Санды 9-ға көбейту кестесі. Есептер шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1B- БӨЛІМ: Көбейту және бөлу. Есептер

Мектеп атауы: НЗМ ФМБ Талдықорған қ

Дата:

Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Санды 9-ға көбейту кестесі. Есептер шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.2.Сандармен амалдар орындау.

Сабақ мақсаттары

3.1.2.3 - көбейтудің үлестірімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану

Бағалау критерийлері

Тиімді есептеу үшін көбейтудің қасиеттерін қолданады

 Сөздік қор

 Тілдік мақсат

Көбейту, бөлу, массасы, саны, жалпы массасы / бір затқа жұмсалғаны, заттың саны.

 Құндылықтарды

 дарыту

Бұл сабақта оқушылар 9-ға көбейту кестесін қолданып, көбейту мен бөлуге берілген есептерді шығарады.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құра білуді және қолдануды;

• есептерді шығаруда бір заттың массасы, саны, жалпы массасы / бір затқа жұмсалғаны, заттың саны, жалпы жұмсалғаны арасындағы тәуелділікті пайдалануды;

• формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсінуді үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, дүниетану, әдебиеттік оқу

ИКТ пайдалану білімі

Презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Санды 9-ға көбейту кестесін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

5минут

Ұйымдастыру.

Оқулық, 1-бөлім: 9-ға көбейту кестесі. Есеп шығару, 82, 83-беттер.

Жұмыс дәптері, 1-бөлім: 77-жұмыс парағы «9-ға көбейту кестесі. Есеп шығару»,79-бет. 78-жұмыс парағы «Геометриялық есептер», 80бет.

Сабақ ортасы

30 мин

1. Бөлудің компоненттерінің арасындағы байланысты қайталау керек.

2. Бөліндінің мәнін бөлгіштің мәніне көбейтсек, бөлінгіштің мәнін аламыз.

3. Бөлінгіштің мәнін бөліндінің мәніне бөлсек, бөлгіштің мәнін аламыз.

Кіріспе тапсырма.

Оқушыларға өзінің достарына арнап сурет салуды ұсыну. Ол үшін әр топқа Пифагор кестесі көрсетілген А2 форматты парақ, түрлі түсті қарындаштар мен фломастер, көбейту кестелерінің мысалдары салынған конвертті таратамын. Топтың бір мүшесі мысалды қатесіз оқиды, қалған оқушылар жауабын есептеп, көбейту кестесіндегі тиісті орынға жазады.

Оқушылар бірінші көбейткіш қатар бойынша, екінші көбейткіш баған бойынша айтылатынын алдын ала келісіп алуы тиісті. Оқушылар жұмыс нәтижесінде ақпаратты түрлі жолмен қабылдайды (көру, есту, сезу), нәтижесінде кестелік жағдайды еске сақтау тиімділігі артады.

Жұмыс барысында қалыптастырушы бағалау тәсілдері арқылы оқушыларды ынталандырып бағалау және көмекке мұқтаж оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсету.

Барлық топтың жұмыс нәтижелері тақтаға ілінеді. Әр топтың бір өкілі тақтаға шығып, жұмысты қорғайды. Барлық жұмыстарды бағалап, қорытындылау. Осыдан кейін оқушылар жұмыс дәптеріне оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.

Мәшине жасау зауытында. Оқушыларға біздің мемлекетіміздің бірнеше қаласында мәшине жасау зауыттары бар екенін айту. Петропавл қаласындағы ауыр мәшине жасау зауыты арнайы техника және бұрғылау құрылғыларын өндіретіні туралы ақпарат беру. Оқушыларға есептің шартын оқып шығып, жұп болып талқылауды ұсыну. Оқушылар есептің шешуін дәптерге жазады және жауаптарын салыстырып тексереді. (Ескерту: Мәшине жасау зауыттары туралы Қазақстанның әр өңірі өз жеріндегі зауыттар туралы мәліметті қолдануға болады.)

Жауабы: 72 бөлшек.

Тігін фабрикасында. Оқушылармен республикамыздағы жеңіл өнеркәсібі туралы сөйлесу. Алматы қаласындағы тігін фабрикалары әскери киім-кешек, медициналық киімдер, мектеп оқушыларының киімдері, төсекжапқыштар т. б. жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығарады.

Оқушылар жұптағы жұмысын жалғастырады. Олар есептің шартын оқып, сұрақты анықтайды. Мысалы:

-Неше метр мата қалды?

Есепті шығарып болған соң, бір оқушыға тақтаға шығып есебін түсіндіруді, ал қалған оқушыларға өз жауабын салыстырып, тексеруді ұсыну. Есепке қойылған барлық сұрақтарды тыңдап, шығару жолын тексеру.

Жауабы: 1-тәсіл:1) 9 ∙ 4 = 36 (м); 2) 100 – 36 = 64 (м);

2-тәсіл: 100 – (9 ∙ 4) = 64 (м).

Шығарып көр. Оқушыларға республикамызда фармацевтикалық өндіріс жақсы дамығаны туралы айту. Отандық фармацевтикалық зауыттар ампула және таблетка түрінде дәрі-дәрмек шығарады.

Тапсырманы орындау үшін топтық жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар шағын топта есепті талдап, жауабын өз бетінше дәптеріне жазып шығарады. Оқушылар дәптерімен алмасып, бірін-бірі тексереді, бағалайды.

Ә тапсырмасында алдыңғы есепке кері есеп құрастырып шығару керек. Оқушылар алдымен топта ауызша талқылап, содан кейін кері есепті дәп теріне жазады және шығарады. Топтағы оқушылардың құрастырған есебін дауыстап оқып, сыныпқа таныстыруын ұйымдастыру.

