1000 көлеміндегі сандардың разрядтық құрамы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту

3 сабақ.Тақырыбы: 1000 көлеміндегі сандардың разрядтық құрамы

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.1.3 үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.

Сабаққа қажетті ресурстар: разрядтар мен кластар кестесі; қима қағаздар; ламинатталған қағаз парақтары, маркерлер.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Натурал сандардың үш разряды класс құрайды.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.

«Жүздік», «Ондық», «Бірлік».

Кіріспе тапсырма.(Ұ.Ж.) «Бір қадам алға...» ойыны.

Оқушыларға есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қоясыз. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжисыз, қате болса, бір қадам артқа шегінесіз. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыра аласыз. Ойын аяқталған соң қорытынды жасаңыз. Үш таңбалы сандар қандай разрядтардан тұратынын, қайсы разряд ең кіші, қайсы – ең үлкен екенін сұраңыз.

Мысалы,

-Ең үлкен үш таңбалы санды ата? (999)

-999-дың алдыңда қандай сан келеді? (998)

-998 санының ондығын 2- ге кеміт,қандай сан шықты? (978)

-978 санында неше жүздік,ондық, бірлік бар?

«Керемет», «Жарайсың», «Өте жақсы» т.с.с. сөздермен бағалау жүргізіңіз.

(Ұ.Ж.) Сыныппен жалпылама жұмыс жасауды жалғастырыңыз. Оқушыларға разрядтық қосылғыштарға жіктеуге тапсырма беріңіз.Оқушыларға бір жәшікте – 100 қарындаш , 1 қорапта – 10 қарындаш бар екенің айтып түсіндіріп өтіңіз.Оқушылар осы дерекке сүйене отырып, сандарды кестеге орналастырады. Содан соң сандардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін, қай разряд өзгергенін сұраңыз. Оқушыларға қорытынды жасауды ұсыныңыз.Бұл тапсырма арқылы оқушылар үш таңбалы сандарды жазуды үйренеді.

Жауабы:

Айгүлде 246 қарындаш бар.

Маржанда 240 қарындаш бар.

Айнада 206 қарындаш бар.

«Шапалақ ұру» арқылы оқушыларды өзін-өзі бағалауын ұсыныңыз.

(Ж.Ж.) «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушыларға жұптық жұмыс ұсыныңыз.

Оқушылар тапсырманы алдымен жеке орындайды. Сосын жұбымен жазғанын талқылайды, пікірлеседі. Сосын екі –үш жұптан пікірлерін сыныппен бөліседі сұраңыз.Үш таңбалы сан шығатындай етіп дөңгелектенген санды бояйды. Содан кейін санды разрядтық қосылғыштарға жіктейді. Бұл тапсырма арқыла оқушылар сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйренеді.

Жауабы: Ә) 263 = 200 + 60 + 3; 516 = 500 + 10 + 6

Оқушыларды «Смайлик» арқылы бағалаңыз.

(Т.Ж.) Ойлан, тап. Оқушыларға жұмысты топпен орындауды ұсыныңыз.

Әр топтағы оқушыларға бірліктер разрядын қызыл, ондықтар разрядын көкпен, жүздіктер разрядын жасылмен белгілеуді ұсыныңыз. Үш таңбалы сандардың разрядтық

құрамын бекітуге берілген тапсырма. Ойлануға уақыт беріңіз, ал содан кейін жауабын тыңдаңыз. Егер тапсырманы орындау қиындақ туғызған болса, оқушыларға көмек көрсету. Оқушылар сандардың разрядтық құрамын табуды үйренеді.

Жауабы: 277, 162, 389;

190, 630, 270;

940, 280, 970.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.

(Т.Ж.) Бұл тапсырманы да топпен жұмыс арқылы жалғастырыңыз. Әр топқа көп таңбалы сандар жазылған қима қағазды таратып беріңіз. Оқушылар сол сандардың ішінен үш таңбалы санды бір, екі, төрт таңбалы сандардан ажырата білуге үйренеді.Оқушылар сандардың разрядтық құрамын анықтай алады.Сабақтың соңында оқушылар санның разрядтық құрамын анықтауды қаншалықты үйренгенін байқауға болады.

Жауабы:

А) 800, 999.

Ә) 524, 944, 864.

Б) 700, 306, 802, 704.

В) 306, 347, 346

Оқушыларды «Бағдаршам» түстері арқылы бағаласаңыз болады.

(Ұ.Ж.) Сабақтың соңында оқушылар санның разрядтық құрамын анықтауды қаншалықты үйренгенін анықтау үшін «Ия, жоқ» ойының ойнатыңыз.Бұл ойын арқылы оқушылар көп таңбалы сандар нумерациясы туралы сұрақтарға дұрыс тұжырым болса «ия», дұрыс емес тұжырым болса «жоқ» деп сигналды карточканы көтеру арқылы жауап береді.

Оқушылардың жауабы нақты және шынайы болуын ескертіңіз. Бұл ойын оқушылардың разрядтық қосылғыштар туралы алған білімін толықтыра түседі.

Жуабы:

  • жоқ
  • ия
  • ия
  • ия
  • жоқ

«Смайликтер» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Сабақ соңынды «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс ұйымдастырыңыз.

  • Бас бармақ –мен үшін маңызды және қызық
  • Балан үйрек – маған түсініксіз болды
  • Ортан түйрек – маған жеткілікті болмады
  • Шылдыр шүмек менің көңіл – күйім
  • Кішкене бөбек – менің ұсынысым


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу