Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту

№4 сабақ.Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.1.3 үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы: үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және барлық разрядтық бірліктер санын анықтайды

Оқушылардың көбі:

Санның разрядтық құрамын анықтайды

Оқушылардың кейбірі:

разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктейді.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

ондық, бірлік, жүздік, мыңдық, үш таңбалы сан, төрт таңбалы сан, көп таңбалы сан

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Бұл санды жазу үшін барлығы қанша цифр қажет болды?

Бұл санды жазу үшін қандай цифрлар пайдаланылды?

Бұл санды жазған кезде … цифры (әрбір цифр) нені білдіреді?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Қосу және азайту амалдарын орындай алады, компаненттерін атайды.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5мин

Сабақ

тың ортасы

30мин

Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбері (Шеңбер құрып бір – біріне жылы тілектер айту)

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.

Оқушыларды топқа бірігуАлдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.

«Жүздік», «Ондық», «Бірлік».

.Ж). «Домино» ойнын ойнау

Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне үш таңбалы сан жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол саннан кейін келетін санды жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.

 Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді.

«Смайлик» арқылы бағалау

Санның разрядтық құрамы.

.Ж.). «Кубизм» әдісі бойынша Олар кезектесіп кубты айналдырып тастайды. Қай сан түссе, сол үш таңбалы санның разрядтық құрамын атайды. Тапсырма өткен сабақтың материалын қайталауға көмектеседі және жаңа сабақты меңгеруге дайындық болады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

(Ж.Ж.) Оқушылар жұбымен ақылдасып орындайды. Содан соң тапсырманы жұптар бір –бірімен ауыстырып, жауаптарын салыстыра отырып,тексереді.

Оқушылар жүздіктердің, ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде санның дұрыс жіктелуін тауып, астын сызады.

«Жадыңда сақта!» оқушылар үнемі ескеріп отыруы керек екендігі айту.

Тапсырманы орындау қиындық туғызған оқушыларға көмек көрсету.

«От шашу» арқылы бағалау

(Т.Ж.) Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Тапсырма жаңа дағдыларды бекітуге берілген. Бұл тапсырманы оқушыларға дәптерлеріне өз беттерінше орындауды ұсыну, ал орындап болған соң топпен талдату. Содан кейін әрбір топтан бір өкіл шығып, кезекпен жауабын оқиды. Оқушылар санның құрамын қайталайды және санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде беру туралы түсінікті бекітеді.

Тапсырма

А) Берілген санның қосындысына сәйкес келетін сандарды тауып, сол төркөзді боя.

Ә) Сол сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеп жаз.

«Бағдаршам» арқылы бағалау.

Слайд №2

Cлайд №3

разрядтар мен кластар кестесі;

«Жүздік», «Ондық», «Бірлік» жазылған

қима қағаздар

Слайд №4, 5

қағаз қиындылары

Слайд №6

Сандар жазылған текше

Слайд №7,8

Слайд №9

Тапсырма жазылған қима қағаздар

Слайд №10

Сабақ

тың соңы

5мин

Кері байланыс

«Желкенді кеме» әдісі

Сабақта

Мен білдім...

Мен үйрендім...

Маған ұнады...

Мен қиналдым...

Стикерге жазу.

Стикерлер.

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Смайликтер» арқылы бағалау

«От шашу» арқылы бағалау

«Бағдаршам» арқылы бағалау

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу