Климат және ауа райы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
2 -сабақ. Разрядтық қосылғыштардың қосындысы
Тақырыбы: Климат және ауа райы
Оқу мақсаттары3.5.2.1. Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану.
3.1.1.3. Үштаңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктеу.
3.2.2.1. Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.
Сабаққа қажетті ресурстар:
Жер көлемі аймағындағы жыл сайын болатын ерекшеліктер – бұл климат, немесе ауа райының тәртібі. Климат ауа райына қарағанда тұрақты. Белгілі бір елді мекенге оны бірақ рет суреттейді, ал ауа райы күнде өзгереді. Ауа райы — бұл климаттың белгілі бір күнге немесе мезгілге арналған болжамы.
Яғни климат – бұл қалыпты жағдай. Климаттық нормадан ауа райының ауытқуы климаттың өзгерісі ретінде қарала алмайды, мысалы өте суық қыс климаттың сууын айтпайды. Климаттың өзгеріске ұшырауын он жыл көлемінде бақылап, атмосфера өзгерісін байқаған жағдайда ғана айта алады.
Өзектендіру.
Мұғалім тексеру үшін математикалық диктант жазуды ұсынады.
Жаз және мына сандарды оқы:
2 жүздік 8 ондық 3 бірлік
5 жүздік 0 ондық 1 бірлік
4 жүздік 6 ондық 0 бірлік
7 жүздік 0 ондық 0 бірлік
Ары қарай оқулықтағы 1-тапсырма орындалады. Оқушылар тек ондық, бірлік не бірлік жетіспейтін үш таңбалы сандарды жазып алады және берілген ауа райы құбылыстарының қайсысы жауын-шашынға жататынын біледі. Олар кезекпен үш таңбалы санның разрядтық құрамын атайды. Тапсырма өткен сабақтың материалын қайталауға көмектеседі және жаңа сабақты қабылдауға дайындайды.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.
Оқушыларға тәжірибелік жұмыс ұсынылады. Оқушылар жүздікті үлкен шаршымен, ондықты кіші шаршымен белгілеп, жүздің ішінде неше ондық болса, сонша шаршы салып, жабыстырады.
Оқулықтағы 2-тапсырманы қарауды ұсынады.Оқушылар ұсынылған сан аталған ауданның қай разрядты бірліктен тұратынын, қандай разрядты қосылғыштарға бөлуге болатынын түсіндіреді. Оқушылар үш таңбалы санның графикалық моделін құрастыра білуді үйренуі тиіс. Бірақ жүздіктердің моделін құрастыру қиындық туғызады, өйткені 100 текшенің суретін немесе торкөзді салу қиын және дәптерде көп орын алады. Сондықтан білім алушыларға жүздік, ондық және бірлікті шартты белгілермен ауыстыруды ұсыну: жүздік – көк шаршы, ондық – қызыл үшбұрыш, бірлік– кішкене жасыл дөңгелек. Иллюстрация бойынша 325 санының моделі қалай құрастырылғанын, қандай белгілер және оның неше рет қолданылғанын түсіндіруді сұрау. Осыдан кейін топпен 305, 600, 990, 1000 үш таңбалы сандарының моделін құрастыруды ұсыну.. Топқа жұмыстарын аяқтаған соң, басқа топпен жауаптарын салыстырып тексеруді ұсыну.
Саралау. Қабілеті жоғары білім алушылар ламинатталған парақтарға модельдердің суретін салады
«Смайликтер» арқылы бағалау
Жаңаны ашу.
Сұрақтарға жауап беретіндей, жұмыс жоспарын құрыңыз:
Сандық разряд деген не?
Разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу деген нені білдіреді?
Разрядты қосылғыштардың санын қалай анықтауға болады?
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Мұғалім оқулықтағы 3-тапсырманы бір-біріне түсіндіру арқылы жұппен орындауды ұсынады.Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, тренажер.
Өздік жұмыс
4-тапсырманы дәптерде орындауды ұсыныңыз.
Балалар тапсырманы дәптерде бағалау критерийлерімен орындайды.
Мен:
-сандарды жаза аламын;
-санды разрядты қосылғыштардың қосындысына бөле аламын;
-санның үлгісін құрай аламын.
(Т)«Әткеншек» әдісі
1. Тура теңдік пен теңсіздік шығу үшін қандай сандарды қою керек?
48. . . < 489 305 < 3. . . 5 185 =…8 . . .
451 > 4 … 9... 6 > 960 218 < 2 …
2. Сандарды салыстыр:
899 + 1 * 901 –1 367 – 60 * 367 – 7
100 – 1 * 999 489 – 400 * 589 – 500
Оқулықтан 5, 6, 7 және 8- тапсырмаларды және дәптердегі 10-12-тапсырманы орындауды ұсынуІздестіру тапсырмасы үш таңбалы санның разрядтық құрамы туралы білімін бекітуге көмектеседі. Тапсырманы топта орындайды және топ шешімін дәлелдейді
Рефлексия.
Бүгінгі сабақта мен мынаны түсіндім, мынаны білдім, мынаны ажыраттым...;
«… өзімді мақтан тұтамын»;
«Маған әсіресе… ұнады»;
«Бүгін мен… жасай алдым».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?