Көп таңбалы сан. Мың. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту

№9 сабақ.Тақырыбы: Көп таңбалы сан. Мың

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.1.4. – санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру;

1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру

3.4.3.1. 1 000-ға дейінгі сандар, мыңдықтар мен миллионға дейінгі

сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы: сандағы бірліктер, ондықтар мен

жүздіктердің санын анықтай алады, нөлмен аяқталатын сандарды

қоса және азайта алады.

Оқушылардың көпшілігі: бір, екі, үш нөлмен аяқталатын сандарды

қосу мен азайтуды салыстыра алады.

Оқушылардың кейбіреулері: нөлмен аяқталатын сандармен бірнеше амалға берілген мысалдарды шығара алады.

Ғылыми тіл

Оқушылар үш таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайту тәсілдерін

қалай орындағанын түсіндіріп бере алады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сандардың жазылуында қандай цифрлар бірліктерді, ондықтарды,

жүздіктерді, мыңдарды бейнелейді?

Нөлмен аяқталатын сандарды қалай қосуға болады?

Нөлмен аяқталатын сандарды қалай азайтуға болады?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Қосу және азайту амалдарын орындай алады, компаненттерін атайды.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.

Оқушыларды топқа бірігуі Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу

«Бірлік», «Ондық », «Жүздік»

Кіріспе тапсырма. Математикалық диктант

.) Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Бірінші топ бір таңбалы сандарды, екінші топ екі таңбалы санды, үшінші топ үш таңбалы сандарды теріп жазады. Қабілетті жоғары оқушылар мысалдар келтіре алады: азық-түліктің массасы, жолдың ұзындығы, құны 1000 теңгелік купюр.

  • Ең үлекен бір таңбалы санды ата? (9)
  • Ең үлкен екі таңбалы сан ше? (99)
  • Үш таңбалы санның ең үлкені неше? (999)
  • 999 санынан кейін келетін санды ата? (1000)
  • Бұл неше таңбалы сан?
  • Қай класқа жатады?
  • Бұл санды қай жерлерде кездестіріп жүрміз?

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

Слайд№2

Топтың аты жазылған қима қағаздар «Бірлік», «Ондық », «Жүздік».

Слайд № 3,4

Слайд № 5-7

Сабақтың ортасы

30 мин

Есте сақта!

(Ұ.Ж.) Оқушыларға 1000 санының графикалық моделін 1000 таяқшадан құрастру және бұл сан 10 жүздіктен тұратынын түсіндіру.

Оқушылар үш таңбалы сандарды жүздікпен, ондықпен санайды және есінде сақтайды. Жүз,екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз -бұлар үш таңбалы сандар,өйткені ол үш разрядтан тұрады. Мың ең кіші төрт таңбалы сан, өйткен ол төрт разрядтан тұрады.

Оқушыларға 100 бен 1000 көлемінде ондықтармен, жүздіктермен тура және кері санауды үйренеді.

- 1000 көлемінде ондықтармен сана;

- Жүздіктермен сана;

- Ондықтармен тура сана;

- Ондықтармен кері сана;

- Жүздіктермен тура сана;

- Жүздіктермен кері сана.

«Басбармақ» арқылы бағалау.

Түсіп қалған санды тап.

.Ж.) Оқушылар кестедегі түсіп қалған санды табады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қорғайды. Оқушылар нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін қайталайды.

«Смайликтер» арқылы бағалау.

Сандарды жаз.

(Д.Ж.) Оқушылар кесте және сандар жазылған кеспе қағаздар таратылып беріледі. Оқушылар кестені толтырады.

- Әр жолда жазылған санда екінші кластың неше бірлігі бар?

- Бірінші кластың ше?

- Әр сан неше цифрдың көмегімен жазылған?

- Разряды аталмаған санды қалай жаздың?

Оқушылар тапсырманы орындау арқылы көп таңбалы сандарды оқу мен жазуды үйренеді.

Тапсырманы орындау қиын болған оқушыларға көмек көрсету.

«Смайликтер» арқылы бағалау.

Есепті шығар

(Т.Ж.) Оқушылар есепті оқып топта талқылап, талдайды.

Ламинатталған қағаздарға жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып жауаптарын қорғайды.

  • Есеп не туралы?
  • Не белгілі ?
  • Не белгісіз?
  • Нені табу керек?
  • Бірден сұраққа жауап бере аламыз ба?
  • Ол үшін не істейміз?

Оқушылар есеп шығару арқылы 1000 –ға дейінгі сандарды қосуды үйренеді.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау

(Ұ.Ж.)Санап көр.

Оқушылар 100 –ден 1000- ға дейінгі сандарды санау арқылы алған білімдерін тиянақтайды.

  • Жүздіктермен 100 – ден 1000 – ғадейін сана.
  • 1000- нан 100 ге дейін кері сана.
  • Мына сандардан кейінгі санды ата:949; 356; 509.
  • Мына сандардың алдында қандай сан келеді:100 ; 987;700.

«Шапалақ» арқылы бағалау.

Слайд №8

Слайд №9

Слайд №10

Слайд №11

Слайд 12

Слайд №13

Ламинатталған қағаз, маркерлер

Слайд №14

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

Не үйрендім?

«Басбармақ» әдісі арқылы.

Стикерлер.

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалау

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

«Басбармақ» әдісі

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу