27 Наурыз - Актёрлар күні

 27 Наурыз - Актёрлар күні

Мамандықтың майталманы,
Сахнаның тарланы.
Өмір, көңіл тебіренісін,
Актер ғана айтады.
Қарапайым көріністі,
Жіберетін сән қылып,
Актерлардың асқақ күші
Таусылмасын мәңгілік.

Олар шықса сахнаға,
Жан бітеді қайнайды.
Тыныш тұрған қабырғалар,
Тіл бітіріп сайрайды.
Шын өмірді көргендей боп,
Көңіліңді байлайды.
Таланттары тас қашаған,
Актер мәңгі жайнайды.

Ол жыласа жүрек қалар салқындап,
Ол қуанса күлгің келер қарқылдап.
Тұп-тынық бір тылсым күйі шешілмес,
Актерлардың бойында тұр бар жұмбақ.
Әр күндерің шуақ құшып жинасын,
Әр көрермен махаббатын тыймасын.
Әр қыратта қиындықтар кездеспей,
Әр кейіпкер қуанышын сыйласын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!