Көп таңбалы сандарды салыстыру. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту
№5 сабақ.Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды салыстыру
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру.
Сабаққа қажетті ресурстар: разрядтар мен кластар кестесі; қима қағаздар,
әрбір топқа плакат – 1дана, пазл құрастыруға арналған суреттер.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Екі үш таңбалы санның қайсысының үшінші разрядының цифры үлкен болса, сол сан үлкен болады (жүздіктер разряды). Егер үшінші разрядтың бірліктері бірдей болса (жүздіктер разряды), онда алдындағыдай екінші разрядтың бірліктерін салыстыру керек (ондықтар разряды). Және осылайша бірінші
разрядтың бірліктеріне дейін салыстыра беру қажет (бірліктер разряды).
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.
«Артық», «Кем», «Тең».
(Т.Ж.) «Пазлдар»
Сабақты әрбір топқа пазл құрастыруға арналған суреттердің қиындысын таратып беруден бастаңыз. Пазлдан Астана қаласындағы биік ғимараттардың суреттері құрастырылады. «Байтерек» -97м, жалпы ұзындығы -105м, «Астана салтанаты»-144м, «Солтүстік шұғыласы»-180 м осы ғимарат туралы қысқаша мәлімет алады. Сол мәліметтерге сүйене отырып, ғимараттардың ұзындықтарын салыстыруды ұйымдастырыңыз.Оқушылар көп таңбалы сандарды қалай салыстырғанын сұраңыз.Оқушылардан сандарды салыстыруға қандай білімнің көмектескенін сұраңыз
(сандар тізбегі мен үш таңбалы сандар разряды туралы білім).
- Ең биік ғимараттың ұзындығы неше метр?
- Ең аласа ғимараттың ұзындығы ше?
- Қай ғимарат ұзын?
- Неше метр ұзын?
- Оны қалай білдің?
- Қай ғимарат аласа ?
- Неше метр аласа?
- Оны қалай білдің?
Оқушыларды «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.
(Ж.Ж.) Математикалық диктант
Әр қарай жұптық жұмысты оқушыларға разрядтар мен кластар кестесі таратылып беруден бастаңыз. Алғашында кестедегі бірліктер қатарынан бір санды, содан кейін – ондықтар мен жүздіктерден бір санды жазып көрсетіңіз. Оқушылардан алыған сандарын дауыстап айтуды сұраңыз. Мысалы, 6, 40 және 500 сандарын көрсетіңіз. Қандай сан алынғанын сұраңыз (546). Оқушыларға бұл саннан 1 жүздікке артық санды (646), 3 жүздікке кем санды (246), екі ондыққа артық санды (366), 4 ондыққа кем санды (506), 3 бірлікке
артық санды (549), 5 бірлікке кем санды (541) кестеге толтыруды тапсырыңыз. Оқушылар берілген кесте бойынша құрастыруға болатын ең кіші және ең үлкен санды атайды.
Үш таңбалы екі санның қайсысында барлық бірліктердің саны артық болса, сол санның үлкен болатыны жайлы қорытынды жасай алады.
Жауабы:546; 646, 246, 366, 506, 549, 541.
Оқушыларға «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз.
(Т.Ж.) Топтық жұмысты оқушыларға қима қағазға жазылған тапсырмаларды таратылып беруден бастаңыз. Оқушыларға сандық сәуле бойындағы түсіп қалған сандарды толықтырып жазуға беріңіз. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып оқып береді. Оқушылар мынадай қорытынды жасай алады. Сан түзуінде екі натурал санның оңға қарай орналасқаны үлкен болып табылады. Ал солға қарай орналасқаны – кіші болады.
Оқушылар осы жасалған қорытындыны естерінде сақтауы керек екендігін ескертіңіз.
Жауабы: А) ...563, 564, 565, ...568;
Ә)...128,..130,...132;
Б) 232, ... 234, ... 236,... 238;
Оқушыларды «Шапалақ» арқылы бағалауды жүргізіңіз.
(Т.Ж.) Оқушылармен топтық жұмысты әрі қарай жалғастырыңыз. Оқушылардың берілген тапсырма жауаптарын негіздей отырып, сандардың жұбын топта салыстырады. Оқушылар кейбір жағдайда сандардың тек жүздіктерін, ондықтарын салыстырса жеткілікті екені туралы қорытынды жасай алады. Қиындық туған жағдайда оқушыларға көмек көрсетіңіз.
Жауабы: 546 ; 277; 436; 463.
500 >200 400 =400
546 > 277 30 < 60
436 < 463
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.
Сандарды салыстыр.
(Д.Ж.) Оқушыларға өз бетінше көп таңбалы сандарды салыстырудың қатесін тауып, салыстыруды және теңсіздіктерді дәптерлеріне жазуды ұсыныңыз. Оқушыларға тапсырманы дұрыс орындағанын тексеру үшін, дәптерлерін жұпта ауыстыруды және өзара тексеруді ұсыныңыз. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар салыстыруды жоғары разрядтан бастау керек деген ұғымды түсініп, үйренеді. Берілген тапсырманы өзгелерден бұрын болған қабілеті жоғары оқушыларға сандардың разрядтық құрамын және нөлдің сандардың әртүрлі разрядында тұрған кездегі рөлін қосымша тапсырма ретінде сұраңыз.
Жауабы: 399 < 400; 805 > 508; 520 > 502.
Оқушыларды «Смайлик» арқылы бағалауды ұсыныңыз.
(Т.Ж.) Ойлан, тап.Сабақ соңында топтық жұмысты тапсырма жазылған қима қағаздар таратып беруден бастаңыз. Оқушылар жұлдызшаның орнына теңсіздік тура шығатындай етіп кез келген тиісті санды жаза алатыңдығын айтыңыз.Мүмкін болатын барлық жағдайларды қарастырады. Жауабын ламинатталған параққа жазады. Тапсырманы орындап болған соң, әрбір топ бір – бірімен жұмыстарын ауыстырады. Оқушыларға көрші топтың жұмысын тексеруді ұсыныңыз. Содан соң әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарын қорғауды ұсыныңыз. Оқушылар көп таңбалы санды салыстыруда разрядтарға көңіл бөлу керек екендігіне назар аударуың сұраңыз.
Жауабы: мүмкін жағдай
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалауды жүргізіңіз.
Сабақ соңында «Бағдаршам» түстері арқылы кері байланыс алуды ұйымдастырыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?