Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту

№4 сабақ.Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.1.3 үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.

Сабаққа қажетті ресурстар: кері байланыс жазуға арналған қағаз-стикерлер (оқушылар санына қарай); текше, ойын ойнауға арналған кеспе қағаздар, тапсырма жазылған қима қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Санның қосындысын разрядтық қосылғыштардың теңдігі түріне келтіріп беруді, санның жазбасын разрядтық қосылғыштарға жіктеу деп атайды. Мысалы, 342 = 300 + 40 + 2.

Егер санда қандай да бір разряд болмаса, онда санның жазбасында оның орнына 0 цифры тұрады. Оқыған кезде жоқ разрядтың бірлігі айтылмайды.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.

«Жүздік», «Ондық», «Бірлік».

.Ж).Сабақты сыныппен «Домино» ойнын ойнаудан бастаңыз.Оқушыларға домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылаған қағаз қиындыларын таратып беріңіз. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне үш таңбалы сан жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол саннан кейін келетін санды жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.

Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетедтіндігін айтыңыз.

Оқушыларға «Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Санның разрядтық құрамы.

(Ұ.Ж.). Жұмысты одан әрі сыныппен «Кубизм» әдісі бойынша жалғастырыңыз. Оқушылар үш таңбалы санның разрядтық құрамын атайды. Оқушылар кезектесіп кубты айналдырып тастайды. Қай сан түссе, сол үш таңбалы санның разрядтық құрамын атай-ды. Тапсырма өткен сабақтың материалын қайталауға көмектеседі және жаңа сабақты меңгеруіне дайындайды.

«Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» сөздік бағалау жүргізіңіз.

Жауабы:361=300+60+1

786=700+80+6

428=400+20+8

(Ж.Ж.) Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды «Жадыңда сақта!» айдарынан бастауды ұсыныңыз. Оқушылар үнемі ескеріп отыруы керек екендігі айтыңыз. Әрі қарай оқушылар жұбымен ақылдаса отырып берілген тапсырманы орындайды. Содан соң тапсырманы жұптар бір –бірімен ауыстырып, жауаптарын салыстыра отырып,тексеретіндігің айтыңыз. Оқушылар жүздіктердің, ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде санның дұрыс жіктелуін тауыбады,астын сызады. Егер тапсырманы орындауда қиындық туғызған оқушылар болса, оларға жетекші сұрақ қою арқылы көмек көрсетіңіз.

Жауабы:

1) 307 = 300 + 0 + 7

2) 749 = 700 + 40 + 9

3) 490 = 400 +90 + 0

Оқушыларға «От шашу» арқылы бағалау жүргізіңіз.

(Т.Ж.) Жаңа дағдыларды бекітуге берілген тапсырмаларды топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы беріңіз. Бұл тапсырмаларды оқушылар алдымен дәптерлеріне өз беттерінше орындауды ұсыныңыз, ал орындап болған соң топпен талдау керек екендігін айтыңыз. Содан кейін әрбір топтан бір өкілден шығып, кезектесіп жауаптарын оқиды.Бұл тапсырма арқылы оқушылар санның құрамын қайталайды және санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде беру туралы түсініктерін бекітеді.

Жауабы: Ә) 375 =300 + 70 + 5

420 = 400 + 20

Оқушыларды «Бағдаршам» түстері арқылы бағалауды жүргізіңіз.

Сабқтың соңында оқушылардан «Желкенді кеме » әдісі бойынша кері байланыс беруді ұйымдастырыңыз.

Сабақта

Мен білдім...

Мен үйрендім...

Маған ұнады...

Мен қиналдым...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу