Реакция теңдеулері бойынша есептеулер «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің пайыздық шығымын есептеу». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән: Химия

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс:

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

10.1B Стехиометрия

Сабақтың тақырыбы

Реакция теңдеулері бойынша есептеулер «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің пайыздық шығымын есептеу»

Бастапқы білім

7.3С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула. 8.2А Зат мөлшері.

8.2CХимиялық реакциядағы энергиямен танысу.

Оқыту мақсаттары

10.2.2.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептеу;

 Сабақтың мақсаттары

теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептеу;

Бағалау критерийлері

  • теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептейді

 Тілдік мақсаттар

 

Авогадро саны, моль, молярлық масса, эмпирикалық формула, концентрация, сұйылту;

дәл/дәл емес, дәлдік, сенімді / сенімсіз, сенімділік, шынайы/ шынайы емес, шынайылық, қателік (қателіктер);

Менің өлшеу дәлдігім … негізделеді

Мен алған нәтижелерімді … салыстырдым және олар … расталды / расталмады

Менің өлшеулерімде ....туындаған қателіктер бар деп ойлаймын

 Құндылықтарды

 дарыту

Қауіпсіздік ережесі арқылы оқушы денсаулығын нығайту

Топтық тапсырмалар арқылы оқушының логикалық ойлау дәрежесін, қарым- қатынасын, жауапкершілігін арттыру.

Топпен, ұжыммен жұмыс жасау арқылы адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу дағдыларын дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Пән

Математика

Кезең

Сабақ барысы

 Дифференциация

Барлық оқушылар: теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептейді

Кейбір оқушылар:

Жоғарғы деңгейлік тапсырмалар бойынша теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептей алады

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Халат кию

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2минут

Оқушылармен амандасу

Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру.

Сабақ тақырыбы:

Реакция теңдеулері бойынша есептеулер «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің пайыздық шығымын есептеу».

Сабақтың мақсаты:

теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептеу

Сабақтың ортасы

2-12 минут

12-13 минут

13-38 минут

Реакция өнімдегі шығымның массалық үлесі (η – «эта»)

(ω - «омега») - реакция теңдеуі бойынша теория жүзінде алынуға тиісті өнім массасының іс жүзінде (практикалық) шығатын өнімнің массасына қатынасын өнімнің массалық үлесі дейді.

η = m(пр.) / m(теор.) * 100% (масса бойынша) (1)

η = V(пр.) / V(теор.) * 100% (көлем бойынша) (2)

«Заттың шығымы» түсінігімен байланысты есептердің үш типі бар.

1. Берілді: реагенттің және өнімнің массасы.

Табу керек: өнімнің шығымың.

2. Берілді: реагенттің массасы және өнімнің шығымы.

Табу керек: өнімнің массасың.

3. Берілді: өнімнің массасы және шығымы.

Табу керек: реагенттің массасың.

Есепті шешу алгоритімі:

Табу керек: өнімнің шығымын.

1) Есептің шартын мұқият оқып шығу.

2) Жазып ал: не берілді, не табу керек?

3) Реакция теңдеуін жазып, теңеструді ұмытпау керек.

4) Реакция теңдеуі бойынша өнімнің теориялық массасын табу.

5) Белгілі формула бойынша өнімнің шығымын есептеп алу. Жауабың жазу.

Мысалы:

32,4г мырыш оксидінең алюминийтермия әдісі арқылы, 24г таза мырыш алынды. Өнімнің шығымын табыңдар.

Тапсырма №1

Топқа бөлу: І – топ, ІІ – топ, ІІІ – топ.

Оқушылар тапсырманы (I), (P),(G) орындайды.

І – топ : 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде 131,4 г хлорсутек алынса, хлорсутектің шығымы (%)? (90%)

ІІ – топ: Теориялық шығымы 80% болса, массасы 31 кг кальций фосфатына күкірт қышқылымен әсер еткенде алынатын фосфор қышқылының массасын есептеңдер? (15,68кг)

ІІІ – топ: Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 92% болса, онда 23,4г алюминий гидроксидінен алынған металл оксидінің массасын табыңдар. (14 г)

Тапсырма №2 (Дифференциация)

А – деңгей.1,7 г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде 5 г аммоний хлориді алынды.Түзілген өнімнің шығымы (%) Ж: 93,4%

В – деңгей. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді.Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%) Ж: 80%

С – деңгей. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 25,12 % болса, массасы 3,8г аммиак алу үшін азот пен сутектің қанша көлемі (қ.ж.) әрекеттесетінін есептендер. Ж:10л

Дескриптор:

  • Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің пайыздық шығымын есептейді

(f) Өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Тапсырма №1

10кг натрий гидроксидін кремнийдің оксидімен қосып балқытқанда 12,2кг натрий силикаты алынды. Натрий силикатының теориялық шығымын есептеңдер. (80%)

Тапсырма №2

Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 80% болса, онда темір (ІІІ) оксидіне, көміртек (ІІ) оксидімен әсеретсек, нәтижесінде 11,2г. Темір алынды. Реакцияға жұмсалған темір (ІІІ) оксидінің массасын табыңдар. ( 20 г)

Тапсырма №3

Массасы 1г сутек газын хлормен синтездеу арқылы 32г хлорсутек газы алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің массалық үлесін анықтандар. (87,67%)

Бағалау критерийі

Дескриптор

  • теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептейді

Есепті есептеу алгоритімі бойынша жазып шығара алады

Реакция өнімінің шығымы және соған қатысты мәселелер бойынша сілтеме:

http://danielleamorim.tripod.com/

https://www.youtube.com/watch?v=_xeqkSQb0Pg

Сабақтың соңы

38-40минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- нені үйренді;

- не нәрсе түсініксіз болып қалды;

- немен қайта жұмыс жасау керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?