Тонна - масса бірлігі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Көбейту және бөлу
№-24сабақ
Тақырыбы: Тонна - масса бірлігі
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру.
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер, белгі карточкалары.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:
Тонна («т» деп белгіленеді) – массаның өлшем бірлігі, ол 10 центнерге немесе 1 000 килограмға тең.
Үлкен жүктерді өлшеу кезінде масса бірліктерінің ірісі килограмм, центнер немесе тонна қолданылады.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Сабақты ұжымдық жұмыс түрінде «Дұрыс, дұрыс емес» ойынын жүргізуден бастаңыз. Алдымен оқушыларға белгі карточкаларын таратып беріңіз. Қызыл-«жоқ», жасыл-«дұрыс», сары-«білмеймін» дегенді білдіреді. Оқушылар интербелсенді тақтада көрсетілген суреттің массасын дұрыс деп есептесе жасыл белгі, дұрыс емес деп есептесе қызыл белгі, ал егер нақты білмеймін деп есептесе сары белгіні көтереді. Оқушыларға көрсетілген суреттердің массасын қандай бірліктерімен өлшеген ыңғайлы екенін сұрау.
Оқушылардың болжауын тыңдау. Үлкен жүктерді өлшеу үшін массаның ірі өлшем бірлігі – тоннаны қолданатынын хабарлау. Көрнекі жерге масса өлшем бірлігінің ара қатынасы жазылған плакатты іліп қойыңыз.
Есіңе сақта!
1 т = 10 ц = 1000 кг
Жауабы:
1 стакан балмұздақтың массасы: 100 г.
1 қалта ұнның массасы: 2 г.
1 шелек шиенің массасы: 10 кг
Қоянның массасы: 400 кг.
Сиырдың массасы: 200 кг.
Пілдің массасы: 60 кг.
Көк киттің массасы: 145 т
(Т.Ж) Тапсырманы топпен ұйымдастырыңыз. Әр топқа тапсырма жазылған А3 форматтағы флипчарттарды таратып беріңіз. 3 топқа массаның әр түрлі өлшем бірліктеріне өрнектеу тапсырылады. Оқушыларға тапсырманы орындау барысында массаның өлшем бірліктерінің қатынасының кестесін пайдалануды ұсыныңыз. Тапсырманы тексеру үшін топтарға дұрыс жауабы бар шаблонды ұсыну. Тексеріп болған соң көңіл-күйді білдіретін смайликтер арқылы бағалау.
Жауабы:
1-топ. Килограммен өрнекте.
5 ц = 500 кг; 4 ц 32 кг=432кг; 18 ц 7 кг=1807 кг; 4 т 15 кг=4015 кг; 25000 г = 25 кг.
2-топ. Центнермен өрнекте.
800 кг=8 ц; 1600 кг= 16ц; 36 т= 360ц; 9000 кг = 90ц.
3-топ. Тоннамен өрнекте.
7000 кг = 7 т; 4000 ц= 40 т; 50000 кг 50 ; 30 ц = 3 т.
(Т.Ж) Оқушыларға «жас эколог» болуды ұсыныңыз. Оқушыларға қағаз қалдықтарын жинаудың пайдасын талдатыңыз. Сол арқылы оқушыларды экологиялық сауаттылыққа және белсенді өмір позициясын ұстауға тәрбиелеу. Одан кейін есепті массаның өлшем бірліктерінің кестесін тірек ете отырып, шығаруды ұсыну.
«Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.с.с сөздермен бағалау жүргізу.
Жауабы:
1 кг = 25 дәптер
1 ц = 2500 дәптер
1т = 25000 дәптер
«Ойлан. Жұптас. Талқыла»
(Ж.Ж) Оқушылар жұптаса отырып, тапсырманы ламинатталған парақта орындайды. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар бірнеше амалдан тұратын еепті шығару дағдысы бекиді және масса бірліктері арасындағы қатынасты қайталайды. Алдымен оқушылардың есептің берілуін түсініп оқуын ұйымдастырыңыз. Белгісіз бен қойылатын сұраққа назар аудартыңыз. Содан кейін қысқаша жазбасын немесе шартын құру керек екенін айтыңыз. Есепті шешу жолдарын талқылаңыз. Тексеріп болған соң көңіл-күйді білдіретін смайликтер арқылы бағалау.
Жауабы:
І жер телімінен – 860 кг
ІІ жер телімінен - ?, 2 есе артық 4 т
ІІІ жер телімінен - ? кг
Ш: 1) 860 • 2 = 1720 кг 2) 4000 – (860 + 1720) = 1420 кг
Ж: Үшінші жер телімінен 1420 килограмм картоп жиналды.
(Ө.Ж) Тапсырманы жекеше орындауды ұсыныңыз. Алдын ала дайындалған кеспе қағаздағы тапсырмаларды оқушыларға тарату. Оқушылар атаулы саандармен берілген мысалдарды дәптерлеріне рәсімдеп, жауабын жазады. Қиындық тудырса, қабілеті жоғары оқушылардың көмек беруін ұйымдастырыңыз.
Жауабы:
2 т + 5 т = … т 2 500 кг + 1 500 кг = … т
10 ц + 25 ц = … кг 3 ц – 200 кг = … кг
1 700 г + 5 300 г = ... кг 5 т – 40 ц = ... т
«Жұлдызша» арқылы бағалау
Кері байланыс
«Серпілген доп» әдісі тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін оқушылардың арасында төмендегідей сұрақтарға жауап алыңыз.
- Массаның қандай жаңа өлшем бірлігімен таныстың?
- Массаның ең ұсақ бірлігін ата.
- Массаның ең ірі ұсақ өлшем бірлігін ата.
- 1 тоннада қанша кг, ц бар?
- Масса өлшем бірліктері бізге не үшін керек?
«Жетістік баспалдағы» арқылы оқушылар өздернің қай деңгейде тұрғанын білдіру үшін стикерлер жапсыруды ұсыныңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?