Реакция теңдеулері бойынша есептеулер. Химия, 10 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Реакция теңдеулері бойынша есептеулер
10.1B Стехиометрия
Сабақ мақсаты:
бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері (массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек сандарын) есептеу;
Бағалау критерийлері
бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін есептейді
Тапсырма №1
Топқа бөлу:
І – топ, ІІ – топ, ІІІ – топ.
Тапсырма барлық топқа бірдей. Тапсырмалардың жауабы ақ параққа жазылып, тақтаға ілінеді. Парақтың бергі жағында дұрыс жауабы, ал артқы бөлігінде келесі тапсырманың берілгені жазылады.
Дескриптор:
- Реакция теңдеулері арқылы өнім шығымын, массасын және қоспа құрамындағы заттың массасын анықтайды
Тапсырма №2
2,33 г темір мен мырыштың қоспасын қышқылға еріткенде 896 мл сутегі алынады. Қоспадағы әрбір металдың массасын анықтаңдар?
І – топ: формула арқылы анықтайды
ІІ – топ: пропорция арқылы анықтайды
ІІІ–топ:алгебралық теңдеулер құрастыру арқылы анықтайды
Дескриптор:
- Берілген есепті бірнеше әдісті пайдалана отырып шығара алады
Тапсырма №3
1) Егер шығымы 100% болса, 10г алюминийді оттекте жаққанда алынған алюминий оксидінің массасы?
а)20г b) 7г c)18г d)13г e)35г
2) 100 г темір пластинкасын мыс купороса ерітіңдісіне батырған.Мыс қонған пластинканы кептіріп қайтадан өлшеген. Оның массасы 101,3 г болған, Пластинкаға қонған мыстың массасын анықтаңдар?
а) 9,2г b) 5г c)8,5г d)10,4г e)35г
3)1,60 г калий бромиді ерітіндісіне құрамында хлоры бар бромның 6,00 г қоспасы қосылады. Қоспаны кептіреді. Сонда 1,36 г тұз қалдық болып қалады. Қоспадағы хлордың проценттік массасын анықтаңдар?
а) 3,2% b) 12% c)0,5% d)10,4% e)9,8%
Дескриптор:
- Шығымға байланысты әртүрлі есептерді шығара алады
Тапсырма №4
Сұрақтарға жауап бер.
Заттың молярлық массасы дегеніміз не?
b) Заттың молярлық массасының өлшем бірлігі дегеніміз не?
c) Қай формуланың көмегімен заттың молярлық массасын, массасын, мөлшерін анықтауға болады?
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?
d) Зат мөлшері қалай белгіленеді?
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Тапсырма №1
20кг магний оксиді 94,5 г азот қыщқылымен әрекеттескенде түзілген тұздың массасын есептеңдер.
Тапсырма №2
10 г натрий гидроксиді ерітіндісімен қандай көлемде хлорлы сутегі әрекеттеседі?
Тапсырма №3
Оқушы оттек алу үшін суретте көрсетілген аппаратты қолданып, тәжірибе жүргізді. Ол үшін 39,5 г калий перманганатын өлшеп алды. Бұл тәжірибе үшін неше моль калий перманганаты жұмсалды? Тәжірибе соңында оқушы қанша көлемде оттек алады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?