Табиғатты қорғау. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлім. 1А-1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту.

№14 сабақ. Тақырыбы: Қорытынды сабақ

3.4.3.2. Өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

3.1.2.8. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар: Санды, әріпті өрнектер жазылған топтамалар, логикалық тапсырмалар, есепке қатысты суреттер мен түсіндірмелер, қызықты тапсырмалар жазылған қима қағаздар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың - 104, дөңгелекауыздылар немесе балықтәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез-келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, улы сұр жылан, бақа, алабұға, шортан және тағы басқалар кездеседі.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Ынталандыру

(Ұ)1-тапсырма өрнектерді ажырату, салыстыру

а+5; (34+10) -2; 23 • 4+9; х+9=17 • 6; 72 ; х=24 : 3;(45+25) : 5; 90-10 • 5; х-3; Ь • 6; 19<20+9 -8; с : 9;42>72 : 9+20; 12 : х+24 : 8; (*+2)+16 ■ 4; 34-8=13 • 2.

Жазулардың ішінен санды өрнектерді теріп жаз жөне оқы. Әріпті өрнектерді теріп жаз және оқы.

Қай өрнекті санды және әріпті өрнек деп айтуға болмайды? Неліктен? Салыстыру жасау. Теңсіздік туралы түсінікті еске түсіру

Шапалақ арқылы бағалау

Өзектендіру.

(Т) 2-тапсырма

Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың - 104, дөңгелекауыздылар немесе балықтәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез-келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, улы сұр жылан, бақа, алабұға, шортан және тағы басқалар кездеседі.

Мәліметті мұқият оқы, сандарды өсу ретімен жаз, үш таңбалы сандарды ата, 835-тен кем он сандар қатарын жаз, 104 санынан үлкен он сандар қатарын жаз. Шешімдер жиыны осы сандар сәулесінде көрсетілген теңсіздіктерді жаз.

(Ж)

104

835

Смайлктер арқылы бағалау жасау

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар)

(Ж)3-тапсырма. Баған түрінде орындау алгоритмін түсіндіру

(Ұ) 4-тапсырма Математикалық диктант:

Үш топ бірдей жазамыз, қай топ бірінші мәнін табады, сол топ айтады.

  • 60 санына 2 мен 3 сандарының көбейтіндісін қос; (60+2*3=66)
  • 48 санынан 4 пен 2 сандарының көбейтіндісін азайт; (48-4*2=40)
  • 6 мен 2 сандырының көбейтіндісін 3- ке бөл; (6*2/3=4)
  • 100-ден 2 мен 10 сандарының көбейтіндісін азайт; (100-2*10=80);

(Ұ) Есепті оқы, топта талқыла, шығырылу жолын түсіндір. Сұрақтарға жауап бер.

Барлығы қанша билет?

Бірінші күні неше билет сатылды

Екінші күні ше?

Үшінші күнді қалай табамыз?

Цирк кассасында үш күнде 480 билет сатылды. Бірінші күні 120 билет, екінші күні 140 билет сатылды. Үшінші күні неше билет сатылды?

І-күні-120 билет

ІІ-күні-140 480 билет

ІІІ-күні-?

480-(120+140)=220

Өздік жұмыс

(Ж) Ойын «Жоғалған сандар»

327 *38 5*3 97*

+ + - -

*** 75* 21* **3

788 889 311  151

) Логикалық тапсырма

 Бұтақта 6 құс қонып отыр еді. 2 құс осы ағаштың келесі бұтағына орын ауыстырды. Ағашта неше құс қалды? (6)

 Шешесі балаларына 10 кәмпитті бөліп, қыздарына 3-тен, ұлдарына 2-ден берді. Қыздар неше, ұлдар нешеу? (2-ұл, 2-қыз)

 Бұтақ ішінде 36 құлақ қылтиып тұр. Онда қояндар жасырынған. Бұтақ ішіндегі қояндар қанша? (18 қоян)

Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі карточка таратады, оқушылар жалғасын жазады:

Не білдің?

Не үйрендің?

Нені білу керек

Кері байланыс алып, сабақты аяқтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу