Көп таңбалы сан. Мың. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту

№9 сабақ.Тақырыбы: Көп таңбалы сан. Мың

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.1.4. – санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру;1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру;

3.4.3.1. 1 000-ға дейінгі сандар, мыңдықтар мен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

Сабаққа қажетті ресурстар: кеспе қағаздар; ламинатталған парақтар, маркерлер;

стикерлер. көрсету үшін:разрядтар мен кластар кестесі.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

1000 (мың) – бұл ең кіші төрт таңбалы сан, санаудағы мыңдықтар класының бірлігі болып табылады. Егер мыңды мың рет қоссақ, 1 000 000 саны шығады (миллион)

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.

.Ж.) Сабақты математикалық диктанттан бастаңыз. Әрбір топқа әртүрлі сұрақтар қойыңыз. Бірінші топқа бір таңбалы сандарды, екінші топқа екі таңбалы сандарды, үшінші топқа үш таңбалы сандарды теріп жазуға беріңіз.Тапсырманы орындап болған соң, сұрақтарға жауап алыңыз. Оқушылардан бұл сандарды қайда қолданғаны немесе естігенін сұраңыз. Кейбір қабілеті жоғары оқушылар мысалдар келтіре алады: азық-түліктің массасы, жолдың ұзындығы, құны 1000 теңгелік купюрлар бар екендігін айтады.

  • Ең үлекен бір таңбалы санды ата? (9)
  • Ең үлкен екі таңбалы сан ше? (99)
  • Үш таңбасы санның ең үлкені неше? (999)
  • 999 санынан кейін келетін санды ата? (1000)
  • Бұл неше таңбалы сан?
  • Қай класқа жатады?
  • 1000 саның қай жерлерде кездестіріп немесе қолданып жүрміз?

«Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.с.с. сөздік бағалау жүргіземіз.

Есте сақта!

(Ұ.Ж.) Сабақты әрі қарай оқушыларға 1000 санының графикалық моделін 1000 таяқшадан құрастырылатынын және бұл сан 10 жүздіктен тұратынын түсіндіріңіз.

Оқушылар үш таңбалы сандарды жүздікпен, ондықпен санай алады және есінде сақтайды. Жүз,екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз -бұлар үш таңбалы сандар,өйткені ол үш разрядтан тұрады. Мың ең кіші төрт таңбалы сан, өйткен ол төрт разрядтан тұратындығын кесте арқылы көрсетіп түсіңдіріңіз.

Оқушылар бұл тапсырма арқылы 100 бен 1000 көлемінде ондықтармен, жүздіктермен тура және кері санауды үйренеді. Қиындық көрген оқушыларға неден қиындық

көргендері туралы айтуға мүмкіндік беріңіз. Оқушылар сабақтың тақырыбын қаншалықты

меңгергенін анықтау үшін, төмендегі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

-1000 көлемінде ондықтармен сана;

- Жүздіктермен сана;

- Ондықтармен тура сана;

- Ондықтармен кері сана;

- Жүздіктермен тура сана;

- Жүздіктермен кері сана.

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз.

Түсіп қалған санды тап.

(Т.Ж.) Топтық жұмысты әрбір топқа тапсырма таратып беруден бастаңыз.Топ мүшелері кестедегі түсіп қалған сандарды тауып, жазуды тапсырыңыз. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, түсіп қалған санды қалай тапқандығын қорғайды. Оқушылар нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін қайталап еске түсіреді.

Жауабы:

А) 360;220; 170; 90.

Ә) 395;176; 177;394.

Б) 718; 549; 376;155.

Оқушыларға «Смайликтер» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Сандарды жаз.

(Д.Ж.) Оқушыларға бұл тапсырма сабақтың тақырыбы бойынша алған дағдыны бекітуге көмектеседі. Оқушыларға кесте және сандар жазылған кеспе қағаздарды таратылып беріңіз. Оқушылар өз бетінше кестені толтырады. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы көп таңбалы сандарды оқу мен жазуды үйренеді.

Жауабы:

Мыңдар класы

(екінші класс)

Бірліктер класы

(бірінші класс)

Жүздік мыңдар

Ондық мыңдар

Бірлік мыңдар

Жүздіктер

Ондықтар

Бірліктер

1

0

0

0

4

3

0

0

0

5

8

6

0

0

0

1

0

0

0

0

1

0

0

0

0

9

0

2

0

0

0

7

3

0

0

0

0

6

0

0

0

0

0

«Смайликтер» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Есепті шығар

(Т.Ж.)Топтық жұмысты оқушыларға есеп жазылған тапсырманы таратып беріңіз немесе тақтадан оқуға болады. Оқушылар есепті оқып, топта талқылап, талдайды.Ол үшін оқушыларға жетекші сұрақтар қойыңыз. Оқушылар есептің қысқаша шарты мен жауабын, шешуін ламинатталған қағазға жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып жауаптарын қорғауды ұсыныңыз. Оқушылар есеп шығару арқылы 1000 –ға дейінгі сандарды қосуды үйренеді.

  • Есеп не туралы?
  • Не белгілі ?
  • Не белгісіз?
  • Нені табу керек?
  • Бірден сұраққа жауап бере аламыз ба?
  • Ол үшін не істейміз?

Жауабы: 500 теңге

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау жүргізіңіз

(Ұ.Ж.)Санап көр. Сабақ соңында ұжымдық жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін байқауға болады. Оқушылар 100 –ден 1000- ға дейінгі сандарды санау арқылы алған білімдерін тиянақтайды.

Жауабы:

  • 100,200,300,400,500,600,700,800,900,1000.
  • 1000,900,800,700,600,500,400,300,200,100.
  • 950,357,510.
  • 99,986,699.

Оқушыларды «Шапалақ» арқылы бағалауды жүргізіңіз.

Сабаққа «Басбармақ» әдісі арқылы кері байланыс жүргізіңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу