Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеулер «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын (%) есептеу» . Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Пәні: Химия
Сынып: 10
Тарау/Тақырып | 10.1B Стехиометрия | |||
Оқу мақсаты | 10.2.2.1 қалыпты және стандартты жағдайда «молярлы концентрация», «молярлы көлем» ұғымдарын қолдана отырып, есептеулер жүргізу | |||
Дағдылар | Білу, түсіну, анализ | |||
Бағалау крийтерийлері |
| |||
Тапсырма №1. Массасы 73 г тұз қышқылының мөлшері мен көлемін (қ.ж) анықтаңыз Тапсырма №2. 2 м3 метанды (СН4) (қ.ж) жаққанда түзілетін көміртек диоксидінің көлемін есептеңіз Тапсырма №3. Массасы 240 г болатын суда натрий гидроксидінің 10 г ерітті. Алынған ерітіндінің тығыздығы 1,04 г/л. Осы ертіндінің моллярлы концентрациясын есептеңіз Тапсырма №4. Молярлық концентрациясы 0,1 моль/л және тығыздығы 1,09 г/л болатын кальций хлоридінің 100 мл ерітіндісіне массасы 500 г суды қосты. Алынған ерітіндінің массалық үлесі мен молярлық концентрациясын есептеңіз. Тапсырма №5. Айжан тамақ пісіру кезінде массасы 15 г болатын 1 қасық қантты С12Н22О11 жерге шашып алды. Айжанның шашып алған қант мөлшерін есептеңіз Тапсырма №6. Қымыздық қышқылымен улану кезінде асқазанды тазарту мақсатында кальций хлоридінің(тығыздығы 1,014г/мл) 2 %-тік ерітіндісін қолданады. Осы ертіндінің молярлық концентрациясын есептеңіз | ||||
Бағалау крийтерийі | Дескриптор | |||
|
| |||
|
Пәні: Химия
Сынып: 10
Тарау/Тақырып | 10.1B Стехиометрия | |||
Оқу мақсаты | 10.2.2.2 Егер бір зат артық мөлшерде берілсе немесе құрамында қоспа болса белгілі мөлшер (масса, көлем және зат мөлшері) бойынша реакция өнімнің мөлшерін (масса, көлем және зат мөлшері)есептеу | |||
Дағдылар | Білу, түсіну, анализ | |||
Бағалау крийтерийлері |
| |||
Тапсырма №1. Массасы 3,56 г барий хлоридінің ертіндісіне 3,56 г болатын натрий сульфаты ертіндісін қосты. Тұнбаға түскен барий сульфатының массасын есептеңіз Тапсырма №2. Реакцияға 14 г темір мен 10 г күкірт керек. Реакция соңына дейін жүреді деп есептесек, түзілген темір сульфидінің массасын анықтаңыз. Қандай зат артық мөлшерде алынған Тапсырма №3. Құрамында 5,2 г бар барий хлориді ертіндісіне массасы 4,9 г болатын күкірт қышқылы ерітіндісін құйылды. Түзілген тұнбаны сүзіп, кептірді. Құрғақ тұнбаның массасын есептеңіз. Ертіндіне қандай зат қалды? Тапсырма №4. Көлемі 7,6 л (қ.ж) болатын көміртек диоксидін массасы 282 г және массалық үлесі болатын барий гидроксиді ертіндісі арқылы өткізгенде түзілетін тұнбаның массасын есептеңіз Тапсырма №5. Массасы 0,5 кг болатын құрамында 12% қоспасы бар аммоний хлоридінен азотты анықтаңыз. Тапсырма №6. Массасы 35 г әктасты қыздырғанда 16 г кальций оксиді түзілді. Әктас құрамындағы кальций карбонатының массаслық үлесін есептеңіз Тапсырма №7. Массасы 73 г болатын кальций оксиді мен карбонатынан тұратын қоспаға тұз қышқылымен әсер еткенде көлемі 11,2 л (қ.ж) болатын көміртек диоксиді түзілді. Қоспа құрамына кіретін заттардың массаларын есептеңіз. Тапсырма №8 Массасы 12 г алюминий мен мырыштың қоспасына қышқылмен әсер еткенде көлемі 11,2 л (қ.ж) болатын газ бөлінді. Қоспаның құрамындағы металдардың массалық үлесін есептеңіз Тапсырма №9. Массасы 8 г болатын натрий мен калий карбонатының қоспасына күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде калий мен натрий сульфаттарының қоспасы массасы 10,24 г болды. Бастапқы қоспа құрамындағы әр тұздың массалық үлесін есептеңіз | ||||
Бағалау крийтерийі | Дескриптор | |||
|
| |||
|
Пәні: Химия
Сынып: 10
Тарау/Тақырып | 10.1B Стехиометрия | |||
Оқу мақсаты | 10.2.2.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын (%) есептеу; | |||
Дағдылар | Білу, түсіну, анализ | |||
Бағалау крийтерийлері |
| |||
Тапсырма №1. Массасы 294 г магний карбонатын қыздыру кезінде 120 г магний оксиді алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда магний оксидінің шығымын есептеңіз. Тапсырма №2. Мөлшері 1,5 моль аммиакты күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде масссасы 63 г аммоний сульфатын алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда аммоний сульфатының шығымын есептеңіз. Тапсырма №3. Массасы 162 г болатын мырыш оксидін көмірмен тотықсыздандыру арқылы алынатын мырыштың массасын есептеңіз, егер теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда шығымы 80% Тапсырма №4. Көлемі 5,6 л (қ.ж) болатын азоттан шығымы 20% алынған аммиакты массасы 100 г күкірт қышқылы ертіндісінен өткізді. Нәтижесінде қышқыл тұз пайда болды. Күкірт қышқылының массалық үлесін есептеңіз Тапсырма №5. C3H8 + 5 O2 3 CO2 + 4 H2O If I start with 5 grams of C3H8, what is my theoretical yield of water? I got a percent yield of 75% How many grams of water did I make? | ||||
Бағалау крийтерийі | Дескриптор | |||
|
| |||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?