Жауабы: А. 63 қорап.10 қорап.

Есеп құрастыр. Оқушылар топтық жұмысты жалғастырады. Олар берілген қысқаша жазулары бойынша есеп құрастырып, оларды шығарады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топтың бір өкілі басқа топқа барып, өздерінің есебімен таныстырады, шығару жолын көрсетеді. Осылайша оқушылар өздерінің жауаптарын тексеріп, бағалайды.

Жауабы: А. 80 ц; Ә. 9 т, 135 т.

Орындап көр. Оқушыларды жұпқа біріктіру. Олар формулаларды талдайды, формуладағы әріптердің мағынасын түсіндіреді, осындай формуламен шығаратын есептердің мысалдарын келтіреді.

Жауабы: 1. С – барлық құтылардағы тосап массасы;

2. b – жастықтың тыстары саны; 3. а – бір жәшіктің массасы.

Ойлан! Оқушыларға тапсырманы жеке орындауды ұсыну. Есепті шығаруға қиналатын оқушыларды жұпқа біріктіру. Оқушылар 9-ға көбейту кестесінің жауаптарына қарап, заңдылықтарды анықтайды: барлық жауап – екі таңбалы сан, олардың жазылуында бірліктер мен ондықтар бар. Ондықтардағы цифр тігінен 1-ден 9-ға дейін (тура) жазылады, ал бірліктегі цифр 8-ден 0-ге дейін (кері қарай) жазылады.

Жауабы: 81.

Есептерді шығар. Оқушыларға есепті жұппен шығаруды ұсыну. Олар есептің шешімін дәптерге орындаулары керек. Тапсырманы орындау барысында сандарды 9-ға көбейту дағдыларын бекітеді. Жұмысты аяқтаған соң балаларды жұптары бойынша топтарға біріктіріп, жұптар арасында өзара тексеру өткізуді ұйымдастырыңыз.

Жауабы: А. 189 кг көгөніс. Ә. 27 оқушы. 18 жұп қайшы, 27 құты желім, 54 маркер, 63 парақ түсті қағаз, 90 жапсырма.

Сабақтың рефлексиясы. Оқушылардың 9-ға көбейту кестесін қолданып, есеп шығару деңгейін байқау үшін, келесі есепті ауызша шығаруға беру:

Бақта 48 алма ағашы, 24 алмұрт ағашы бар, ал өрік ағашының саны алма мен алмұрт ағаштарының санынан 9 есе кем. Бақта қанша өрік ағашы бар?

Жұмыс дәптерінде орындайтын тапсырмалар.

Оқып көр. Тапсырма 9-ға көбейту кестесін қолданып, есеп шығару дағдысын бекітуге арналған.

Жауабы: А. 10 күнде; Ә. 8 бет; Б. 90 тақпақ.

Темір ұстасы. Оқушылар есептің шартын оқып, шешу жолын және жауабын жазады. Есепті 9-ға көбейту кестесін қолданып, екі амал арқылы шығаруға болады. Тапсырма сабақ тақырыбын бекітуге арналған.

Жауабы: 14 таға.

Саяжайда. Алдыңғы есептегідей, оқушылар дәптерге есептің шығару жолын және жауабын жазып көрсетеді. Есеп екі амал арқылы шығады, бір амал 9-ға көбейту кестесін қолдануға арналған. Шартында «9 есе артық» болуына байланысты бұл айырымдық салыстыруға арналған есеп болып табылады.

Жауабы: 48 қап артық жинады.

Периметрін есепте. Оқушылар 2-сыныптан белгілі формуланы есіне түсіріп, шаршының, үш бұрыштың, тіктөртбұрыш пен ромбының пери метрін есептейді. В есебінде тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындығы әртүрлі өлшемде беріл уіне байланысты қиындық болуы мүмкін, мұндай жағдайда оқушыларға қосымша түсіндіріп, оларды дұрыс жауапқа бағыттау.

Жауабы: а) 36 см; ә) 27 дм; б) 39 дм 3 см; в) 36 м.

Қоршаудың ұзындығы. Оқушылар көрсетілген сызба бойынша саяжай аумағын қоршайтын қоршаудың периметрін табады. Есептеу барысында екі тіктөртбұрыштың ортақ қабырғасына назар аудару керек, периметрді есептегенде бұл қабырға бойынша 1 м ұзындық есепке алынады: 15 м – 14 м = 1 м.

Жауабы: 96 м.

Дифференциация. Қосымша тапсырмалар.

Кесте бойынша есеп құрастырып, шығар.

ҚБ тапсырмасын орындату.

Пифагор кестесі көрсетілген А2 формат

ты 4 парақ;

• 4 қорап қарын

даш және фломас

тер;

• көбейту кестеле

рінің мысал

дары салын

ған 4 конверт;

• ламинат

талған парақтар, маркер

лер.

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге берілетін тапсырманы түсіндіру.

Оқулық, 1-бөлім: 9-ға көбейту кестесі. Есеп шығару, 82, 83-беттер.

Жұмыс дәптері, 1-бөлім: 78-жұмыс парағы «Геометриялық есептер», 80бет.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз

Мәтінмен жұмыс істеу үшін топтарға бөлу кезінде дифференциация қолданылады

Өзара бағалау, критерий бойынша қалыптастырушы бағалау. Мұғалім жазбаша жұмысты өзі табыстың критерийлеріне сәйкес тексереді

Оқушылар жұппен жұмыс жасайды, сыныпта жүреді және белсенді болады.

Бағалау парағындағы тапсырмалар көрініске зиян келтірмейтін қол жетімді қаріппен безендірілген.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу