте әр жұп рөлдерімен ауысып, әрі қарай жалғастырады.
| қағаз А2/A1 түрлі түсті қарындаш/маркер суреттер желім қайшы Қосымша 2 | ||||||||
Сабақтың соңы: 37-40 | 5. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Кері байланыс «Таңдау» әдісі Бес пікір жазылған парақ беріледі. 1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім/ үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият/ зейінсіз тыңдадым. 4. Мен пікірсайыстарға жиі /сирек қатыстым. 5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін./ Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын білдіретін сөздердің астын сызады. | Қосымша 3 | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Сабақ барысында топта жұмыс жасай отырып, өзге топ мүшелеріне ақпаратты таныстырады және өзге топ жұыстарымен танысады. Кесте толтыру барысында қиындық танытқан оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қызығушылығы жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады. | Пазл жинау барысында берген ақпараттар бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыс арқылы жануарлар мен өсімдіктердің бөліп шығаратын мүшелері мен өнімдерін көрсетуі. | ® = техника қауіпсіздігі ережесі Постер әзірлеу барысында сыныптағы қозғалыста ұқыптылық сақтау. |
Қосымша 1
Қосымша 2
«Үш қадамды сұхбат» әдісі
1 |
|
| |||||||
2 |
|
| |||||||
3 |
|
| |||||||
|
|
Қосымша 3
Кері байланыс «Таңдау» әдісі
1. Мен сабақ қызықты/ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім / үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият / зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі / сирек қатыстым.
5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын/ риза емеспін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?